400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электрондық оқулық

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және

керісінше қайта сап құру.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.

«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.

«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.

Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.

Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».

Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.







Сабақтың тақырыбы: АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ

Атыс дайындығы атыс міндеттерін нөтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке кұрамды түрлі жағдайларында өз каруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.

Алғашңы өскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынадай бөлімдерді камтиды: атыс негіздері; қарудың материалдык бөлігі; атыстың төсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау жөне аракашьщтықты аньщтау.

Атыс негіздерінде атыс құбылыстары, сондай-ак октың ауада ұшу заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру жөне карсыласты ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу үшін кажет.

Қарудың материалдық бөлігінде карудың құрылысы мен тағайындалуы, үрыстық касиеті оқытылып-үйретіледі. Ңаруды колдану, түрлі жағдайлардағы атыс кезінде қарудың кідіріссіз жұмыс істеуін камтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.

Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, ауа райы, жыл мезгілі мен төуліктщ кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса кез адцында пайда болған немесе козғалмайтын нысаналарды дөл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.

Қол гранаттарын лақтыруға үйрету үрыс барысында туындаган кез келген жағдайда жақын қашыктықтағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі орындардан қол гранат-тарын лақтыра білу максатына арналған.

Үрыстағы бақылау мен арақашықтықты анықтауға үйрету карсыласты бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашықтықты дәл анықтай алу, көздеу мен көздеу нүктелерін дұрыс таңдау, сондай-ак қыска уақыт ішінде атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын қалып-тастыру үшін өткізіледі.

§ 1. Атыс негіздері

Атыс құбылыстары. Ату — дөрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың (снарядтардың, гранаттардың) шығуы.

Ату өте аз уакыт ішінде жүзеге асады (0,001—0,06 с). Патрон капсюлінің күш түсетін кұрамына сокқыдан дөрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда болады. Дөрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан қозғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдьщпен ұңғы арнасынан қозғалады да, ұңғы арнасының осі бойымен сыртқа шығарылады. Ок соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын жөне күшті толқын жасайды.

Үңғы ішіндегі кертік бұранда сиякты орындала-тындықтан, оқ ұңғымен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.

Атыс кезіндегі 4 кезеңді төмендегідей графикалық түрде көрсетуге болады (28-сурет).


Оқтың (снарядтың) ұшу жолы

Бастапқы кезең дөрілі зарядтың жана бастауынан оқ кабыньщ ұнғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы кезеңде үщы арнасында оқты орнынан қозғайтындай және

28-сурет. Ату кезеңдері: р0 — соғыста өтудің кысымы; ра — газдьщ ең жоғарғы (максимал) қысымы; рь жөне ик — дөрінің толык жануы кезіндегі газ кысымы мен октың козғалыс жылдамдығы; р жөне v — октың ұңғы арнасынан шыккан кезіндегі газ қысымы мен оқтың козғалыс жылдамдығы; УМ — оқ козғалысының ең жоғарғы (максималды) жылдамдығы; ратм — атмосфералык кысымға тең кысым

172

оны ұңғы кертігінде оның қабығының кедергі жасауын болдырмашъшдай 2500—5000 Н/см2 (250—500 кг-с/см2) кысым пайда болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтьщ қозғала бастауынан дөріш. зарядтьщ толық жануына дейін созылады.

Бұл кезеңнің басында, оқтың 4—6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік (ок түбі мен оқсауыт түбінің аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едөуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғарғы қысым), атап айтқанда, 1943 жылы үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы — 27450 Н/см2 (2800 кг-с/см2). Сосын оқ қозғалысының үлкен жылдамдығы өсерінен оқ артындағы кеңістік көлемі жаңа газдар ағынына қарағанда тез еседі, ал қысымы төмендейді.

Екінші кезең — дөрілі зарядтың толык жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі токтаса да, қатты қысылған жөне қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, әр түрлі үлгідегі карудьщ үщы аузында ол 3000—9000 Н/см2 (300—900 кг-с/см2-ге) жетеді.

Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең — ұңғы арнасына оқтың шығуы сөтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сөтіне дейін созылады. Үңғы арнасынан шығатын дөрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондык сантиметр бойына оққа өсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі дөрітгі газ қысымы ауа кедергісімен теңеспейінше өсе береді. Одан өрі оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді жөне ол белгілі дөрежеде оның бастапқы жылдамдығына байланысты болады.

Оқтың бастапқы жылдамдығы — оқ ұңғы арнасынан шыкканнан кейінгі оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы больш табылады. Ол УО таңбасымен белгіленіп, м/с-мен өлшенеді.

Оқтың бастапқы жылдамдығы қарудың маңызды үрыстык касиетінің бірі болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы оқтьщ алысқа үшу кашьщтығын арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.

Октың бастапқы жылдамдығының шамасы үңғының ұзындығына, оқтың салмағьша, дәрілі зарядтың салмағы мен баска факторларына байланысты. Үңғы ұзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа ұзағырақ өсер етеді және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады. Үңғының түрақты ұзындығы мен дөрілі зарядтың тұрақты салмағына байланысты ок салмағы аз болған сайын, бастаіщы жылдамдьщ тезірек артады.

Қарудың серпуі (кері соғуы). Үңғы арнасында газ кысымы барлық жақка бірдей әсер ететін болғандьщтан, ату кезінде ол окты алға жылжытьш кана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде карудьщ артқа қозғалуы — серпу (кері серпу) деп аталады. Атыс қаруының серпуі иьщқа, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату каруы серпуінің күші, әдетте, 2 кг-нан артпайды да, ол атушыға ауырт-палықсыз өсер етеді.

Ок серпуді тудыратын дөрілі газдың қысым күші мен серпу кедергісінің күші бір тік осьте орналаспаған жөне қарама-карсы жақтарға бағытталған. Олар карудың ауыз бөлігшщ жоғары жаққа ауытқуының өсер ететін күштер жүбын түзеді (29-сурет). Ауытқу көбірек болған сайын күштер жұбының иьщка тебуі де үлкен болады. Оның нөтижесінде, ок ұңғы арнасынан атуға дейін берілгені бойынша үңғы арнасының осі бағытымен емес, одан атылған сәттегі ұңғының арнасының осі орналаскан бағытпен үшады. Атуға дейінгі үңғы арнасы осі бағытында жөне ұңғы арнасынан оқтың үшу сәтіндегі бағыты бойынша түзілген бүрыш — ушу бурышы деп аталады. Бүл бұрыштың көлемі нақты мәнге ие және аткыштың даярлығына байланысты болады. Үшу бұрышын тұракты көлемде сактау үшін, атқыш даярланудың барлык элементтерін түгел орындау керек.

Оқтың ауада ұшуы. Бұрандалы кертігі бар ұңғы арнасынан аткан кезде дөрілі газдар оққа тек қана үшу қозғалысын емес, айналдыру қозғалысын да береді? Мұнда оған екі күш өсер етеді: ауырлық күші және ауаның


қарсылык, күші. Ауырлык күші оқты лактыру сызығынан бірте-бірте көбірек ауытқыта береді. Ауаның карсылык, күші оқ козғалысын бәсеңдете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жағына қарай ауытқы-тады. Осы екі күштің әсерінен ок ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес (лактыру бұрышы) лактыру сызығынан төмен орналасқан кисык сызық бойымен ұшады (30-сурет).

Ауада үшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипат-тайтын көлбеу сызыктраектория деп аталады.

Үшу кезінде оқтың лактыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына қарай ауытқуыдеривация деп аталады.


Траектория элементтері. Ок (гранат) траекториясын зерделеу үшін төмендегі анықтамалар қабылданған (31, 32, 33-суреттер):

/







Калашников автоматы мен пулеметі. Автоматты бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:

1. Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.

Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.

2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

3. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.

4. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу.

Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады.

Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

5. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.

6. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайда.Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалы бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.

7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады.

8. Сүмбіні қосу.

9. Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.

10. Оқ жатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

Автоматты (пулеметті) құндағынан ұстап, көздеуіштің қыспа құрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп, көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін айналдыра отырып, оны бекіту керек.

Үйге тапсырма: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау тақырыбын оқып келу.





Сабақтың тақырыбы: Биологиялық қару. 
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. 
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді. 
Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді. 
БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін: 
Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба); 
Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары; 
өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар. 
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды. 
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген. 
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді–дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды.1940-1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ-дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. БҚ-дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды. Оларға жататындар: 
Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді. 
Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті. 
Риккетсиялар - көлемі үлкен емес 0,4 – 1мкм-ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т.б. аурулардың себебі болып табылады. 
Саңырауқұлақтар - дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. 
Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады. 
Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін. 
Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады. 
Жұкпа таратпау жөне жою үшін карантин жөне обсервация деп аталатын арнайы изоляциялык-шектеулік іс-шаралар кешені жүргізіледі. Ошак ішінде, сонымен бірге оның шектерінде жұқпа таралуының алдын алуға жөне пайда болған зақым ошағын жоюға бағытталған індетке қарсы, санитарлык-гигиеналық, емдеу жөне өкімшілік-шаруашылыктық іс-шаралар кешені карантиндеп аталады. Қарсыластың бактериологиялык кару қолданғалы отырғаны туралы болжам болған кезде дереу карантин жасалады да, қоздырғыш түрі аныкталғанша созылады, ал егер АҚЖ (аса қауіпті жұкпа) туындаса, онда карантин жалғаса береді. 
Карантин төмендегідей режімдік іс-шаралардың жүргізілуін талап етеді: закым ошағын қоршау (күзету), алдын ала дезинфекция жасамай мүлікті тасуға, адамдарды кіргізіп-шығаруға тыйым салу. Ошақтарда мектеп, клуб, кинотеатрлар жөне тұрмыстық қызмет көрсетудің ұсақ мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады. Жұмыстарын тоқтатуға болмайтын көсілорындар мен мекемелерде ауруларды дер кезінде анықтап, оларды окпіаулау, зауыт, цех аумағын залалсыздандыру, санитариялык өңдеу, шұғыл (профилактика) сактандыру жөне т.б. жүргізуді қамтитын жұмыстың індетке карсы режімі белгіленеді. 
Егер қарсыластың АҚЖ коздырғыштарын қолдан-бағаны дөлелденсе, онда сыртқы ортаны дезинфек-циялағаннан кейін, карантин обсервациямен ауыс-тырылады. 
Обсервация карантин зонасына іргелес жаткан аудан-дарда, сондай-ақ карантин зонасынан шығуға мұқтаж адамдарға бакылау жасау мақсатында ұйымдастырылады. 
Обсервация кезінде режімдік іс-шаралар катаң жүргізіл-мейді; емдік-сақтандыру жөне қоғамдык тамақтану мекемелерінен басқа барлык көсіпорындар дезинфекция мен санитариялық өңдеуден кейін қалыпты қызметтеріне кіріседі. 
Белгілі бір жұкпаға тән көбею кезеңі біткеннен кейін ғана карантин немесе обсервация токтатылады, ол соңғы ауруды оқшалау жөне ошакты дезинфекциялык өңдеуді аяқтау уакытынан бастап есептеледі. 
Ошакка кірер алдында командир міндетті түрде санитариялык пост мүшелерінде жеке корғаныш күрал-дары, табельдік мүліктін болуы мен дүрыстығын тексереді. 
СП негізгі міндеттері — биологиялык барлауға қатысу және халыкка эпидемиялық бақылау жасау. Жеке құрам нақты бір үйлерге, цехтарға бекітіледі және объектінің санитариялық жағдайына түрақты бақылау жасауға катысады. СП мүшелері аулалар мен пөтерлерге тексеру жасау арқылы ауруларды анықтап, ол туралы медицина кызметкерлеріне хабарлайды. Жергілікті халықтың шұғыл сақтандыру (дөрігер белгіленген емдік препараттар) және арнайы сақтандыру жүргізуін бақылау дезинфекция, су, азық-түлікті залалсыздандыру және санитариялык өңдеу жүргізу бойынша нұсқаулар береді, сактандыру байқау жөне егу жүмыстарын жүргізуге көмектеседі. СП мүше-лерінде шешпей-ак дезинфекция жасауға болатын қорғаныштык киім (жеке қорғаныштың табельдік күрал-дары немесе обаға карсы костюм) болуы керек. 
СП мүшелері қорытынды дезинфекция жүргізетін дезинфекция бригадасы күрамында, көшіру тобында көмекші қызметші ретінде жүмыс жасайды; олар обаға қарсы немесе химияға қарсы костюмдер киюі тиіс. Ауруды көшіру үшін санитариялык көлік арнайы бөлінеді. Пөтерден алып шығар алдында ауруда жөтел белгілері болса, оған макта-дөке таңғышын кигізеді, зембілге жатқызады жөне жаймамен жабады, аяқкиімді лизолдың 5 пайыздық ерітіндісімен сүртеді. Бір машинада диагноз-дары бірдей ауруларды тасуға рұксат етіледі. Диагноз анықталған аурулар мен ауруы күдікті адамдарды бөлек тасиды. Ауруды алып шыкканнан соң СП мүшелері аяккиім мен қолғап киген қолдарын дезинфекциялайды, бүркеме мен халаттарын ауыстырады жөне ауысым аякталғаннан кейін толық санитариялық өңдеуден өтеді. Түсіру-тиеу жұмыс-тарына жүргізуші қатыспайды, ол есік-терезелері жабылған кабинада отырады, ауруды жеткізіп тастағаннан кейін автомобиль арнайы алаңқайда залалсыздандырылады. 
СП мүшелері инфекциялық стационарлардағы жұмыс кезінде кіттті медициналык персонал ретінде пайдаланылады. Қабылдау-сұрыптау бөлімінде олар ауруларды тіркейді, шешіндіреді, ішінара санитариялық өңдеу жүргізеді. 
Міндеттерді орындау барысында СП мүшелері үлкен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізеді (жұқпа ауруханаларынан сақтандыру шараларын түсіндіру, жеке гигиена ережелерін насихаттау). 
Санитарлық дружиналар (постылар) жұщіа ауруларын анықтауға, шұғыл және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізуге, ауруларды ауруханаға жатқызуға жөне орын ауыстыру, дезинфекциялау іс-шараларына катысады. 
Жұқпалы аурулар ошағында ауруларды дер кезінде анықтау жөне окшаулау, сондай-ақ барлық жергілдікті халықты тольщ қамти отырып сақтандыру шараларын шұғыл қолдану жұқпаның таралуын шектейді. Осы мақсатта ошақта түратын жөне өндірісте жұмыс істемейтін адамдарға аулалық тексеру жүргізіледі. 
Ошақта СД жұмыс істеуі үшін санитариялық семкенің табельдік мүлкі кұрамында: термометр — 5 дана; макта-дөке таңғыштары, шұғыл профилактика үшін таблеткалар жөне есеп карточкалары — бекітілген халык санына сөйкес; бір төулікке; мақта дөке тампоны — 10 дана; ауру туралы хабарлама 20 дана, құрғақ дезинфекциялаушы ерітінділер: өлшенетін хлораліш — 30 г-нан, лизол — 50 г-нан, қағаз, кнопкалар, қарындаштар, бор, жабысқақ пластырь. Көп қабатты үйлерде әр буын пөтерлерді подъезд бойынша тексереді. Буын командирі пәтерлерді бөліл береді де, өзі кірер есіғінде калады, оның жанында 5%-дьщ лизол ерітіндісі бар канистра, гидропульт немесе автомакс, 70%-дык спирті бар ыдыс, қорғаныш бүркемелері үшін клеенка қабы болады. СД-ның алғашқы және кайта тексеруі учаскідегі негізгі кірер есіктері мен өтпелерді дезин-фекцияланған соң жүргізіледі. Тексеру кезінде жеке құралдарын не обаға қарсы костюм киеді. 
Тексеру кезінде СД мүшелері жергілікті тұрғындардың накты кұрамын анықтайды, ата-анасыз қалған балалардың  барлығын біледі, температураны өлшеу мен ауызша сұрау арқылы ауруларды аныктайды, тұрғындарды шұғыл сактандыру есеп карточкасын, температура қағазын толтыруға, ағымдаіы дезинфекция жөне ауру болған кезде күту ережелеріне, ауру пайда болған кезде жөне көшеде, үйде өзін ұстау режіміне үйретеді. 
Қайта тексеру белгіленген шаралардын орындалуын тексеру жөне ауырғавдарды аныктау мақсатында жүргізі-леді. Ауырғандығы анықталған жағдайда СД жүкпа ауруларының негізгі белгі беруші — сұрыптау белгілеріне: бас ауыруы, калтырау, ысу, өлсіздік, көрудің бұзылуы, іш өту, құсу, сондай-ак тексеру кезінде байкалған бет түсінің өзгеруі, денедегі бөртпе, тамыр соғысының жиілеуі, тілдегі өңездер жөне т. б. сүйенеді. СД анықталған ауруды пөтер мүмкіншілігімен пайда-лана отырып, уақытша оқшаулау үшін шаралар жүргізеді (бөлек бөлме немесе перде немесе жаймамен окшауланған бұрыш). Ауруға жеке төсек, сүлгі, ыдыс-аяк беріп, оларды жиі-жиі залалсыздандырып отырады. Аурулармен катынаста болған адамдардың ауыз шырышты қуысын екі пайыз сода ерітіндісімен 1 пайыз сутегі аскын тотығымен немесе калий перманганатының өлсізерітшдасіменемдейді. Бөлмедегі шыбындар мен баска да жөндіктерді жояды. Аурудьщ бөлінісін (қакырығын) аузы тығыз жабылатын ыдысқа жинайды, үстіне хлораминнің 3 пайыз ерітіндісі немесе хлорлы ізбестің 20 пайыздық ерітіндісін құяды. Дезішфекциялау кұралдарын қолдана отырьт, бөлме ішіне ылғалды тазалық жұмысын жүргізеді. Аурумен карым-қатынасқа түскен бір пөтерде тұрушы адамдарға жұмысқа шығуға, баска пөтерлерге баруға тыйым салынады, пөтердің есігіне "Кіруге тыйым салынады, жұкпалы ауру!" деп жазылады. Тексеру кезіндеСД жұмысыньщ індетке карсы режімін катаң сактауы тиіс. Егер жұқпалы ауру анықталса немесе ауьфу күдігі туса, онда сандружина мүшесіарнайы киімді ауыстырып немесе оны дезинфекциялап, басқа Іютерге кіруіне болады. Сандружина мүшесінің баяндауы бойынша, буын командирі ауру туралы хабарламаны толтырады, ал оны содан кейін СД командиріне жөне диспетчер пунктіне, ал аурудын пөтеріне учаскелік бригада дөрігерін жібереді. Тұрғындардьщ індетке қарсы режім ережелерін орындауынбақылауды КСК белгіленген санитариялық өкілетті адамдар жүзеге асырады, қайталап тексеруді СД төулігіне 2 рет жүргізеді. Ауруды ауруханаға орналастырғаннан кейін онымен қатынаста болған барлық адамды дереу толык санитария-лық өңдеуге жібереді, осыдан кейін олар үй обсервация-сында немесе арнайы оқшаулауда болады, оларды бақылау медбикеге немесе СД мүшесіне жүктеледі. Пөтерлердін кірер есіктерінде тұрғындардын аты-жөні, тегі жазылған температура парактары ілінеді, оған күніне 2 рет температура өзгерісінің нөтижелері жазылады. Шаруашылық объектілерінде ауруларды анықтауды СП жеке құрамы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығы туралы ауызша сұрау жөне жүмыс күшнің (ауысымының) басы мен аяғында 3 рет дене температура-сын өлшеу жолымен жөне нашар көңіл күйге шағымдану болған кезде жүргізеді. Нөтижелер арнайы журналға жазылады. 
Биологиялық зақым ошактарында жүргізілетін бірінші кезектегі іс-шаралар катарына дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастьфу жатады. 
Дезинфекция дегеніміз — сыртқы ортаның өр түрлі субстраттары мен өр түрлі объектілерінде жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою қүралдары мен төсілдері. "Дезин-фекция" түсінігі үш бөлімді біріктіреді; дезинфекция — залалсыздандыру, дезинсекция — жұқпалы ауруларды тасушы, буынаяқтыларды (жөндіктерді) жою жөне дератизация—бірқатар аурулардың коздырғыш көздері— кеміргіштерді жою. 
Залалсыздандыру мақсатына байланысты: алдын алу, ағымдағы, корытынды (ағымдағы жөне корытынды дезинфекция эпидемиялық ошақта жүргізіледі) болып бөлінеді. Алдьш алу дезинфекциясы қоғамдык орындарда: асхана, монша, кір жуу, вокзал, шаштаразда жөне т.б жерлерді жүйелі түрде залалсыздандыру жолымен жергілікті жерлерді сауыктыру жөне жүқпалы ауру-лардың пайда болу немесе таралуының, олардың бар-жоқтьиына карамай, алдын алу мақсатында жүргізіледі. 



Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтықтар ұңғы арнасының калибрі,  ұңғы арнасының оқсауытты орналастыруға арналған бөлігі оқтық, оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.

Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камерасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).

Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.

Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жеңілдететін шеңбер қиғаш бар.

Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондармен атуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуінен сақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі – пышақты қосатын тірек болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршеніне арналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келте түтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.

Қосқыш — жалғастырғыш шетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігі болады.

Ұңғы қорабы автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққыш — ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.

Ұңғы қорапшасының:

а) ішінде – бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тірулер болып табылады; бекітпе жақтауы мен бекітпенің жылжуын бағыттауға арналған бағыттаушы ойықтар мен бүгілмелер; оқсауыт шағылысуына арналған шағылдырғыштық шығыңқы; бүйірлі қабырғаларды бекіту үшін ұстатқыш; оқжатар ілгегіне арналған шығыңқы мен оқжатарды бағыттауға арналған бүйірлі қабырғалардағы бір-бірден сопақша шығыңқылар.

ә) артында үстіне қарай саңылаулар (саңылаулар бойлық қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің өкшелігіне арналған және көлденең – ұңғы қорапшасының қақпағына арналған); ұңғы қорапшасындағы дүмді бекітуге арналған саңылаулы құйрықша.

б) бүйірлі қабырғаларында – төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқыш механизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.

в) астыңғы жағында – оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналған терезелер болады.

Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.

Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.

Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде – тілімшелі серіппеге арналған ұялар және бекітпе жақтауына арналған қуыс; артқы қабырғасында – ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.

Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.

Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көздеуіш тақташадан белгіленген жағдайда ұстап тұрады.

Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.

Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).

Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.

Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған. Бекітпе жақтауында: ішінде – қайтармалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында – сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде – бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында – автоатқыш тұтқасын босатуға арналған шығыңқы және автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде – бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.

Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.

Соққышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмет етеді.

Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы және жылжымалы өзектен, жалғастырғыштан тұрады.

Бағыттаушы өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы қорабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік және ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.

Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.

Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі газ поршенінің қозғалысын бағытту үшін және атыс кезінде  қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, және темір жартышығыршақтан тұрады.

Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ камерасының келте түтігіне кигізіледі.

Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы қысқыш жалғастырғышта газ түтігінің тұйықтаушы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.

Соққыш – ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты не жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Ол ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекиді және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоағытқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.

Ұрыстық серіппесімен қоса шүріппе соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағытқыш қайырмасы, шетмойын және оське арналған тесік болады.

Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен – ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.

Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары осьі, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада  ұстауға және шүріппені ағытуға арналған.

Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде  және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен және ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңқы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық қозғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен  ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.

Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.

Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.

Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.

Сап ұстауға ыңғайлы болу үшін және сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сым қию ұшін пайдаланылады.





































Сабақтың тақырыбы: Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау
1. Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сыртқы және ішкі қоршаулары сымтемірлердің арақашықтығы: төменгі жағы – 5 сантиметрден аспайтын, жоғарғы жағы – 15 сантиметрден аспайтын, биіктігі кемінде екі метр болуы тиіс. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайларына байланысты айқындалады және 10 метр және одан көп болуы мүмкін. Қоршаулар аралығы сақшылардың қозғалысы үшін сүрлеу (жол) және қоршаудың сыртқы жағымен шекаралас жататын ені кемінде бес метр бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.
Күзетілетін объектілерге кіреберістерді қадағалауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы периметр жанында) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс, дабылдама және найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары суретке сәйкес орнатылады. Қажет болған кезде Қорғаныс министрінің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының шешімдерімен қадағалау мұнараларының параметрлері өзгертілуі мүмкін. 


















2. Ерекше маңызды объектілерде арнайы инженерлік ғимараттар салынылуы мүмкін немесе қару-жарақпен, қадағалау, көздеу приборларымен броньды объектілер мен инженерлік қоршаулар (ОБК, «сүріндірме», бағаналар, траншеялар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орнатылады.
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіреберісте күндіз және түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады, мысалы: «Өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)». Айналып өту (айналып жүру) көрсеткіштермен көрсетіледі. 
Әскери бөлімнің аумағынан тысқары орналасқан объектілер айналасында мемлекеттік жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша заңнамаға сәйкес тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары жергілікті жерде (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар жақсы көрінетін көрсеткіштермен «Тыйым салынған аймақ (аудан), өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)» деп белгіленуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) мемлекеттік жергілікті басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде хабардар етуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасына ортақ пайдаланылып жүрген жолдар, тұрғын үйлер мен қызметтік құрылыстар, өңделетін аумақтар және басқалар кірмеуі керек.
3. Жергілікті жердің жағдайына байланысты постының аумағында сақшы кемінде 50 метр жерден шолу жасаумен және оқ атумен қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан посты айналасындағы аумақ бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары биіктігі 2,5 метрге қырқылған, шөптері шабылған, шұңқырлар көмілген, төбешіктер тегістелген, артық заттары жиналған болуы тиіс. Бөгде адамдарға одан жақын жерге постыға жақындауына болмайтын арақашықтықты айқындайтын тыйым салынған шекара күндіз көрінетін сақшылармен, түнде және нашар көрінетін жағдайларда мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) белгіленеді, мысалы: «Тыйым салынған шекара. Тоқта, атады». 
Бірнеше постылары бар объектілер аумағындағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) көрсетіледі, мысалы: «№ 2 постының шекарасы».
4. Әскери қалашықтан тысқары орналасқан ерекше маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін окоптар, олардан постының (қарауыл үй-жайының) кіреберістеріне қарай оқ ата алатындай және көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Окоп қарауыл үй-жайымен байланысатын құралдармен (дабылдамамен) жабдықталады. 
5. Түнгі уақытта постыға және күзетілетін объектіге кіреберіске жарық түсірілуі тиіс. Жарық сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
6. Посты сақшының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны дереу (кемінде екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде − әрбір 250 метр жүргеннен кейін) шақыруын қамтамасыз етуі тиіс байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс. 
7. Ішкі, әсіресе Жауынгерлік Ту жанындағы постыда биіктігі 0,7-1 м қоршау және жарық түсірілуі тиіс. 
Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы тиіс.
8. Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, тікелей күзетілетін объектілердің жанында (қоймалар, сақтау орындары және басқа да объектілер) өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен мүкәммал (күректер, балталар, сүймендер, ілмектер, киіздер) болуы тиіс.
9. Сыртқы постыларда постылық киімдерді сақтау үшін арнайы жабдықталған «пост саңырауқұлағы», ал ішкі постыларда астары жылы күртешелерді (шинельдерді) ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуы тиіс.
«Пост саңырауқұлағы» күзетілетін объектінің түсіне немесе қоршаған жергілікті жердің түсіне боялады.




10. Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі нұсқаулар «Техникалық күзет құралдарын қолдану» бөлімінде жазылған.


____________________



































Сабақтың тақырыбы: ХХ - ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптернің дамуы.

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.

Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.

Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.

Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.Егер Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.

Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.



















Сабақтың тақырыбы: Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін маңызы.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқының саны мың жылдар бойы армандаған арманы жүзеге асып, ҚР мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы найзаның ұшымен, білектің күшімен туған жерді қорғауға сан түрлі соғысты бастан кешті, өзге елдің боданында болып өзге ұлттың айтқанымен жүрді. Сондықтан да бүгінгі күнгі тәуелсіздік ұғымын терең сезіне білуіміз керек.
Тәуелсіздік азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Біздің бабаларымыз ежелден солтүстігі мен оңтүстігінде екі ұлы державамен шектесетін алып аймақты мекен еткен. Ұлтты сақтау үшін қазақ хандарына икемдіде таразыланған саясат жүргізуі, алып көршілерден қолдау іздестіруге тура келді.
Кезінде тәуелсіз Қазақстан тарихының көшбастаушысы, академик М.Қ.Қозыбаев: «Қазақ халқы Ресей империясына бодан болып, 1737-1917 жылдар арасында Отанымыз – патшалы Ресей болды. 1917-1991 жылдары Отанымыз КСРО еді. Осы бір 260 жыл ішінде біз империяға атын берген халыққа тәуелді болдық. Боданшылық идеологиясына қарсы ұлт азаттық қозғалыстар қанға малынды».
Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.
Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Өткен жылдарда біздің мемлекетіміз басты мәселені бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз, дербес мемлекет құру міндетін шешті. Оның қауіпсіздігінің кепілі – 1992 жылы 7 мамырда құрылған Қарулы Күштер Ішкі істер министірлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлері мен әскери құрылымдары, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет пен Республикалық Ұлан болды. Қазақстан ұлт жанжалы жоқ, этникалық, ұлттық және діни мәселелер бейбіт жолмен шешілетін мемлекеттердің бірі. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып тұңғыш мемлекет ретінде тарихта қала отырып, БҰҰ-на мүше болды. Қырық жылға жуық уақыт адамзатқа ажал тудырып келген Семей палигоны жабылды. Өзінің мемлекеттік рәміздерін, төл теңге валютасын, азаматтығын, мемлекеттік шекарасын анықтап, Ата заңын қабылдады. Кезінде әлемге тарыдай шашыраған қазақтар өз ата жұртына орала бастады. Әлемнің көптеген елдерінде Қазақстанның өз елшілігі ашылды. Елбысымыздың тікелей бастамасымен Алматыдан астанамыз Астана қаласына көшіріліп, бүгінде әлемдегі әсем де келбетті қалалардың қатарына қосылып, бейбітшілік пен болашақтың қаласы деген атқа ие болды. Елімізде бүгінгі заман талабына сай жабдықталған өндіріс орындары ашылып, онда әлемдік стандартқа сәйкес өнім өндіріліп шетелге шығарылады. Осындай жетістіктер мен экономикалық дамуының нәтижесі Қазақстанды 2010 жылғы Еуропадағы беделді де белді ұйым ЕҚЫҰ-на төрағалыққа бекітті.

Уақыты     Оқиғалар    Зардаптары
1927-1928    Байлардың малын тәркілеу (конфискелеу)    10 000 адам елден көшіп кетті

1931-1933    Елдегі жаппай ашаршылыққа ұшырауы    2,3 млн адам қаза тапты
1930-1934    Жаппай ұжымдастырудан босқандар    615 мың адамға жуық
1937-1938    Сталиндік репрессия құрбандары    25 мың Қазақстандық
1941-1945    Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары    350 мың адам қаза тапты
1949-1989    Семей сынақ полигонында атом бомбасын сынау нәтижесінде    0,5 млн адам қаза
тауып 1,5 млн адам түрлі ауруға шалдықты
1954-1957    Тың және тыңайған жерді игеру    1млн 450 мың келімсектер келіп қазаққа жат қылықтар келді
1979-1989    Ауған соғысына Қазақстандықтардың қатысуы    22 мың адам қатысып, 900-ден астам адам қаза болды.
1986 ж    Алматыдағы қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы    50 мың жастар кері миграция ағымына ұшырады.

Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

3. Жаңа материалмен таныстыру: Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқынына, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта айтарлықтай әсер етуі, адамдарға, әскери техникаға, қару-жарақ пен құрылыстарға ядролық оқ-дәрілер зақымдау әрекетінің араластығымен сипатталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары (Поражающие факторы ядерного взрыва) — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.

Жеке құрамның аралас зақымдану кезінде соққы толқыны әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға, зиянды сәулеленуге шалдығудан пайда болған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін. Кейбір әскери қару-жарақтармен әскери техника түрлері, құрлыстар мен мүліктерді соққы толқыны әсерінен қирап, бір уақытта зиянды сәулегешалдығу арқылы жанып кетеді. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптар электромагниттік импульс және ядролық жарылыстың ионданған сәулеленуі әсерінен қатардан шығуы мүмкін, бұл нейтронды оқ-дәрілер жарылысына тең.


Аралас зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы, сәуле ауруы жаралар мен күйіктердің жазылуын қиындатады. Ол өз кезегінде, сәуле ауруын асқындатады, жұқпалы ауруларға адам ағзасының иммунитетін төмендетеді.

Зақымдауды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл болып бөлінеді. Өлтіретін мен өте ауыр адам үшін өте қауіпті, көбнесе өлімге әкеледі. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне әдетте қауіпті емес белгілі бір уақытта жеке құрамның ұрысқа қабілеттігінен айырады. Жеке құрамның соққы толқынның немесе зиянды сәулеге шалдығу әсерінен қатардан шығу жеңіл зақымдану, ал орташа зақымданудан кейін арнайы медициналық орталықтарда жатып емделуге тура келеді. Ядролық жарылыс өткенен кейін не біраз уақыт өткеннен кейін жеке құрам қабілетсіздік танытуы мүмкін, соққы толқын мен өткір сәулелену адамға бірден әсер етеді, ал өткір радиация біраз уақыттан кейін, айлар өткенен кейін ауруға шалдығудың белгілері білінуі мүмкін. Ядролық жарылыстан кейінгі зақымдану факторларының әсерінен жарақат алу қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді.

Қайтарылмайтынға медициналық көмекке дейін қаза тапқандарды, емделу мекемелерінде не емделуге жататын ауруларды санитарлық деп атайды. Ал қару-жарақ пен әскери техникалардың істен шығуы әдетте соққы толқынның әсерінен болады. Олар жеңіл және орташа бүлінуі мүмкін. Күшті зақымданғандар жөндеуге келмейді, не күрделі жөндеуді талап етсе толық зақымдану мүлдем жарамсыз болғандары. Құрлыстардағы зақымдану: әлсіз, орташа және толық болып келеді. Ядролық жарылыс кезінде үйінділер мен өрт аймағы пайда болады.


Зақымданудың координаталық заңы. Ғимараттарға ядролық жарылыс кезіндегі келтірген шығынына қарай мынандай факторлар түсіндіріледі:

  • Жарылыс орталығына (эпицентріне) қатысты нысана коорд.ның мақсатымен;

  • Оқ-дәрінің зақымдау әсері қарқындылығымен;

  • Нысананы жою шамасының деңгейімен;

  • Нысананың әлсіздігімен;

  • Жарылыс орталығына қатысты алғандағы жергілікті жер нысандарының орналасуы мен бағдарының айырмашылығымен.


Зақымданудың координаталық заңы ядролық оқ-дәрі жарылысының орталығымен салыстырғанда нысанның зақымдалу мүмкіндігінің ауырлығы оның көрсетілу орнынан төмен емес жерімен байланыстылығын көрсетеді.

Зақымдау нысандарын топтастыру. Нысан зақымдалуда ядролық соққының әсер етуі төмендегідей факторларға байланысты:

- нысанның түрі, өлшемі және жылжымалылығы;

- нысанның қарапайым зақымданудағы беріктігі;

- жарылыстың күші, түрі, саны;

- соққы кезіндегі жергілікті жердің бедері мен метеорологиялық жағдайы.

4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Аралас зақымданулар неге енгізіледі? Ядролық жарылыстан зақымдану дәрежелеріне қыысқаша сипаттама бер. Қару-жарақ пен нысандар зақымдануы туралы не айта аласыңдар?

5. Бағалау. Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Ядролық жарылыстардың әсер ету факторлары мен қиратқыштық қасиеттері туралы толық мәліметтер алу, жарылыс ортасынан бастап таралу кезіндегі болатын әрекеттер мен жағдайлар, олардан сақтану мен жою жолдарын білу.















Сабақтың тақырыбы: Ұрыстық әрекет негіздері. Ату жүйесі. Жауынгерлік ұрыстағы іс-әрекет.

Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

  • бөлімше командирі;

  • көздеуші – оператор;

  • механик – жүргізуші;

  • пулеметші;

  • гранататқыш;

  • гранататқыштың көмекшісі;

  • аға атқыш;

  • атқыш.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.

    Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.

   Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады.

Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады.

Атысты басқаруды ыңғайлы ету  үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.

Атыс маневрі дегеніміз  өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып қарсыласты жоюы қажет.

Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай – ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

    Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.
   Айналып өту — қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.

Бастамшылдық дегеніміз кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамшылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамшылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу — әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады.   







Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, ҚК мемлекеттегі орны.

ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК-сының негізделген ережелері.Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР-ның Негізгі Заңында тіркелген.ҚРК-да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады. ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді. ҚРК-да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді. ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы. ҚРК–ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды. ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады. ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілейтін саясатты жүзеге асыру құралы. Республика Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.





Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы жауынгер. Шабуылдағы жауынгер .

  1. Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайд. Оның негізгі міндеті – өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай-ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекіген бекіністі ұстап тұруы. Жауынгер қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және оның қандай қимылға бет бұратынын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше ол командир пәрменімен атыс бастаы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы керек. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік келтірсе, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді. Тізеден ату үшін оқпананы 60 см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін тереңдету керек.Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Иүнде автоматтан атыс жүргізу үшін топырақ қалқадан науа алынады, одан автомат берілген бағытта көзделуі тиіс және шектегіш-қазықшалар (ағаш мүйізшелер) – автоматтың дүмі мен құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, шым қыртыс арқылы бекітуге болады.Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20 м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні зақымдаған кейін жауынгер өз қаруын атып, танк соңынан жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машина тастап кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Қорағыснтағы жауынгер ненің құрамында қимыл жасайды?

  2. Егер оқпанаға танктер жақындаса жауынгердің іс-әрекеті қандай?

Шабуылдағы жауынгер .

  1. Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді.Жауынгер іс- әрекетінің,қимылының табысты оның шабуылға дайындығына байланысты.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ- дәрінің болуы ( қажет болса құралдар мен толықтырады): жеке қорғаныс құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді. Қараңғы уақытта атыста дәлдеу үшін оқжатарлар трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде жабдықталады. Жабдықтау қимылды өзгертпей және шу шығармай жасалуы тиіс. Егер шабуыл оқпана немесе ордан, қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады. Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, “Шабуылға дайындал!” пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып “П” не “З” көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.”Шабуылға,алға!” пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітелген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін жауынгер өз қозғалысын қарсылысқа оқ атумен үйлестіреді. Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс алаңында зақымданған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап тұру үшін, олардың жолдарына улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін байқап, ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымдалған учаскелері командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер олар орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.Ядролы жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама- қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек. Осы әдіспен соққылы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол біліктерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айырып қалмау үшін бетті мүмкідігінше тығыз жабуы керек. Соққылы толқын өткеннен кейін, дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру қажет.



Сабақтың тақырыбы: Барлау. Барлаудағы взвод .

  1. Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің түрі болып табылады, ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.

Барлау міндеттері:

  • қарсыластың жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы барлаушылардың бірінші міндетті);

  • берілген секторлар мен бақылау жолақтарында, барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;

  • қарсыласты ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, түйіспелерін, аралықтарын және оның әлсіз қорғалған учаскілерін анықтау;

  • қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін, бөлімдер мен бөлімшелерінің нөмірленуін анықтау;

  • басқару пунктерінің, байланыс топтарының, радиотехникалық құралдарының, алыс құралдарының, танк (ЖҰМ, БТР, БРДМ), артиллерия, миномет, танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты жағдайын белгілеу;

  • қорғаныс құрлыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;

  • жергілікті жер, рельефті қорғаныштың қасиеті мен сипатын, табиғи бөгеттерді, жол, көпір, су тосқауылдарының жай-күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу;

  • қарсыластың ұрыстық сапаларын зерттеу және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-жарағының жаңа үлгілерін ұстап алу.

Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир әрқашан өзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің жауынгерлік міндеттерінде орындайды.

Взводтың барлау жүргізу тәсілдері

Бақылауды взвод командирі де ,мотоатқыш взводының барлық құрамы да жүргізеді.Жер үсті және әуе қарсыластарын бақылау үшін взводта және әр бөлімсде бақылаушы жауынгер тағайындалады.ЖҰМ-нан,танкіден,айнала бақылау жүргізіледі.Бақылау секторлары бақылау аспаптарының ,атыс саңылауларының және жеке құрамның орналасуына қарай тағайындалады.Бақылау кезінде алдымен жақын жатқан жерлер,содан соң алыс шептер қаралады.Бақылаушыда карта,сағат,компас,байланыс құралы және бақылаушы журналы болуы керек.

Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шолғын бөлімі сонымен бірге осыған арнайы берілген взвод қолданады.Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл- қарсылас үшін тор іспеттес.Оған түсу оңай , шығу қиын.Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады.торуыл қарсылас қимылының ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлерде ұйымдастырылады.Орман, елді мекен шеті,қарсылас жағындағы бейіттер,көпірлерге, өткелдерге, темір жол станцияларына кіре берісте торуыл ұйымдастыру қолайсыз.Өйткені қарсылас мұндай аудандарға жақындағанда өте сақ болады,тұтқиылдан торуыл жасау мүмкіндігі азаяды.

Торуыл мақсаты – аз күштердің кенеттен атысы арқылы күші жағынан басым қарсыласты жою және тұтқынға алу,маңызды құжаттар, қару- жарақ,жабдықтар мен ұрыс техникасының үлгілерінқолға түсіру,сондай-ақ дүрбелең тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау взводы қолданады.Іздеуді жүргізуге белгілегне взвод әдетте бөгет құралдары бар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артилериялық, минаатарлық атыс тармен сүйемелденеді.Іздеу қарсылас орналасқан тереңдікте де , алдыңғы шеп алдында көбінесе түнде немесе көрінуі шектеулі жағдайларда жүзеге асырылады.Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод клмандирі электр шамымен белгі беру,баулар көмегімен,дауыстап пәрмен беру арқылы жүзеге асырылады.

Тап беру – барлау әдістерінің бірі – ол көп жағынан іздеуге ұқсас,айырмашылығы- шолғын жібереген командирдің рұқсатымен барлау шолғынының барлау жүргізу барысында жүргізіледі. 

Сабақтың тақырыбы: Танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар.

ҚР ҚК миналары,олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы 
Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу,маневрін қиындату,тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату ,өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады. 
Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердуң негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады. 
Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар , бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды. 
Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға,әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.

Минаның негізігі элементтері: 
-жарылғыш заттың заряды 
-жарылғыш 
-қозғалтқыш құрылғы 
-корпус. 


Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе нысанды қирату қуатын таратушы болып табылады. Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен нысанды қирату деңгейіне байланысты. Мысалы, ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе, танкіге қарсы миналарда ондық кг мен, ал ірі нысандарды қиратуда тоннамен есептелуі мүмкін. 
Жарылғыш минадағы жарылғыш зарядты қыздыруға арналған. Ол бір –біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады. 
Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.



Қозғалтқыш құрылғысына жататындар: 
-үстінен басу қақпағы; 
-қазықша; 
-керме сым; 
-басқару сымдары және т.б. 


Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы миналарда тірі әскерді жою қызметін атқарады. 
Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадана және басқа да материалдардан жасалады. 
Танк жүріп келе жатып минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусыфның қақпағы жарылғышқап күш салу элементі болып табылады. 
Жарылғыш заттың заряды бар ,бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталады және олар осы түрінде зауытта өндіріледі,қоймаларда сақталады және кез –келген көлікпен тасымалданады.Толық жарақталған миналар енгізілген жарылғыш – электродетонатор болады. 
Олар
жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа да жер үстіндегі жылжымалы техникасынжойып – құрту мақсатында жергілікті жерді миналауға арналған.

Танкіге қарсы миналар: 
-шынжыр табанға арналған; 
-түпастыға қарсы; 
-бортқа қарсы болып бөлінеді. 


Шынжыр табанға қарсы миналар тек қана жүріп келіп табанымен басқан кезде ғана танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратын оны тоқтатады. 
Түпастығак қарсы миналар танктің шынжыр табаны түбімен басқан кезде танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып оны тоқтатады. 
Миналар жергілікті жердің топырағына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады.Олар тікелей топырақтың бетінде немесе топыраққа көміліпорналастырылуы мүмкін. 
Танкіге қарсы миналар механика құралдарымен немесе қол күшімен орналастырылады. 
Механикалық құралдар арқылы топыраққа орннатылған миналар ұрыстық жағдайға қолмен келтіріледі. Минаны топыраққа орналастырған кезде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек.Миналарға арналған шұңқырлар өлшемі 0,6х0,6 м болады және олар қарсыла сжағынан жабылады. 
Миналар терең шұңқырларға ,сондай ақ үлкен тастар мен ағаш түбі жанына орналастыруға болмайды. Жолда танкіге қарсы миналарқатты топырақпен және жол материалдарымен бүркемеленеді.Ми батпақты жерлерде мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай немесе ағаштар төселеді. 
Қазықша жарғышы бар миналарқалың шөп,ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да 5-8 см топырақ үйіндісімен бүркемеленеді.Қазықша жарғыш үшін жер қыртысынан қиық жасалады. 
Миналарды залалсыздандыру – олар алынатын қалыпта орнатылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналарды,қақпағы,жарғыштары , корпустары зақымданған миналарды және артилериялық снарядтар жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тиыми салынады.Мұндай миналар сол орнында жарылғыш заттардың бастырма зарядтары жарылысымен жойылады. 
Инженерлік әскерлер — әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласы. Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді. Инженерлік әскерлер өз мідеттерін моторландырылған атқыштар, ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты. Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен белімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды. 

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – шығын келтіру , оның жүрісін бөгеу , айла қолдануын қиындату, артилерия, танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар , ғимараттар мен бөгеттер. Олар топырақ, ағаш, ағаш-топырақ, метал, тас, бетон, темір бетон, мұз, қардан жасалады. 
Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу әскерге,көлікке, десантқа қарсы және аралас болып бөлінеді. 
Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады: 
1.Стационарлы орлар, эскарптар, контрэскарптар, үйінділер, баррикадалар, қар үйінділері, сым темір қақпалар т.б.; 
2.Тасымалы (сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,бөренеден айқастырылып жасалған тосқауылдар,бөгет, керме ағаштар ); 
Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланысты атыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады. 
Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы ,тік бұрышты және үш бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады. 
Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар,сым ширатпалар, тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады. 
Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1,2 м дейін , ұзындығы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор кеңістік пайда болады. 
Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан, биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі.Орнатылған соң ирек цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады. 
Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады. Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға , тасты жерлерге қолданған дұрыс. Сым торлар биік және аласа қазықшаларға тартылады. 
Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде , ені 3-5 м , биіктігі 1,2 м кеңістік тор жасай орнатылады, Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м жетеді. Ұзындығы 70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1,5 м , жер бетінен биіктігі 25 см болады. Сымды қоршаулар тікенді сымның 5 орамымен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады. Күшейтілген сымды қоршаулар – екі – үш көлденең сым бекітілген , қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау . Созылмалардың арасы 105 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға бекітіледі. 
Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға , орларға,бөгеттердегі өтпелерге қолданылатын тасымалы бөгеттер ретінде қолданылад ы. 





ПМД-6М жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі мина.

Тактико-технические характеристики мины ПМД-6М

Тип мины

противопехотная фугасная нажимного действия

Корпус

дерево

Масса корпуса (без ВВ)

290 г

Масса взрывчатого вещества (тротил)

200 гр

Длина

20 см

Ширина

9 см

Высота корпуса

5 см

Размеры датчика цели (нажимная крышка)

20х9 см

Чувствительность

6-28 кг

Температурный диапазон применения

от -60 до -+60 град.



ПОЗМ-2М жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі мина.





ип мины

противопехотная осколочная
кругового поражения

Корпус

чугун

Масса корпуса (без ВВ)

1,5 кг

Масса взрывчатого вещества (тротил)

75 гр

Диаметр

6 см

Высота корпуса

13 см

Длина датчика цели (в одну сторону)

4 м

Чувствительность

1-17 кг

Радиус сплошного поражения

4 м

Температурный диапазон применения

от -60 до+60 град.











ПМН жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі мина.



Тактико-технические характеристики мины

Тип мины

противопехотная фугасная

Корпус

пластмасса

Масса

550 гр

Масса взрывчатого вещества (тротил)

200 гр

Диаметр

11 см

Высота

5,3 см

Диаметр датчика цели

10 см

Чувствительность

8-25 кг

Температурный диапазон применения

от -40 до +50 град.















МОН-50 жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі мина.



Тип мины

противопехотная осколочная управляемая направленного
поражения

Корпус

пластмасса

Масса

2,0 кг

Масса взрывчатого вещества (ПВВ-4)

700 гр

Длина корпуса

22,6 см

Высота корпуса

9 см

Толщина корпуса

6,6 см

Количество готовых убойных элементов

489-540 (шарики или ролики)

Зона поражения

  • по горизонтали - сектор 54°;

  • по вертикали - до 4 метров;

  • по дальности - 50 метров

Температурный диапазон применения

от 50 до +50 град.








Танкіге қарсы қолданылатын негізгі мина.




Установка мин серии ТМ-62 с взрывателями МВЧ-62, МВЗ-62, МВП-62М, МВП-62 или МВ-62:

а - грунт средней твердости и в рыхлый грунт; б - в твердый грунт

Тактико-технические характеристики мины

Тип мины

противогусеничная

Корпус

пластмасса

Масса

9-11 кг

Масса взрывчатого вещества

6,6-7,6 кг

Диаметр

34 см

Высота с МВ-62

12.8 см

Высота с МВШ-62

100.2 см

Диаметр датчика цели

9 см

Чувствительность

200-500 кг

Температурный диапазон применения

от -50 до +50 град.





Тақырып: Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру , оның жүрісін бөгеу , айла қолдануын қиындату,артилерия,танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар , ғимараттар мен бөгеттер.Олар топырақ,ағаш, ағаш-топырақ,метал, тас,бетон,темір бетон,мұз, қардан жасалады.

Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу әскерге,көлікке, десантқа қарсы және аралас болып бөлінеді.

Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:

1.Стационарлы(орлар, эскарптар,контрэскарптар,үйінділер, баррикадалар,қар үйінділері,сым темір қақпалар және т.б. );

2.Тасымалы(сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,бөренеден айқастырылып жасалған тосқауылдар,бөгет, керме ағаштар );

Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланыстыатыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.

Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы ,тік бұрышты және үш бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар,сым ширатпалар,тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.

Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1,2 м дейін , ұзындығы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор кеңістік пайда болады.

Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан, биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі.Орнатылған соң ирек цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады.

Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады.Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға , тасты жерлерге қолданған дұрыс.Сым торлар биік және аласа қазықшаларға тартылады.

Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде , ені 3-5 м , биіктігі 1,2 м кеңістік тор жасай орнатылады,Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м жетеді.Ұзындығы 70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1,5 м , жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Сымды қоршаулар тікенді сымның 5 орамымен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады.

Күшейтілген сымды қоршаулар – екі – үш көлденең сым бекітілген , қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау . Созылмалардың арасы 105 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға бекітіледі.

Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға , орларға,бөгеттердегі өтпелерге қолданылатын тасымалы бөгеттер ретінде қолданылады.

Жарылмайтын инженерлік бөгеттерден өту.

Қарсыластың танкке қарсы орларынан ,эскарптары мен контрэскарптарынан танктер,бронетранспортерлер мен артиллерия көпірлер не өткелдер арқылы өтеді. Өткелдер арнайы техникалар арқылы инженерлік шектеу машиналарының көмегімен бөгеттерге топырақ үйме жасау арқылы өтеді.Елді мекендердегі үйінділер негізінен бульдозерлермен не жолтөсегіштермен тазаланады.Қираған елді мекенде көшелерді тазартқан кезде өтпеге жақын жерде жартылай қираған ғимараттар қалдыруға болмайды.Оларды жарып немесе механикалық әдіспен құлатады..

                       




Проволочная сеть на высоких кольях в три ряда (19 нитей)

Переносные проволочные заграждения:
а – рогатка б – еж







Проволочные заборы































Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК қызмет ету - патриотизм мен интернационализм мектебі.

Патриотизм – азаматтардың, әсіресе жастардың өз Отанын қалтқысыз сүюі мен оны қорғауға әрқашанда дайын болуы, туған жерге деген терең перзенттік махаббат. Шынайы патриотизмді қалыптастыру – жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін - өзі нақты айқындау деген сөз. Оны мемлекет туына, елтаңбасына, әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағынуға, үкіметті сыйлауға тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала жасынан: «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Патриотизмнің адамгершілік сипаты – керек уақытта адамның өзіне «керек» деп бұйрық беріп, ауыр сын сәтінде «істей алмаймын» дегенді жеңе білуі.

Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.

Патриотизм сезімі мен Отанның жауларына деген жек көрушілік – қасиетті, жалынды, өшпейтін сезім. Қазіргі жауынгер үшін патриот болу дегеніміз - өзінің білімі мен мүмкіндігін, бар күшін ҚР ҚК-нің жауынгерлік қуатын нығайтуға жұмсау мен қашан да оны қорғауға дайын болу.

Жауынгердің патриотизмі, сонымен қатар оның өз бөліміне деген сүіспеншілігінен, бөлімінің жауынгерлік туына адалдығынан, оларды ұрыста табандылықпен қорғауға дайындығынан, халықтың, жауынгерлік дәстүрлеріне адалдығынан, өздерінің күнделікті еңбегі мен даңқты ерліктері арқылы біздің қаруымыздың жауынгерлік даңқын арттырудан көрінеді.

Әрбір жауынгердің патриоттық және интернационалдық міндеті, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі – бөлімшелерді жауынгерлік дайындықта, жоғары деңгейде ұстау, жауынгерлік шеберлігін жетілдіру, тәртіп пен реттілікті нығайту болып табылады.

Тек қана нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті.

Кейде кейбір жауынгерлердің, әдейі, немесе еріксіз интернационализмге жат идеяларды насихаттайтын жағдайлар да кездесіп жатады. Ол әскери қызметшілер арасында жарғыға жат қарым – қатынастар туғызады. Адамның дене немесе моральдық жағынан кемсітілуінің өзі адамгершілікке жат, ал егер ол ұлттық сезімді қозғаса, оның қиратушы күші бірнеше өседі. Сондықтан ұлттық артықшылыққа байланысты талаптарға кез келген ұжымда жол берілмеуі және әшекерленуі тиіс.

Патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері мыналар болып саналады:

  • жауынгерлерді идеялық сеніммен, тәрбие жұмыстарымен саяси саналыққа тәрбиелеу;

  • қоғамдық – гуманитарлық жүйесі жеке құрамның жауынгерлік оқуын іске асыру;

  • жауынгерлерді патритизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру;

  • республика аумағында, ТМД мемлекеттерінде тұратын барлық халықтардың достығын насихаттау;

  • азаматтар мен жауынгерлерді республиканың Қарулы Күштері, халықтың еңбек және жауынгерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу;

  • жеке қасиеттерін жетілдіру, өзін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;

  • әскери мәселеге, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты республикада қабылданған заң ережелері мен талаптарын білу;

Сөйтіп әскери патриоттық тәрбие дегеніміз:

  • адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • өзінің азаматтық парызын терең түсінуді дайындау;

  • халықтың жауынгерлік дәстүрі мен оның қарулы күштеріне деген адалдық;

  • әскери және әскери – техникалық білім мен дағдыларды меңгеру;

Әскери – патриоттық тәрбие халықтың жасына, кәсібіне және де басқа ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейде жүргізіледі.





Сабақтың тақырыбы: Сүйектің сынуы, жарақаттың уыттануы, соғып алу, буынның шығуы кезіндегі көрсететін алғашқы медициналық көмек.

Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады. Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады. 

Басты зақымдау  

Құлау, бірнәрсеге соғу кезінде бас сүйектің сынуы (оның белгілері: құлақтан және ауыздан қан кету, ессіз болу) немесе мидың шайқалуы (белгілері: бастың ауруы, жүрек айну, құсу, есін жоғалту) мүмкін. Мұндай кезде көрсетілетін алғашқы көмектің түрлері болып: зардап шегушіні арқасына жатқызу, басына (жарақат алған кезде - стерилденген) қатты таңғыш тағу және «суық» басу, дәрігер келгенге дейін тыныштықты қамтамасыз ету табылады.Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның басын сол жаққа бұру керек. Сондай-ақ, тілдің артқа кетуіне байланысты тұншығуы мүмкін. Бұл жағдайда зардап шегушінің астыңғы жағын алдыға қарай тарту қажет және оны осы қалыпта қолдан дем алдырған кездегідей ұстап тұрады.  

Омыртқаның зақымдануы

  Оның белгілері: омыртқаның қатты ауруы, еңкеюге және бұрылуға мүмкіндіктің болмауы. Көрсетілетін алғашқы көмек: абайлап, зардап шеккенді орнынан көтермей, оның арқасына жалпақ тақтайды, алынған есікті салып немесе зардап шегушінің денесін бетімен жерге қаратып, ауысу кезінде жұлынның зақымдануын болдырмау үшін оның денесінің иілмеуін қадағалайды. Сондай-ақ оны тақтай үстіне салып немесе бетімен жерге қаратып тасымалдайды.

Жамбас сүйектердің сынуы

 Оның белгілері: жамбасты ұстаған кезде ауырғанды сезіну, шабының, құйымшақ сүйек жанының ауруы, аяқты түзу көтере алмау. Көрсетілетін көмектің түрлері мыналар: зардап шегушінің арқасына тақтай салып, оны «бақаша» қалыпта жатқызып, яғни оның тізесін бүгу және аяқтарын екі жаққа салу, ал табандарын бірге жылжытып, тізелерінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қою керек. Зардап шегушіні (ішкі органдардың зақымдануын болдырмау үшін) екі жағына бұруға, отырғызуға және аяғына тұрғызуға рұқсат етілмейді. 

Бұғананың сынуы мен шығуы

 Оның белгілері: Иық буынын қозғалту кезінде күшейетін бұғана жанындағы ауру, көзге көрінетін ісік. Көрсетілетін алғашқы көмек түрлері мыналар: зақымдалған жақтағы қолтық астының ойына азғантай мақта түйінін қойып, шынтағы тік бұрышта бүгілген қолды денеге қарай бинтпен орау, қолды мойынға орамалмен немесе бинтпен асып қою. Бинтпен орауды ауырған қолдан денеге қарай оралу қажет.

Аяқ-қол сүйектерінің сынуы мен шығуы

Оның белгілері: сүйектің ауруы, аяқ-қолдың рабайсыз түрі, буын жоқ жердің қозғалуы, қисаюы (сынған кездегі сүйек сынықтарының жылжуы) және ісуі.Алғашқы көмек көрсету үшін зардап шегушінің сүйекті сындырғаны немесе шығарғаны маңызды емес, себебі барлық жағдайда зақымданған аяқ-қолдың қозғалмауын қамтамасыз ету керек. Шыққан жерді өз күшімен орнына салуға тырыспаңыз, мұны тек дәрігер істей алады. Зардап шегушіні емдік мекемеге жеткізу кезінде де оның зақымданған аяқ-қолына және дененің басқа да жерлеріне қалыпты жағдайды қамтамасыз етеді.Таңғыш қалақты салу кезінде дененің қозғалмауын қамтамасыз ету керек, қалай болғанда да сүйектің екі буынның - сынған жерден бір буын жоғары және төмен, ал ірі сүйек сынған кезде – тіпті үш буынның қозғалмауы қамтамасыз етіледі. Таңғыш қалақтың ортасы сынған жерде болады. Таңғыш қалақ ірі буындарды, жүйке мен сүйектердің шығыңқы жерлерін қатты байланбайды. Таңғыш тақтайды жұмсақ матамен орап, бинтпен баулаған дұрыс. Таңғыш қалақты бинтпен, орамалмен, белдік белбеумен бекітеді және таңғыш қалақ салынбаған кезде зақымдалған қолды денеге, ал зақымдалған аяқты екінші сау аяққа бинтпен байлайды.Иықтың сүйегі сынған және шыққан кезде таңғыш қалақты қолдың бүгілген шынтақтық буынына байлады. Иықтық сүйектің жоғарғы бөлігін зақымдаған кезде таңғыш қалақ екі – иықтық және шынтақтық буынды, ал төменгі бөлігі сынған кезде білектік буынды ұстап тұрады. Таңғыш қалақты қолға бинтпен байлап, қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.Білек сынған және шыққан кезде таңғыш (алақан еніндей) қалақты шынтақ буынынан саусақтардың ұшына дейін зардап шеккеннің алақанына ұстап тұрғандай мақтадан, бинттен тығызданған түйін салынады. Таңғыш қалақ болмаған кезде қолды орамалмен мойынға немесе пиджактың шетіне асуға болады. Егер қол (шыққан кезде) денеден салбырап тұрса, қол мен дененің арасына жұмсақ (мысалы, киімнен түйілген) зат қойылады.Қолдың буыны мен саусақтық сүйектері сынған және шыққан кезде (алақанның еніндей) білектің ортасынан бастап саусақтардың ұшына дейін жалпақ таңғыш қалақ салынады. Зардап шегушінің саусақтары бүгілгендей толып тұруы үшін зақымдалған қолының алақанына мақтадан, бинттен және тағы басқа түйілген түйін алдын ала салынады. Қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.Жамбас сүйекті сындыру және шығару кезінде ауыратын аяқты сырт жағынан таңғыш қалақпен, таңғыш қалақтың бір ұшы қолтыққа дейін, ал екіншісі өкшеге дейін жететіндей болады. Екінші таңғыш қалақты зақымдалған аяқтың ішкі жағынан аяқтың арасынан өкшенің ішкі жағына дейін салады. Осылайша аяқ толығымен қозғалмайтын қалыпта болады. Таңғыш қалақтарды мүмкіндігінше аяқты көтермей, оларды орнында көтеріңкіреп сынған жерден басқа бірнеше жерден (денеге, жамбасқа, жіліншікке) бинтпен байлау арқылы салынады. Бинт белдің, тізенің және өкшенің астынан таяқша арқылы итеріп өткізіледі.Жіліншік сүйегі сынған немесе шыққан кезде тізелік және жіліншік табанының буындары бекітіледі.



Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен мехнизмдерінің жұмысы.

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтықтар ұңғы арнасының калибрі,  ұңғы арнасының оқсауытты орналастыруға арналған бөлігі оқтық, оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.

Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камерасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).

Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.

Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жеңілдететін шеңбер қиғаш бар.

Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондармен атуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуінен сақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі – пышақты қосатын тірек болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршеніне арналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келте түтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.

Қосқыш — жалғастырғыш шетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігі болады.

Ұңғы қорабы автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққыш — ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.

Ұңғы қорапшасының:

а) ішінде – бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тірулер болып табылады; бекітпе жақтауы мен бекітпенің жылжуын бағыттауға арналған бағыттаушы ойықтар мен бүгілмелер; оқсауыт шағылысуына арналған шағылдырғыштық шығыңқы; бүйірлі қабырғаларды бекіту үшін ұстатқыш; оқжатар ілгегіне арналған шығыңқы мен оқжатарды бағыттауға арналған бүйірлі қабырғалардағы бір-бірден сопақша шығыңқылар.

ә) артында үстіне қарай саңылаулар (саңылаулар бойлық қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің өкшелігіне арналған және көлденең – ұңғы қорапшасының қақпағына арналған); ұңғы қорапшасындағы дүмді бекітуге арналған саңылаулы құйрықша.

б) бүйірлі қабырғаларында – төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқыш механизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.

в) астыңғы жағында – оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналған терезелер болады.

Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.

Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.

Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде – тілімшелі серіппеге арналған ұялар және бекітпе жақтауына арналған қуыс; артқы қабырғасында – ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.

Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.

Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көздеуіш тақташадан белгіленген жағдайда ұстап тұрады.

Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.

Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).

Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.

Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған. Бекітпе жақтауында: ішінде – қайтармалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында – сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде – бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында – автоатқыш тұтқасын босатуға арналған шығыңқы және автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде – бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.

Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.

Соққышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмет етеді.

Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы және жылжымалы өзектен, жалғастырғыштан тұрады.

Бағыттаушы өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы қорабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік және ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.

Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.

Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі газ поршенінің қозғалысын бағытту үшін және атыс кезінде  қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, және темір жартышығыршақтан тұрады.

Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ камерасының келте түтігіне кигізіледі.

Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы қысқыш жалғастырғышта газ түтігінің тұйықтаушы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.

Соққыш – ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты не жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Ол ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекиді және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоағытқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.

Ұрыстық серіппесімен қоса шүріппе соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағытқыш қайырмасы, шетмойын және оське арналған тесік болады.

Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен – ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.

Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары осьі, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада  ұстауға және шүріппені ағытуға арналған.

Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде  және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен және ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңқы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық қозғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен  ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.

Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.

Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.

Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.

Сап ұстауға ыңғайлы болу үшін және сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сым қию ұшін пайдаланылады.





Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.



Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.
Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.

Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.

Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.

Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
Үсітіп алу - дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған–көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.

Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ–қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).

Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.

Ыстық өту - сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.

Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты «бейтараптандыруға» тырысуға болмайды.
Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.

Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.

Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.

Естен тану. Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.

Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.

Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:

- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;

- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;

- қан кетуді тоқтату;

Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;

- тыныс алу жолдарын босату;

- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;
- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);
- жылумен қамтамасыз ету;

- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;

- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;

Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.

Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.

Анафилактикалық естен тану адамның уға, тағамға, дәріге тез аллергиялық реакция беру салдарынан болады. Мұндай реакция нәтижесінде қан тамырлары бұзылады, тыныс алу жолдары, беті, мойынында ісіну пайда болады, күретамыр қан қысымы тез төмендеп кетеді, тыныс алу қиындай түседі, өмір сүруге маңызды ағзаларды оттегімен қамтамасыз ету төмендейді, тері беттері қызарады және дақтар пайда болады, зардап шегуші мазасызданады, тамыры жиі соғады.

Алғашқы жәрдем. Тыныс алуға ыңғайлы қалыпты қамтамасыз ету, адреналин енгізу, жедел маман көмегін шақырудан тұрады.

Басылып қалу синдромы жаппай апаттан – шахталардың опырыла құлауы, жер сілкінісі т.б. нәтижесінде байқалуы мүмкін. Аяқ-қолдың ауыр зат астында ұзақ басылып қалу салдарынан жиі пайда болады.

Қол немесе аяқ ұстағанда суық, бозғылт, көк реңді, функция болмайды, аяқ-қол бастарында тамыр сирек соғады немесе соқпайды. Егер де аяқ-қол басылудан босатылмаса, онда зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы мүмкін. Басылып қалған кезде өте қатты ауырған жер бірнеше сағаттан кейін әлсірейді. Аяқ-қолды босатқанда (жгут көмегінсіз) жағдай шұғыл нашарлайды, есінен тандырады, еріксіз дефекация болады және несеп жібереді.

Алғашқы жәрдем. Аяқ-қолды босату алдында бастырылған жерден жоғары жгутпен таңу. Бастырылудан босатылғаннан кейін, жгутты шешпей, аяқ-қолды бармақтар негізінен жгутқа дейін таңады және содан кейін ғана ақырындап шешеді.

Ауыртпайтын құралдар енгізеді. Сүйек зақымданғанда таңғыш қалақпен таңу керек, жарақатта - стерильденген таңғыш қолданады.

Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.

Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.
Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.

Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.

Зақымдалған қол-аяқты ампутациялау толық және жартылай болады. Толық ампутацияда аяқ-қол бастарындағы мүше сегменті қалдықпен ешқандай байланыста болмайды.

Толық емес ампутацияда буындардың, жүйкенің, сүйектердің, сіңірлердің бірен-саран жұмсақ тіндері мен тері беттерінде зақымдану болады. Ампутацияланған аяқ-қол бастарын ойдағыдай толық бұрынғы қалпына келтіру үшін зардап шегушіге дұрыс мағыналы жәрдем жасау, ампутацияланған сегментті тасымалдау және сақтау жағдайын орындау қажет.

Алғашқы жәрдем. Қалдығынан қан кетуді таңғышпен басып таңып немесе үрілген манжетпен тоқтатады. Аяқ-қолдың зақымданған жерін биіктетіп ұстау керек. Зардап шегушіні жатқызып, оған ауыртпайтын құралдар береді, қою шай беріп, жарақаттың бетін таза немесе стерильденген салфеткамен жауып қою керек.

Кесіліп қалған мүше бөлігінің басын таза немесе стерильденген матамен орап, полиэтиленді пакетке сыйдырып, қар, мұз, суық су толтырылған сыйымдылыққа салады. Тасымалдауда ампутацияланған пакеттегі аяқ-қол бастарын жоғары көтеріп қою керек, қағазға зақымданған уақыты көрсетіледі.

Жартылай ампутацияда барлық қол-аяқты мұқият иммболизациялайды және жұлынып қалған бөлікті суытады. Зардап шегушіні шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Қабу. Тістеу. Шағу. Аңдардың тістеуі, қабуы. Адамдарды көбіне асыранды иттер жиі қабады, мысықтар мен жабайы аңдар сирек қабады. Құтырған жануарлардың қабуы үлкен қауіп келтіреді. Егер де зардап шегушіні асыранды сау ит қапса және жарақат үлкен болмаса, онда оны жуып, стерильденген таңғышпен орайды. Қансыраған үлкен жарақатқа стерильді салфеткамен тампон қояды. Егер де құтырма аурумен күдікті бөтен иттер немесе басқа аңдар тістесе, госпиталдау көрсетілген.

Жыланның шағуы. Әсер ету механизмі бойынша барлық жыландардың у түрі 3 топқа бөлінеді.

1. Жүйке жүйесіне әсер ететін, бұлшық еттердің сал болып қалуына әкеп соғатын, тыныс алуға және жүрек қызметіне әсер ететін у (кобра уы, тропикалық теңіз жағалауындағы су жыландары).

2. Қанды ұйытатын, тіндердің құруын және орындарының ісінуін туғызатын улар (порза уы, эфа, щитомордник, кәдімгі улы жылан).

3. Жүйке жүйесіне әсер ететін, қанды ұйытатын, орындарының ісінуін және тіндердің құруын туғызатын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтар).
Кобра немесе бірінші топтағы басқа жыландар шаққанда ауыру пайда болады, шаққан орны қатып қалады, барлық зақымданған жерлерге тез жайылады, содан кейін басқада дене бөліктеріне жетеді. Бас айналып, талу жағдайы, тіл және бет аумақтарының сіресіп қалуы болады, сөйлеу және жұтыну мүшелерінің бұзылуы пайда болады. Төменнен басталған сал ауруы жоғары көтеріліп тез дамиды (шайқалған жүріс, кейін аяқтан тұра алмау және жүре алмау, соңында толық сал болып қалу), соңында көкірекке жайылады. Тыныс алу алғашқыда қысқа уақытқа жиілейді, содан кейін тым сирек бола бастайды, жүректің соғу ырғағы бұзылады. Ең ауыр жағдай, яғни у қан тамырлары мен лимфа тамырларына түскенде, онда толық сал болып қалады және шаққаннан кейін 10-20 мин. ішінде адам өледі.

Улы сұр жыландардың немесе щитомордниктер түрлері шаққанда орнында жыланның улы тістері қалып, терең түйрелген жарақат анық көрінеді, алғашқы минутта қызару тез жайылады, содан кейін ісінеді және қан құйылады. Бірте-бірте дененің шағылған бөлігі ісіне бастайды, тері қып-қызыл–көк түске боялып, қанталайды. Тері күлдірейді, ал шаққан орнында ойық жарақат қалады. Ішкі ағзаларға қан құйылуы, кейде мұрыннан, ішек-қарын және бүйректен қан кетуі болады. Қозу шұғыл әлсіреумен, бозару, бас айналу, тамыр соғуының жиілеуі, жүрек айнушылық және құсумен алмасады. Есеңгіреуі мүмкін.

Алғашқы жәрдем. Тез арада қарқынмен жарақаттағы уды ауызбен сорып алу керек. Уды зардап шегушінің өзі және басқа да тұлғалар сорып алуына болады. 10-15 мин. сорып, түкіріп тастап отыру қажет. Жаракаттың шеттері мұндай да қозғалмай қалғаны өте маңызды. Басынан бастап тыныштықты және жату орнын қамтамасыз ету керек. Шаққан жерді күйдіруге, кез-келген препаратты егуге, кесуге болмайды. Жарақаттанған жердің шетін жгутпен таңуға болмайды. Тек кобра шаққанда ғана интоксикация жайылуын ақырындату үшін, шаққан жерден жоғарырақ жгутпен таңуға болады. Көп мөлшерде сұйық ішу көрсетілген.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның шағуы. Көбіне ара немесе сона шаққанда адамға қауіп төндіреді, әсіресе осы жәндіктерге деген сезгіштік қасиеті жоғары жағдайда болғанда. Сонымен қатар, сол жердің тіні ісініп қана қоймай, дененің едәуір ыстығы көтеріледі, кенеттен бастың ауыруы, сіңір тартылуы пайда болады. Алғашқы жәрдем ретінде шаққан жерге суық компресс басады, 1 стақан қою тәтті шәй беріледі, 1г ацетилсалицил қышқылын, 0,03г димедрол беріп, жедел дәрігер шақырып немесе зардап шегушіні госпитальдау

 

ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ.

Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді. Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді. Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай. Көзді қарап тексеру басқа денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа реакциясын анықтау үшін жасалады. Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі. Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді. Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.

Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек. Кеуденің алдыңғы бөлігін қарағанда бұғананың бүтіндігін олардың ортаңғы бөлігін басу арқылы тексереді, содан кейін зардап шегушінің терең дем алуын сұрайды; егер де қабырға және кеуде клеткалары зақымдалмаса, онда тыныс алу түзу, ауырмайтын, бір қалыпты болады. Кеуденің үстіңгі жағын тексеріп болғаннан кейін ішті және жамбас сүйегіне тексеріс жүргізіледі. Қол-аяқты көзбен шолып тексеруде зақымданған жері болса қолмен тексеру біруақытта жүргізіледі.
Сонымен қатар қол-аяқтың қозғалыс функциясын, олардың бүтіндігін, сезімталдығын, деформацияның бар жоғын, жара болған жерді, қансырауын тексереді. Тексеру зардап шегушінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді, едәуір зақымданған аумақтарды айқындайды, алғашқы жәрдем көрсету жолдарын белгілейді.

 














Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.

Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.

Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):

  • күн сайын;

  • сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;

  • тазалау кезінде тексеру керек.

Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:

  • қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;

  • көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.

  • ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.

  • ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі

Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.

Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.

Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.

Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:

а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.

ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.

Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.

Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.

Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.

Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.

Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.

Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.

Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.

Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.

Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.

Ұрыстық оқсауыттарды қарау.

Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.

Оқсауытты қарау кезінде:

  • оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;

  • капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;

  • ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.

Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.

Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:

  • автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;

  • автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;

  • оқжатарды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.

Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.





Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаудың медициналық қызметтің міндеттері. Азаматтық қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасындаазаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.[2]

Азаматтық қорғаудың медициналық қызметі
Азаматтық қорғаудың медициналық қызметі бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау, зақымданғандарға және науқастарға уақытында медициналық көмек көрсету, оларды эвакуациялау, емдеу және қатарға қосу, жұқпалы аурулардың кенеттен туындауы мен таралуының алдын алу мақсатында құрылады.
Қызметтің міндеттері:
1) төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау күштері жеке құрамы ауруларының алдын алу және емдеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
2) медициналық көмекті ұйымдастыру;
3) денсаулық сақтау ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне басшылық етуді жүзеге асыру;
4) медициналық құралымдарды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және жарақтармен жарақтандыру;
5) медициналық көмекті уақытында көрсету, зақымданған адамдарды эвакуациялау және емдеу, зақымданған адамдардың денсаулығын қалпына келтіру, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдау ошақтарында ақталмаған қайтарылмайтын шығындар есебін барынша азайту;
6) халықты өзіне және өзара көмек тәсілдеріне үйрету;

Азаматтық қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері:
төтенше жағдайлар салдарынан, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар факторларынан халықты қорғау және залалды азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету;
авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, зардап шегуші халыққа көмек көрсету;
азаматтық қорғау құралымдарын құру және даярлау, мақсатқа сай жұмыстарды жүргізу үшін оларды әзірлікте ұстау;
қарамағындағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
басшылық құрамды даярлау, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларынан қорғану және төтенше жағдайлардағы іс-қимыл тәсілдеріне персонал мен халықты оқыту;
азаматтық қорғаудың басқару, төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы туралы, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы халықты құлақтандыру және ақпараттандыру жүйелерін жасауды және әзірлікте ұстауды қамтамасыз ету;
радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жұқтыруға (ластау) тұрақты қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;
тиісті басқару органдарымен және әскери қолбасшылық күштерімен, ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың эвакуациялық іс-шараларына басшылық жасау, қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын алдын ала дайындау шараларын қабылдау;
азаматтық қорғау жоспарларын және төтенше жағдайларды жою жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты буындарында жоспарлауды басшылық ету;
авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешімдерді қабылдау үшін азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына ұсыныстар әзірлеу;
тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары қойған міндеттерді орындау кезінде қызметтердің қарамағындағы күштері мен құралдарына басшылық ету;
төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, салалар мен ұйымдар жұмыстарының тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық ету;
қызметтер құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларының барлық кешеніне тікелей басшылық етуді жүзеге асыру болып табылады.











Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер жіне оларды жою әдістері.

Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс істейді. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және ұқыпсыз ұсталуы, оқсауыттардың жарамсыздық салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.

Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.


Кідіріс және оның сипаты


Кідірістің себебі


Кідірісті жою әдісі


Оқсауыттың берілмеуі. 

Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ.


  1. Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы.



2. Оқжатар ілгішінің ақаулығы.


Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру.

Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.


Оқсауыттың кептелуі.

Оқсауыт оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген, жыл- жымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.


Оқжатардың ақаулығы.


Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген оқсауытты алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру.


Атылмай қалу.

Бекітпе алдыңғы жағдайда, оқсауыт оқтықта, шүріппе босатылған - атыс болмады.


1 Оқсауыттың жарамсыздығы.

2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулы-ғы; ластануы, майдың қатып қалуы (соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы).

3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы.


Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған, тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.


Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады.


Оқсауыттың алынбай қалуы.

Оқсауыт оқтықта, кезекті оқсауыт оған оғымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.


1.Оқсауыт лас немесе оқтық ластанған.


2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулығы.


Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген оқсауыт алынады.

Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқсауыт пен оқтық тазалануы керек.

Лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақ-тырғыш-ақаулы болғанда, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.


Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы. Оқсауыт ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген.


1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.


2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы.


Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғас-тыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; үйкелуші бөліктерді иайлау.

Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.


Бекітпе жағдайының алдыңғы жағдайға жетпеуі.


Қайтарма серіппі сынған.


Серіппені алмастыру (урыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрап, атысты жалғастыру).


Автоматтың (пулеметтің) керек-жарағы.

Керек-жарақ автоматты (пулеметті) бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарларды оқсауыттармен жедел жабдықтау үшін қызмет етеді. Оған жататындар: сүмбі, сүрткіш, тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрмасұқпа, пенал, оқтізер және майсауыт.
Сүмбі ұңғы арнасын, автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады. Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады.
Тазалағыш ұңғы арнасын, сондай-ақ автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет. Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек не кендірге арналған саңылауы болады.
Сүрткіш ұңғы арнасын ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) тазалау үшін қолданылады.
Бұрауыш және қаққыш автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинау кезінде қолданылады. Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған. Бұрауышты пайдалануға ыңғайлы болу үшін, ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады.

Пенал тазалағышты, сүрткішті, бұрауышты, қаққышты сақтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады. Пенал ұңғы арнасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышы ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұтқасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады.Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады.Оқтізер оқсауыттарды тасуға және оқжатарды оқсауыттармен жедел қамтамасыз етуге арналған. Оқтізерде 15 оқсауыт болады. Оның екі өтпе саңылау серіппесі болады. Бұрамасұқпа оқжатарды оқсауыттармен жабдықтау кезінде оны оқтізермен жалғастыру үшін қызмет етеді. Оның төменде – оқжатар мойынның тиісті саңылауына кіретін екі бұрамасы; жоғарыда – оқтізер мен тіреу үшін екі өтпе саңылауы болады, олар оқтізердің қозғалысын шектейді.


Сабақтың тақырыбы: Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін шаралар.

Санитарлық постылар (СП) оқу мекемелерінде, шаруа-шылық объектілерінде күнделікті санитарлык-сауыктыру шараларын өткізу жөне алғашкы медициналық көмек

көрсету үтттін үйымдастырылады. Олар осы тапсырмаларды орындау үшін дөрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі; өр оку мекемелеріндегі (халық шаруашылык объектілерінде) дөрі қобдишасының санын оның бастығы аныктайды.

СД жөне СП жергілікті денсаулық сақтау үйымдарына оқу мекемелері корпустарында (цехтарда, шеберханаларда, дала қостарьшда), демалыс орьшдарында, спорт шараларын өткізу кезінде алған жарақаттарға алғашкы медициналық жөрдем көрсетуде көмектеседі. Олар жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру мен оқушылар (халық) ортасында санитарлық-ағарту жүмыс-тарын: үндеу қағазын, кітапшаларды оқу, жеке жөне үжымдык гигиеналарды сактау ережелеріне үпттеу жөне т.б. өткізуге тартылады.

Санитарлык постылар ауылды жерлерде көктемгі-жазғы ауыл шаруашылыгы жұмыстарын өткізу кезеңінде дала еңбекшілеріне, мектеп оқушыларына, жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсетеді. Олар денсаульщ сақтау ұйымдарымен бірлесе жұқпалы аурулардың алдын алу жөне ауруларға үйде күтім жасауды жүзеге асырады. СЖС дөрігерлерімен бірге тамақтану объектілерінде (асхана, буфет), мектеп аумағының сыртында, жазғы сауыктыру лагерьлерінде ағымдағы кадағалауды жүзеге асыратын қоғамдьщ санитарлық инспекторларын дайындауға, медициналык жөне гигиеналык үгіт жұмыстарын жүргізуге, санитарльщ-сауыктыру жөне сақтандыру шараларын өткізуге, адамдардың еңбегін, оқуы мен тұрмысын жаксартуға, сыртқы ортаны сауықтыруға қатысады. Жаппай сақтандыру максатындағы егу жүмыстарын өткізу мен ұйымдастыруға, дезинфекциялауға, флюрографикалык тексеру, профилактикалык тексеру, диспансерлеуге мектеп окушылары арасында санитарлык-гигиеналық үгіт жұмыстарын өткізуге көмектеседі.

Ядролық жене химиялык закымдану ошақтарында СД жөне СП зақымданушыларды іздеуде, алғашқы сұрыптау жұмыстарын өткізуде, алғашқы медициналық жөрдем көрсету жұмыстарьша, қүткару командалары мен жасақ-тарының жеке күрамы есебінен кұрылатын зембіл тасушы звено жұмыстарын баскаруға катысады. Радиоактивті заттармен зақымданған аумақтарындағы СД жұмысы кезінде калыптасқан жағдайда олардын "қайта ауысуы" ұйымдастырылады. Ошақтарда жүмыс істейтін СД-ны ауыстыру Азаматтык қорғаныс бастықтары мен құткару жүмыстарын ұйымдастыратын өскери бөлім командир-лерінің нүсқауы бойынша жүргізіледі. Учаскені өз бетімен тастап кетуге СД мен СП-ның күкы жоқ. Демалысқа шығу ұйымдасқан түрде белгілі бір маршрутпен (бағдармен) жүзеге асады. Егер СД зақымдалған аумақта жүмыс жасаса, онда олар зақымдану дәрежесі мен сипатына карай, ішнара не толық санитарлык өңдеу жұмыстарын жүргізеді жөне содан кейін барып демалыс ауданына жіберіледі.

Зақымданған халыкка медицинальщ көмек көрсету үшін қүрылған жасақ кұрамында СД кіші медициналык кызмегші есебінде жүмыс жасайды. Олар зақымданғандарға күтім көрсетіп, жатқан ауруларды медицинальщ бөлімшелерге алып барады, эвакуацияға жататын зақымданған адамдарды көлікпен тасымалдайды.

СД медициналық қызметшінің басшылығымен жүмыс жасайды. Мүндай жағдайдағы СД саяси басшысы мен командирінің міндеттері: ОПМ бастығының нұсқауымен санитарлық буындарды белімшелерге бөлу; сандружина-лыктар арасындағы төртіп пен жоғары адамгершілік-саяси ахуалды үстап тұру; олармен саяси-төрбие жұмыстарын жүргізу, демалыс пен тамактануды ұйымдастыру, ОПМ бастығы койған міндеттерді орындауға жеке қатысуды қамтамасыз ету. Жұщіалы аурулар ошағында сандружина-лықтар мен санитарлық пост өкілдері ауруларды аныктау максатында пөтерлерді аралайды, халыкка шұғыл сақтан-дыру құралдарын таратады, халықпен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Өдетте, бір сандружинашы 1500 адам арасында осы шараларды орындау үшін барлық кезең бойына бекітіледі, ал санитарлық пост екілдері мұндай шараларды 250—300 адам арасында өткізуді қамтамасыз ете алады. Сандружинашылар эпидемиологиялық барлау топтарының, пөтер ошақтарында қорытынды дезинфекция жұмыстарын жүргізетін дезинфекциялық бригадалар кұрамына ене алады, жұкпалы ауруларды ауруханаға жаткызуға арналған ППЭО-ның жуу-дезинфекциялау бөлімшелері мен стационарларында, санитарлык-карантинді пункттер мен тікелей шаруашылық объектілерінде жүмыс жасайды.

Медицинальпқ мекемелер, аурухана базалары (қаладан тыс аймақта) құрамында жұмыс жасауға жалпы білім беретін орта мектептің арнайы бағдарлама бойынша даярлыктан еткен жоғары сынып оқушылары мен көсіби-техникалық училшце окушылары тартылады. Олардың негізгі міндеттері — зақымданғандарға күтім көрсету жөне медициналық қызметшінің басшылығымен қарапайым қол өрекеттерін орындау больш табылады.

Сандружиналар зақьтаданушыларды өр түрлі көлікпен көшіру кезінде алып жүруге де тартылуы мүмкін. Ондай жағдайда олар зақымданушыларды күтуде жөне жол жүрген кезінде алғашкы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

СД құжаттары

СД мен СП-ның күн сайынғы жүмыстары олардың күнделіктерінде көрсетіледі. СД мен СП күнделігін оның бастығы жүргізеді. Қарамағында СД мен СП бар медицина-лык кызметшілер күнделіктерді мерзімді тексеріп тұрады. Тексеру кезінде жазылған жазбалардың дұрыстығы мен олардың орындалатын жұмыстарға сөйкес келуіне назар аударылады жөне СД, СП жұмысына баға беріледі. Күнделіктерді, кем дегенде, айына бір рет бастауыш ұйымының төрағасы карап отырады.

Санитарлық-қорғаныс және санитарлық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Халықты диспансерлеу жұмысына СД (СП)-ның қатысуы.

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай коғамы (ҚЖАҚ) бастауыш ұйымының санитарлык-корғаныс жұмысын денсаулық сақтау пункттері мен мекемелеріндегі АҚ штатымен бірлесіп жүргізеді. Қызыл Крест жөне Қызыл Жарты Ай коғамының комитеттері (бастауыш, аудандық жөне т.б.) СД мен СП-ньщ табельдік жабдықталу жағдайьша қоғамдык бақылау жасап, оқу-өдістемелік кабинеттерінщ оку құралдарымен камтамасыз етілуін тексереді.

Санитарлық-қорғаныс жұмысы

ҚК мен ҚЖАҚ-тың бастауыш ұйымы бұл жұмысты денсаулық сақтау пункіті мен мектептегі АҚ штабымен бірлесіп өткізеді. Қоғамның бастауыш ұйым комитеті жоғары сьшып оқушыларьш алғашкы медициналык жөрдем көрсетуге үйретеді, сондай-ақ СП мен СД дайындау жұмыстарын жүргізіп, жыл сайынғы СП мен СД жарыс-тарын өткізуге катысады. ҚЖАҚ пен ҚК комитеті денсаулык сақтау органдарымен бірге жоғары сынып окушылары мен мектеп қызметкерлерін жаппай кырып-жою каруларынан қорғауға байланысты жалпыға ортак білім минимумы бағдарламасы бойышпа емтихан тапсыруға дайыңдауға қатысады (1986 жылғы СД мен СП-ны дайындау бағдарламасы).

Санитарлык-корғау жұмыстарының маңызды белімдері ақысыз қан еткізуді насихаттау мен дамыту, кызметкерлер мен мұғалімдерді ақысыз қан өткізушілер катарына тарту болып табылады. Санитарлык дружиналарды дайындап оқыту үшін жеткілікті оку кұралдары бар; дайындалып кұрылған СД мен СП толық табельдік жабдықталған, оның сакталуы жүйелі түрде тексеріліп тұрады. СД командирлері АҚ курсында дайындықтан өтеді. СД мен СП дайындау үшін жүйелі түрде сабактар ұйымдастырылуы керек, оларды төжірибелі мамандар өткізеді. Зақымдану ошактарында алғашқы медициналык жөрдем көрсетудің практикалық дағдыларын игеруге, зақымданушыларды зақымдану ошағынан шығарып, оларға арнайы өвдеу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Олар арнайы сыныптарда дөрігер-оқытушы басшылығымен муляждар көмегімен жаттығады. Оқушылар дөрілі препараттарды енгізу, таңу, бұрау салуға, қан кетуді токтату техникасына, дене учаскелеріне санитарлык еңдеу жұмыстарын жүргізу жүмыстарьша, реанимациялауға үйренеді.

Ақысыз кан өткізуді насихаттаудың нөтижесі — сабақтарда, ауызша жөне баспасөзде жаппай үгіт жұмыс-тарын жүргізуге, тақырыптык кинофильмдер, баяндамалар жөне кан өткізу туралы өңгімелер өткізудің дұрыс жолға қойылуьгаа байланысты болады.



Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау

Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.

Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):

  • күн сайын;

  • сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;

  • тазалау кезінде тексеру керек.

Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:

  • қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;

  • көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.

  • ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.

  • ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі

Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.

Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.

Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.

Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:

а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.

ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.

Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.

Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.

Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.

Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.

Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.

Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.

Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.

Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.

Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.

Ұрыстық оқсауыттарды қарау.

Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.

Оқсауытты қарау кезінде:

  • оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;

  • капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;

  • ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.

Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.

Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:

  • автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;

  • автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;

  • оқжатарды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.

Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.





Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. РГД-5 қол гранаты.

Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында: 

  • РГД-5 қол гранаты; 

  • РГН және РГО-қол гранаты; 

  • Ф-1 қол гранаты бар. 

  • Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады. 
    Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с. 

Гранаттың құрылысы.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.


Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.

Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.

Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады. 
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған. 
Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады. 
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен,жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады. 
Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады. 

Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.

Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.

Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.

Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.

Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады. 

Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері 

мен механизмдерінің жұмысы.

Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.

Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.

Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.

Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.



Гранаттың құрылысы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы РГД-5 гранаты сияқты. 

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.

Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.

Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.
Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі. 
Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары. 

  1. үйренуші болат дулыға киюі қажет

  2. гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет; 

  3. қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі; 

  4. бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек

  5. егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады. 

  6. жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады; 

  7. қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек

  8. гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек: 

  9. гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек; 

  10. гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек. 





1.тығынды бұрап алу

  1. тұтандырғышты алу,

  2. тұтандырғышты бұрап тығу.

Сабақтың тақырыбы: Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.

Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында немесе ТИР-де белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.

Атыс алаңында немесе ТИР-де атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:

  • атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;

  • атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға және оқтауға;

  • тіпті оқталмаған автоматтың өзін айналадағы адамдарға, сондай-ақ нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар бар болатын болса, бағыттауға немесе көздеуге;

  • оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;

  • атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамдарға беруге немесе оны қай жерде болсын қалдыруға;

  • «Ат!» пәрменінен «Тоқтат!» пәрменіне дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тиым салынады.

Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60град асырмай жоғары қарата ату бағытында ұстап тұруға міндетті.

Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, көздеу, шүріппені басудан тұрады.

Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Атуға ең ыңғайлы жағдай – жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жатып атуға ыңғайлануға оқтау мен винтовканы орнықтыру жатады.

Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қаратып, оң қолда ұстап тұрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық адым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолмен жерге тіреліп, сол аяқтың жамбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30градус болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.

Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолымен жүргізіледі. Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, оқсауытты бас және сұқ саусақтарымен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.

Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусақтың бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі. Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірнеше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.

Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға (оңға) қарай орналасқан болса, онда бүкіл денені сол (оң) жақ шынтақты қозғамай, солға (оңға) қарай бұрады. Егер винтовка төмен қарай бағытталған болса, онда алға қарай жылжиды.

Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалатын жағдай дұрыс болып есептеледі.

Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреуден ату кезінде сол қол саусақтары тіреуге қойылады да, оның үстіне винтовка сағағымен қойылады. Тіреуге қатысты алғанда дене тұрқының дұрыс жағдайда атқыш оны өзіне ыңғайлы және дұрыс қалыпқа келгенше, аз ғана алға не артқа жылжытады.

Көздеу дегеніміз – қарудың ұңғы арнасына нысананы жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.

Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қаруыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай етіп бұру керек.

Қарауылдың мұндай жағдайы «тегіс қарауыл» деп аталады.

Қара шеңберлі («алмамен») нысанаға атыс жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде «алма» (нысана) жартысын және қарауыл ұшын айқын көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу керек. Үйренуші атқыштардың көздеу кезіндегі орын алатын қателіктері мыналар: ұсақ қарауыл кезінде – ойылмалар төменде болады, ірі қарауылда – көздеу нүктесінен жоғары болады.

Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды әсер етеді. Егер шүріппені басу кезінде дем шығарылса, онда қару көлденең және тік бағытта тербеледі, өйткені дем шығару кезінде төмен түсіріледі, ұңғы жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда, керісінше болады. Бұл жағдайларды болдырмау үшін, көздеу және шүріппені басу кезінде дем шығармау керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем шығару және 7-10сек. Дем шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен шүріппені басу үшін жеткілікті.

Шүріппені ағыту үшін автоматты сол қолмен құндағынан немесе оқжатардан тік ұстап, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап, иыққа қысып, демді ішке тартып, атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, көзді дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.Атыс дәлдігінің тұрақтылығы дұрыс көздеу мен шүріппені басудан тұрады.

Жақсы көздеп тұрып ағытқыш ілмекті кілт басып қалса, онда оқ үлкен ауытқумен ұшады, өйткені саусақтың кілт қозғалысы көздеуді бұзады. Сондықтан демді ішке тартып, ағытқыш ілмекті еппен және тегіс басып, сонымен бірге ойықтағы қарауыл мен көздеу нүктесінің дұрыс орналасқанына бақылау жасау керек.Сұқ саусақты ілмекке оң қолмен қойып, ал саусақ қысымының күші ұңғы арнасы осінің бойына тегіс бағытталуы керек. Ілмек саусақты дұрыс қоймаса, қысым бұрыш астына бағытталады, бұл винтовканың орнын ауыстырып жіберіп, көздеудің бұзылуына әкеп соғады.



Сабақтың тақырыбы: Атысты жүргізу. Атысты тоқтату.

1. Атыс жүргізу кезінде қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында, тирде белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және оны қатаң сақтау арқылы жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.
2. Атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:
- Атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
- Атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға не оқтауға;
- Тіпті оқталмаған қарудың өзін айналадағы адамдарға немесе жануарларға, нысанаға бағыттауға, көздеуге;
- Оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
- Атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамға беруге немесе қай жерде болсын қалдыруға тыйым салынады.
Жалпы ережелер.
Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен қоса тасымалданады.Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден әр түрлі жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.
Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет.
Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Автоматшы (пулеметші) (Ахмедовке) ату орны анау жерде – ұрысқа!» Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.Ату орнын ауыстыру үшін: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт – алға!» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.
Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады.
Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.Әрбір автоматшы (пулеметші) ату үшін ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол - аяғы мен денесі үшін біріңғай жағдай жасауы қажет.
Автоматтан (пулеметтен) ату – атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатуда құралады.
Атысқа оңтайлану.
Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға – адым бас!», содан кейін «Оқта!», ал керек болған жағдайда: «Оқта!» пәрменінің алдында атыс орны көрсетіледі.
Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.
1) «Белдікке» жағдайындағы автомат үшін – оң қолды белдіктің бойымен жоғары
көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстайды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жылжиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол қолының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол қолдың алақанында ұсталады.
2) Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін – сол қолмен құндағының астынан және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтеріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.
Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:
1) Егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.
2) Егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.
«Кеудеге» жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рұқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұрады.
В) Қорытынды бөлім .
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?
- Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау қажет?
- Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін пайдаланады?
- Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде қандай жағдайда ұсталынып тұрады?
- Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.
- Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.





Сабақтың тақырыбы: Ұрысты бақылау және арақашықтықты анықтау.

Белгіленген секторда атыс 1000 м тереңдікте жүргізіледі.

Бақылау кезінде әсіресе кіре берістің (маңының) елеусіз жерлеріне аса назар аудару керек. Бақыланатын жерді оңнан солға, жақын жатқан заттан бастап алыстағыға қарай тексеру қажет. Тексеру мұқият жүргенде ғана қарсыластың көрініп қалу белгілерін табуға болады. Бұл белгілер: жалтырау, шу, ағаш бүтақтары мен шөптердің қозғалуы, жаңа заттардың пайда болуы, жергілікті заттардың пайда болуы, жергілікті заттардың орналасуы мен формаларындағы өзгерістер жөне т.б. Дүрбі — бөлек заттар мен жер учаске-лерін мұқият тексеріп білу үшін қажет, сонымен бірге дүрбі шынысының жылтырап, өзінің орналасқан жерін көрсетіп алу қаупінен сақтану керек.

Түнде қарсыластың орналасқан жері мен әрекеттерін дыбыстары мен жарықтан байқауға болады. Керек бағыттағы жергілікті жер ракетамен неме-се басқа да жарық көздермен жарық больш тұрса, жарық түскен учаскелерді тез қарап шығу қажет.

Ұрыс алаңында байқалған нысаналарды дереу командирге баяндап, оның орналасқан жерін дұрыс көрсету керек. Нысана ауызша баяндалады немесе жарқырағыш оқтар арқылы көрсетіледі.

Баяндау өте қысқа, түсінікті және дәл болу керек, мысалы, "тура-қалың бұта, сол жақта-пулемет", "Бағдар-екінші, екі елідей солға, бұта астында, бақылаушы". Нысананы көрсеткенде жарқырағаш оқтар арқылы нысана бағытына қарай бір-екі қысқа белгі беру керек.

Нысанаға дейінгі арақашықтық көз мөлшерімен анықталады. Осымен бір-ге нысанаға және жергілікті аттарға дейінгі арақашықтық есте жақсы қала-тын жер бөліктері арқылы, көріну дәрежесіне, нысана (заттың) көлеміне, сондай-ак осы атанған екі тәсілді бірдей қолдану арқылы анықталады.

Жердің көріну дәрежесі мен заттың (нысананың) ауқымы сиякты көрінген өлшем бойынша арақашықтығын анықтағанда көз қапері арқылы есте жаксы қалған әйтеуір бір әдеттегі арақашықтық керек, мысалы, кесіндінің (бөлім-нің) ені 100,200 немесе 300 м өзіңнен затқа (нысанаға) дейін ойша есептеу қажет. Көріну дәрежесі мен заттың көрінген көлемі бойынша арақашық-тықты анықтағанда, нысананың көлемін белгілі бір кашықтықта сол нысананың есте қалаған көлемімен салыстыру қажет.

Нысананы дәл және нақты жою үшін, оған дейінгі арақашықтықты мүмкіндігінше тез анықтау керек.

Әскери тәжірибеде нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтаудың көптеген түрлері қолданылады. 
а) Адамның көз мөлшері арқылы арақашықтықты анықтау қабілеті: 
- есте жақсы қалған жер бедерлері арқылы; 
- көріну дәрежесіне, заттың көлеміне қарай; 
- қашықтықты адымдап өлшеу арқылы; 
- атыс қаруының көздеу қондырғысы арқылы; 
- дыбыс пен атылған жарылыс арқылы; 
- қол саусақтарының көмегімен. 
ә) Топографиялық карта арқылы. 
б) Дальномер арқылы. 
в) Әскери машинаның (автомобиль, мотоцикл және т. б. транспорт құралдары) спидометрі
арқылы. 

Егер нысана арақашықтықтағы белгілі бағдар немесе жергілікті затқа жақын орналасса, онда нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтағанда, көзбен оның бағдардан қашықтауын есепке алу ке-рек. Түнде жарық түсірілген нысанаға дейінгі қашықтық күндізгі-дей анықталады.

Егер жергілікті заттардың көлемі белгілі болса (биіктігі ені немесе ұзындығы), оған дейінгі арақашыктыкты бұрын шамасымен анықтауға болады (мыңдықтың көмегімен). Бұл үшін көрінген зат-тың бұрышын (мыңдықпен) есептеу керек. Содан соң алдын ала метріне белгіленген зат көлемін мыңға көбейту керек (тұрақты сан) және нәтижесіне мыңмен есептелген санға бөлу керек. Бұл әрекет мына формула арқылы беріледі:

D = B*1000⁄Y

В-заттың белгілі биіктігі (ұзындығы, ені), метрмен;

Y -өлшенген бұрыш шамасы мыңдықпен;

D-анықталған арақашықтык (алыстық), метрмен.

Заттың бұрыш шамасын мыңдықпен дала дүрбісі немесе басқа да бақылау құралдары арқылы анықтауға болады. Дүрбінің көзге шалынатын жерінде екі өзара қиылысқан бұрыш өлшегіш шкаласы, бұрыш өлшегіш тор сызығы болады. Шкаланың бір үлкен бөлігінің көлемі 10 мыңдыққа, ал кішісі 5 мыңдыққа сәйкес.

Дүрбінің бүрыш өлшегіш шкаласын төмендегідей пайдалануға болады. Мысалы, 50 м тең кершілес телеграф бағаналардың аракашықтығы көлденең бұрыш өлшегіш шкалалардың 4 үлкен бөлігімен жабылады (0-40 немесе 40 мыңдық). Онда оған дейінгі қашықтық мына формула арқылы анықталады:

D = B*1000⁄Y = 50*100/40 = 1250 м

Бақылау құралдары болмаса, бұрыш көлемдерін қолда бар зат-тармен өлшеуге болады (сызғыш, қарындаш, шырпы қорабы, сон-дай-ақ қол саусақтары мен алақан арқылы). Бұл үшін мыңдықтағы оньщ мәнін есте сақтау керек. Бұл заттардың бүрыш шамасы (көлемдері)көзден таса болғанда, алға созған қолмен есептегенде (50 см) мынаған тең болады:

1 мм сызғыш - 0-0,2;

дөңгелек қарындаш - 0-12;

сіріңке қорабы:

биіктігі бойынша - 0-30;

ұзындығы бойынша – 0-90;

ені бойынша – 0-60;

бас бармақ – 0-40;

сұқ саусақ – 0-30;

шынашақ - 0-20;

Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден және әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орыннан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін түрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен карсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жаб-дықталады. Жағдайға байланысты ату үшін орын ретінде ор, оқпана, жыра, сондай-ак тас, ағаш арты не өз бетінше таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы да мүмкін. Атыс орнын көзге көрнекті жергілікті заттардан, сон-дай-ақ тау жоталарына таяу жерден таңдамау керек.

Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет, Егер пулемет сирағы жоғары не төмен қойылса, көздеу кезінде дүмді алға не артқа жылжытып, көтеруге не түсіруге болмайды, бұл мүмкін болмаған жағдайда шынтақ астына тіреу не шұңқыр дайындау керек. 








Сабақтың тақырыбы: Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек


Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.
Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.
Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.
ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт 
ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).
Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады:
1) мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;
2) мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық тащыштар.
Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердщ аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.
Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақым-дануытдэа^атдепаталады(140-сурет), мысалы: согып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, ітп жөне бас сүйегі ішіне еніл кеткен жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.

Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бүзылуы сипатына байланысты жаралардың темендегідей түрлерін (141-сурет) ажыратуға болады:



  • кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарық-
    шақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты
    қанайды);


  • шабылған (балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);


  • — шаншылған, (түйрелген
    жаралар (пышақ, шеге, біз,
    қанжар, айыр, сүңгі-найзамен—
    кейде терең болуы мүмкін, ішкі
    органдар, мысалы, кеуде немесе
    іш қуысы зақымдануы ыкти-
    мал);


  • соғылған жөне т.б.
    Ядролық қаруларды қол-


  • Соғылган жара Оқ тиген ясара


данған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары жөне т.б.) өрекеті өсерінен мылжаланған жөне жұлын-ған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді жөне айналасындағы тіндердің едөуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.

Жаралар ок тиген (оқтык, жарыкшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіл етіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қальш койса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек жөне буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.
Кез келген жаралану кезінде өр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нөтижесінде, міндетті түрде кан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге өкеп соқтьфуы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегупгі шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің козуы нөтижесінде пайда болады.
Қан кетуден баска өрбір жара үшін ең кауіптісі — жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.
Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бүзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байпқалуы).
Соғылған жөне мылжаланған тіндері бар жараларда жөне топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жок жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердщ тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір кауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникальщ тұрғыда сіреспе бұлшық еттердщ тырысьш қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дөретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға жөне сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.
Жаралану кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде, қан кетуді токтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта үстау үшін дененің закымданған бөлігін иммобилизациялау (түрақтандыру) жүмыстарын жүргізу керек.
Қанды уакытша токтату — алғашкы медициналык жөрдем керсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі жөне қан кетудщ түріне байланысты оның төсілдері таңдалады.
Күйіктіц пайда болу себептері жөне оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы түсінік
Күйік — жоғары температура, химиялық заттар немесе иондаушы радиациялык өсер етуі нөтижесінде тіндердің закымдануы.
Термиялық күйік— жоғары температура (жалын, қызған заттар, ыстық сұйықтық, өртегіш жанармай коспары, бу, фосфор), сондай-ақ ядролық жарылыстың жарьщтық (жылульщ) сөулелену (жарықтық күюлер) өсерінен туындайды. Ең ауыр күйіктер қатарына наполм жөне жанған кезде 1100—1200°С температура беретін (өртегіш коспа) күю жатады.
Химиялық куйіктер бір катар химиялык заттардың (қатты қышқыл, сілті, фосфор), алсәулеліккую— иондаушы радиацияның өсер етуі кезінде пайда болады.
Жұмсақ тіндердің зақымдану тереңдігіне сөйкес күйік-тердің төмендегідей дөрежесін анықтайды: 1 -дөрежелі күйік кезінде терінің кызаруы, ісуі жөне ауыруы байкалып, ол 2-3 күннен кейін жазылады. 2-дөрежелі күйік кезінде кызарған теріде іпгі мөлдір немесе лай түсті сүйыктыкка толған өр түрлі көлемдегі күлдіректер пайда болады, 5-6 күннен кейін немесе одан да кейінірек жазылады. 3-дөрежелі күйік кезінде терінің өлі еттенуі дамиды, тіндер акуызының ұюы нөтижесінде қабыршық (қабық) пайда болады; 4-дөрежелі күйік кезінде — тереңде жаткан тіндер терісі өліп, каракөмірленіп, гангренаға (аяк-колды) айналады. Күйік дөрежесі закымданғаннан кейінгі бірнеше сағатта немесе бір күннен соң дөл анықталады.
Клиникалық тұрғыдан барлык күйік қатты ашып ауырсынуымен сипатталады, бұл кейде катты күйік кезіндегі күйіктік шоктың дамуына себеп болуы мүмкін. Кең көлемді күйікке сұйыктықты көп жоғалту плазморея төн, ал бұл канның қоюлануына жөне адам ағзасының кұрғауына өкеп соғады. Дененің 1/3 бөлігшің, ал балаларда тіпті 1/4 бөлігінің күюі зардап шегуші өміріне қауіпті екені дөлелденген, ал дененің беткі кабатының 1/2 бөлігінің күюі өлімге өкеледі. Сондыктан тек күйік дөрежесін ғана емес, сонымен бірге күйік ауданын аныктау (мысалы, адам денесінің беткі кабатының, шамамен, бір пайызына тең алақан келемімен) өте маңызды.
Ауыр күйіктің жөне онымен қабаттаса жүретін жалпы құбылыстардың жиынтығы щ>йік ауруы деп аталады. Ол төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: шок, токсемия, сепсис жөне айығу кезеңі.
Күйген адамньщ ауыру жағдайы біртіндеп баяулап, сауығу кезеңі басталады, күйік беті жазыла бастайды.
Күйік бетінін ірің текті микробтармен залалдануы мүмкін. Балалар күшгінің өте катерлі және қауіпті екенін атап өткен жөн.
Егер мүмкін болса, күйік бетін инфекция түсуден сақтау үшін сульфамеламид, синтомицин, фурацилин эмульсиясы немесе Вишневский жақпамайы сіңдірілген 3—4 кабаттык дөкеден, кысу қағаздарынан, мақтаның жұкд қабатынан немесе лигнин жөне бинттен таңғыш салады. Баска бір төсіл — хлорамин немесе марганецті — кышқыл калий, фурацилин, рішанол ерітіндісі ляпистің өлсіз ерітінділері сіңдірілген ылғал таңғьпп қойылады.
Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Алғашкы медициналык көмек жергілікті жөне жалпы іс-шараларынан тұрады. Адамға оттың өсер етуі кезінде, ең алдымен, бықсып жатқан киім қалдыктарын сөндіру қажет. Денеге жабысып қалған іш киімдерді кайшымен киып алып тастайды. Киім жанған жағдайда зардап шегушінщ үстіне колда бар нөрсені жауып немесе су құйып, қар лақтырып, жалынды өшіру кажет. Көмек көрсеткенде — ауыру сезімін күшейтпей, ақьфын өрекет ету керек.
Жергілікті іс-шаралар — күйік бетіне жабысып қалған күйген тіндерді алмай-ақ қүрғақ асептикалық макта-дөке салса, ол күлдіректер жарылуына соқтырьш, оған инфекция түсуі жөне ауыру реакциясы күшеюі мүмкін. Сондыктан арнайы стандартты күйікке қарсы танғыштар кол-данылады. Аяк-қолдың аукымды күйіктерінде көліктік жақтау салу жөне ауруды жою үшін наркотик егу қажет. Зардап шегуші денесішн едөуір бөлігі күйген кезде таза, мүмкін болса, стерильді жаймаға орал, мұздаудың алдын алу үттгін денені жылы нөрсемен кымтайды.
Қышкыл жөне сілтімен күйген кезде дереу суык судын қатты ағысымен терідегі химиялық заттарды жуып тастау керек. Осыдан кейін қышқыл өсерін сілтімен натрий гидрокарбонатынын 2%-дық ерітіндісі, бор ұнтағы, магний тотығы, сабынды су, ал сілті өсерін қышқылмен (еіркесу жөне лимон кышқылынын 1-2%-дык ерітіндісі) бейтарап-тандырылған дұрыс. Напалммен закымданғанда, жанып жатқан киім дереу шешілуі тиіс. Жанған кшмнің қалған бөліктерін ауа еніп кетпеуінің алдьш алу үшін, дереу кез келген матамен немесе ылғал топыракпен жабу керек. Сөндірілген өртегіш қоспаның өзінен-өзі жануынын алдын алу үшін күйген қабатқа ылғал таңғыш салу керек жөне оны АМЖЖ немесе күйік ауруханасында қоспаны теріден толык кетірмейінше шешіп алмайды. Өңеш пен асқазанның химиялық күйігі кезінде алғашқы сағаттарда сақтықпен асқазанды жуу керек, зардап шегушіге кұстыру мақсатында көп су ішкізу қажет.
Сөулемен күю белгілері білінген кезде алғашкы медащинальщ көмек көрсеткенде, күйген жерге асеіггикалық (құрғақ немесе жакпамайлы) таңғыш салу керек.
Осылайша зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің бірінші міндеті — зақымдаушы агент өрекетін тоқтату. Ңайталап инфекция түсудің алдын алу үшін күйген кабатка асептикалык таңғыш салады. Шоктан сақтанудың жөне ауру синдромын азайту үшін шприц-тюбиктен промедол енгізеді, ал күйген аяқ-қолды колда бар кұралдармен иммобилизациялайды. Осыдан кейін күйген адамдарды көлікпен тасымалдайтын жерге жеткізеді, бұл жерде зардап шегушінің жағдайына сөйкес ОПМ эвакуация кезектілігі анықталады.
Жоғарыда аталып өткендей, таңғыш салу үшін өмбебап таңу пакеттері колданылады, олар мата емес материалдан жасалып, жоғары жабыспауын камтамасыз ету үшін алюминий буында ұсталады. Аукымды жараларда үлкен стерильді тавдыш пайдаланған жөн.


Тақырыб.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімін жетілдіру.

Аға және кіші шенділер.. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс. Ол: әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге; Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға; өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға; адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға; командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға; әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге; өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға; әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге; әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге; қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі Құрамы Әскери атақтар әскерлік кемелік Жауынгер мен матростар Қатардағы жауынгер Ефрейтор Матрос Аға матрос Серданттар (старшиналар) Кіші сержант Сержант Аға сержант Үшінші дәрежелі сержант Екінші дәрежелі сержант Бірінші дәрежелі сержант Штаб-сержант Шебер-сержант Екінші дәрежелі старшина Бірінші дәрежелі старшина Бас старшина Үшінші дәрежелі старшина Екінші дәрежелі старшина Бірінші дәрежелі старшина Штаб-старшина Шебер-старшина Кіші офицерлер Лейтенант Аға лейтенант Капитан Лейтенант Аға лейтенант Капитан-лейтенант Аға офицерлер Майор Подполковник Полковник 3-дәрежелі капитан 2- дәрежелі капитан 1- дәрежелі капитан Жоғары офицерлер Генерал-майор Генерал-лейтенант Генерал-полковник Армия генералы Контр-адмирал Вице-адмирал Адмирал Медициналық немесе әділет, әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет», т.б. сөздер қосылып айтылады. Авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына (ұшқыштық, инженерлік, инженерлк-авиациялық дайындығы бар) «авиациялық» деген сөз қосылып айтылады. Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстарға «демалыстағы» деген сөздер қосылып айтылады. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез-құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар-абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс. Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне: «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады. Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев (Егізбаева)», «Сержант мырза», т.б. Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларының), сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек. Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде, аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алусымен қоса басын жеңіл иеді. Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Лейтенант мырза», «Генерал-майор мырза». Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойыеша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицер сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір-бірімен қоштасқан кезде: «Қош болыңыз!» деген сөздің орнына: «Құзырыңызға құлдық!» деп айтуға жол беріледі. Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлеріне тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер оларды лауазымының соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып, лауазымы немесе тегі бойынша атайды. Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлесу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды. Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметші бір-біріне қатысты бастық немесе бағынышты болуы мүмкін. Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады. Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады. Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады. Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады. Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады. Қызмет жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады: • Армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін; • Генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар – кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін; • Подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін; • Кіші офицерлер – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін; • Старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін. Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады. Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтылармен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындаға міндетті. Бір-біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады. Қорытынды – 5 минут. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру









Тақырып: Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза


. ҚР ҚК мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы. Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады. Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді. Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер: а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау; ә) алғыс жариялау; б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру; в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау; г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау; ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау; д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру; е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру; ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау; з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу; и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде. Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады. Тәртіптік жазалар. Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады. Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады: а) сөгіс; ә) қатаң сөгіс; б) кезекті сейілдемеден айыру; в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау; г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру; ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру; д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін; е) сержанттардың лауазымын төмендету; ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету; з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету. Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі. Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады. Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады. Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады. в) Қорытынды бөлім – 9 мин. Сабақты қорытындылап, оқушылардың көрсеткен білім, біліктілігін бағалап, журналға баға қою. Үйге тапсырма. Сұрақтар мен тапсырмалар: - Әскери тәртіп дегеніміз не? - Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді? - Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады? - Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай? - Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?






Тақырып: Жауынгердің ұрыстағы іс - әрекеті


Жауынгердің ұрыстағы міндеті. 2. Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы. 3. Инженерлік бөгеттерден өту. 4. Радиоактивті немесе уланған заттармен зақымданған жер учаскелерінен өту. 5. Ұрыстағы орлану. Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады. Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек. Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс. Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті. Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды. Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды. Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды. Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс. Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек. Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет. Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек. Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін. Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді. Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек. Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін. Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері. Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек. Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс. Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады. Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді. Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады. Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады. Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді. .



Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныс – жалпымемлекеттік қорғану іс-шаралары және оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы

Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
АҚ-тың негізгі міндеттері:
1). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.
2). Бастырмалатқан соққылардың нәтижелігін бәсеңдету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.
3). Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.
4). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.
Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:
- дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезінде анықтау.
- техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіп-қатерін болжау;
- халықты жаппай жою қаруының, техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлардың әсерінің қауіпі жайында ескерту;
- халыққа радиоактивті,химиялық, биологиялық зақымдану мен қауіпті факторлар жайында хабарлау. 
Екінші міндеттің орындалуы былайша жүзеге асырылады:
- халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен қамтамасыз ету;
- түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;
- радиациялық және химиялық қауіпті объектілерді елді мекендерден тыс жерде орналастыру мен белгіленген санитарлық нормаларды қадағалау арқылы;
- сейсмологиялық қаупі жоғары аудандарда тұрғын үйлер және өндірістік мекмелерді қазіргі құрылыстың нормалары мен талаптарына сай салу арқылы.
Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері зардаптарының анықталуын болжамдау, жағдайды бағалау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, шабуылдың зардаптарын жою және объектілерді қалпына келтіру үшін қажет мәлімет алу мақсатында барлау және бақылау жүргізу жолымен АҚ-тың барлық күштері мен құралдары қолданылады.
Дұшпан соққыларының қираған объектілер мен қауіпті факторлар әсерін жою кезінде халықтың қалыпты өмір жағдайларын құру мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:
- жаппай жою қаруы қолданылған ошақта лектік жолдардың салынуы;
- халықты қауіпті аудандардан шығару;
- мемлекеттік басқару органдарының, электршаруашылық объектілерінің, сумен жабдықтаудың, көпірлердің т.б. жұмыстарын қалпына келтіру;
- жаппай жұқпалы аурулар ошақтары пайда болған жағдайда – құтқарушымен оңашалық-шектеу шаруаларын (карантин, обсервация) жүргізу;
- материалдық қорды толықтыру;
- техника мен ғимараттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- сумен жабдықтау мен тамақтану орындарын ұйымдастыру;
- АҚ пен ТЖ агенттігінің объектілік құрылымдары арқылы халықтың санитарлық өңдеуден өтуін жүргізу.
АҚ жүйесіне – шаруашылық объектілер, зауыттар, мекемелер, оқу орындары кіреді. Шаруашылық объектілерінің АҚ басшысы кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының директоры болып табылады, ол өзінің бұйрығымен АҚ штабын тағайындайды. АҚ штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады, ол штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты.
Оқу орындарында келесі қызметтер ұйымдастырылады: 
- құтқару командалары;
- өрт сөндіру командалары;
- қоғамдық тәртіп сақтау командалары;
- санитарлар жасақтары.
Құрылымдардың командирлері болып оқытушылар тағайындалады.
Оқу орындарындағы АҚ-тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.







Тақырып: Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.

Оқушылар орнында тұрғандағы бұрылыстарды саптық тұрысқа машықтанған соң дұрыс меңгере алады.Сабақтың басында оқушыларға орнында тұрғандағы бұрылыстар жекелей, барлық сабақтарда, мұғалімге (бастыққа) келгенде және одан кеткенде, сондай-ақ сапқа тұрған кезде орындайтындықтарын түсіндіремін.Бөлімше, взвод ретінде жасақталған оқу тобы саптық тәсілдерді сабақта, содай-ақ сапта тұру мен қозғалыс кезінде де орындайды.
Меңгеру жүйелілігі былай: оңға бұрылыс, солға және артқа бұрылу, содан кейін бұрылыстар жарты айналымда оңға хәне солға. Орнында тұрғандағы бұрылыстарды үйрету үшін бөлімшені (взводты) 2 адым аралықпен бір қатарға сапқа тұрғызамын. Саптың ортасына шығып, белгіленген қарқынмен тұтастай бұрылысты көрсетемін. Содан кейін бұл тәсілді алдын ала және орындалатын пәрмендер бойынша әрекет ету ретінде түсіндіре отырып, баяу қарқынмен көрсетемін. Тәсілді бқліп көрсете отырып, артқа және солға бұрылуды сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен, ал оң қол жаққа оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, дененің салмағын салу арқылы екі тәсілмен орындалатынын түсіндіріп, көрсетемін. Тәсілдерге жаттығу уақытында оқушылардың өздері дауыстап санағандары немесе кіші барабан қолданғандары жөН.
2) Саптық адым бөлімшелердің салтанаатты шерумен жүріп өтуі кезінде, олардың қозғалыс кезінде, әскери сәлемдесуді орындау кезінде, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.Ең күрделі тәсіл ретіндегі саптық адымға жаттығу, орындау оқушылардан ерекше жинақылықты, дәлдікті, аяқ пен қол қозғалысының үйлесімділігін талап етеді, оны дайындық жаттығуының көмегімен бөліктері бойынша өткіземін.Дайындық жаттығуларының жүйелілігі мынадай:
- қолмен қозғалыста жаттығу:
- төрт санау бойынша қозғалыста саптық адыммен жаттығу:
- екіге санау бойынша саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
- баяу қарқынмен (минутына 50-60 адым) саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
- жарғыда белгіленген қарқынмен саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
Саптық адыммен қозғалысты орындап және үйренушілерге оның қай жерде қолданылатынын түсіндіріп, бөліктерібойынша 1-ші дайындық жаттығуын көрсетемін.
- қолдармен қозғалыс жасау, ал содан соң «Қолмен қозғалыс, жаса – бір, жаса - екіІ» пәрменін беремін. Бөлінулер бойынша қолға арналған 1-ші дайындық жаттығуларына жаттыққан соң келесі жаттығуды үйретуге көшемін.
Орнында адым басу үшін «Орнында адым - басІ» пәрмені беріледі. Оқушылар бұл пәрмен бойынша аяғын жерден 15-20 см-ге көтеруі және табанға толық қоюы керек. Орнында тұрып қолымен адым жасауға арналған дайындық жаттығуларын меңгеру үшін «Орнында адыммен қол қозғалысын жаса – бір, жаса - екіІ» пәрменін беремін. Жаттығу барысында қолдың дұрыс қозғалуы мен қалпына ерекше назар аударылады. 1-ші және 2-ші жаттығуларды тұтастай меңгерген соң, келесі жаттығуды төрт және екі санауда саптық адыммен қозғалуға жаттығуды оқып-үйретуге кірісемін. Жаттығуды меңгерген соң, саптық адыммен кідіріссіз әр санау сайын қозғалыс жасауға: «Саптық адыммен, бөліктері бойынша кідіріссіз әр санау сайын, адым-басІ»- деп минутына 50-60 адым қозғалыс жасауға үйретуге кірісемін. Содан соң тұтастай алғанда, минутына 110-120 адым қозғалыс қарқынын қатаң ұстанамын.
3) Қозғалыстағы бұрылыстарға жаттықтыру өзімнің көрсетуіммен және әңгімелесуіммен басталады. «Қозғалыстағы бұрылыс оңға, бөліктер бойынша, жаса-бір, жаса-екі, жаса-үшІ» деп пәрмен беремін. «Жаса-бірІ» санауы бойынша саптық адымды сол аяқты алға созу, қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізу арқылы іске асырып, қол төмен түсірілген қалыпта тоқтату қажет. «Жаса-екіІ» санауы бойынша сол аяқтың өкшесімен шұғыл бұрылып, бір мезгілде бұрылыспен оң аяқты шығара отырып, жаңа бағытқа адым жасау, «Жаса-үшІ»санауы бойынша сол аяқты қою.
Жаттықтыру үшін бөлімшені бірінші, екіншіге санатып бір-біріне қарсы аралығы 8 адым, ал аралықтары 4 адымда, олар тік бұрыштың (саптың алаңы) ішкі сызықтарында кіші 4 бұрышқа қарсы болатындай қалыпта орналастырамын. Жаттықтыру 4 санауда үш адым алға қозғалыспен «Қозғалыстағы бқрылыс оңға 4 санаумен адым-басІ» пәрмені бойынша «1, 2, 3, 4І» санауымен жүргіземін. Оқушылар «1, 2, 3І» санаумен 4 бұрыш сызығының бойымен алға 3 саптық адым, ал «4І» деп дауыстап айтылған санаумен оңға бұрылып, адым жасайды. Жаттықтыру басында қозғалыс қарқыны минутына 60 адым, ал содан соң минутына 110-120 адым болады.
Қозғалыста солға бұрылу оңға бұрылу сияқты жаттықтырылады. Оның айырмашылығы мынада – бөліктері бойынша солға бұрылуға жаттығу 4 адым жасалған соң жүргізіледі де, бұрылыс оң аяқтың ұшымен кезекті «бірІ» санауымен жүзеге асырылады.
Қозғалыстағыартқа қарай бұрылуға үййрету түртке санауда бөліну бойынша: «Қозғалыста артқа қарай бұрылыста бөліну бойынша: «жаса-бір, жаса-екі, жаса-үш, жаса-төртІ» пәрмені бойынша басталады..
Оқушылар «Жаса-бірІ» санауы бойынша артқа бұрылу үшін сол аяқпен алға қарай адым жасайды да, сол қалпында тоқтап қалады, ал «Жаса-екіІ» санауы бойынша оң аяғын жарты адымға алға және біраз солға шығарып, екі аяқтың ұшында тұрып, сол қолмен шұғыл бір жаққа бұрылады да, сол қалпын сақтап қалады. «Жаса-үшІ» санауы бойынша сол аяқпен алға қарай адым жасайды, ал «Жаса-төртІ» санауы бойынша оң аяғын қосады.
Жаттығу жаңа бағытта осы тәртіппен орындалады: алдымен менің санауыммен, ал содан соң оқушылардың өз бетімен санауымен.
Сабақ соңында оңға , содан соң солға бұрылыстарды орындайды да алға қарай бір адым жасап , кері (артқа) бұрылады.







Тақырып: Cап және оларды басқару. 

«СапталІ», «ТүзелІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін орындау.
1.Оқушыларды бір сызық бойына сапқа тұрғызамын. Саптық тұрыстың элементтерін үлгілі көрсете отырып (алдынан, жанынан) таныстырамын. Одан әрі қандай жағдайда және қалай саптық тұрыс қабылданатынына жете мән бере отырып саптық тұрысты қабылдау ретін көрсетемін. Пәрмен бере отырып оқушылардың жаттығуды дұрыс орындауын қадағалаймын, егер қате әрекеттер жасаса өзім жасап көрсетемін.Аяқтың ұшын алшақтатуды, денені біршама алға ұмсындыруды, ішті тартуды, иықтарды жазып, қолды жамбасқа тигізіп төмен жіберуді көрсетемін және оқушыларға қайталауды талап етемін, басты дұрыс ұстай білу жаттығуын жасатамын.
2. Оқу тобының(взводтың) «ТүзелІ», «Тік тұрІ» пәрмендеріне жаттығуы үшін жаттықтыруды бірнеше рет қайталап, ал қажет болған жағдайда оқушылардың қателерін түзеп және көрсетіп отырамын. Оқушылар «ТүзелІ» және «Тік тұр» пәрмендерін орындауды меңгерген соң, «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін орындайды. «Еркін тұрІ» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұруы керек. «ЖинақталІ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек, қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастықтан сұранады. «ЖинақталІ» пәрменінің алдында «Еркін тұрІ» пәрмені беріледі. Осы пәрмендердіңқалай орындалуы керектігін түсіндіріп және көрсетіп болған соң оны үйренуге кірістіріледі. Осы мақсатта «Бөлімше, бір қатарға - сапталІ», «ТүзелІ», «ТіктелІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» деген сияқты пәрмендер беру арқылы түрлі сапқа тұрулар жүргізіледі. Оқушылар «СапталІ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын иемденеді, саптық тұрысты қабылдайды, ал мен оның орындалу дұрыстығын тексеремін. Саптық тұрыста дұрыс тұру үшін кеуде тік ұсталып, иекті алға шығармай үстау керектігін ерекше айтып өтемін. Саптық тұрысты орындау дұрыстығын тексеру үшін барлық элементтермен тұтастай жаттықтырамын.Бұл мақсатта: «Бөлімше (взвод)- сапталІ», «Бөлімше (взвод) – тік тұрІ» пәрмендері беріледі. Тексеру үшін оқушылар аяқтарының ұшымен көтеріледі. Егер олар саптық тұрыста дұрыс тұрған болса, онда бөлімшенің (взводтың) барлық оқушылары пәрменді алға еңкеймей орындайды. Егер «Аяқтың ұшын көтер , жаса- бірІ » пәрменін берсем, саптық тұрыста дұрыс тұрған оқушылар аяқтарының ұшымен көтеріле алмайды. «ТүзелІ» жағдайын взвод немесе бөлімше құрамында екі қатарлы сапта үйретемін. «ТүзелІ» пәрмені сапта тұрған оқушылар «Тік тұрІ» пірменін орындар алдында белгіленген аралық пен арақашықтықты ұстап, қатарда бір сызық бойына түзеліп, саптық тұрыста тұруы үшін беріледі. Оқушылар «ТүзелІ» пәрмені берілгенде бастарын оңға бұрады, бұл кезде аяқ, қол, кеуде қалпы өзгермейді, ал басты өзін «1-ші» деп санағанда 4-ші адамның кеудесін көріп тұратындай жағдайда бұрады. Басын оңға бұрғанда, оң жақ құлақ сол құлаққа қарағанда жоғарылау болуы тиіс. Оқу тобының (взводтың) «ТүзелІ», «Тік тұрІ» пәрмендеріне жаттығуы үшін жаттықтыруды бірнеше рет қайталап, ал қажет болған жағдайда оқушылардың қателерін түзеп және көрсетіп отырамын. «СапталІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін бірнеше дүркін бере отырып, оларды дұрыс және нақты орындауға қол жеткізуге тырысамын.

Тақырыбы: Ядролық қару

Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзім ішінде, кең аумақты саны көп халықты, шаруашылық нысандарын қиратады.

Жаппай қырып жою қаруының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады.

  • Зақымдаушы факторлардың әсер етуінің ауқымдылығы.

  • 3 ф әрекетінің ұзақтығы

  • Кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі

  • Кең маралдық – психологиялық әсер етуі.

  • Әскерлердегі жеке құрамының, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандардың, жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізілудің қажеттілігі.

Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, шикі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. ядролық зарядтың қуаты тропил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылады, оны ондық, жүздік, мыңдық және миллиондық тоннамен өлшейді.

  • Ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу жеткізу құралдары: ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Одан басқа бұл мақсатта ядролық фугастар да қолданылады.

Ядролық жарылыстар ауада, жер үстінде, жер астында жүзеге асырылады.

Жарылыс болған нүкте – орталық, ол жер үстіндегі оның проекциясы ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.

Оның негізгі зақымдаушы факторлары

  • Соққы толқыны

  • Жарықтық сәуленуге шалдығу

  • Өткір радиакция

  • Радиоактивті зақым және электро магнитті импульс болып табылады.

Осы факторларды жеке жеке талдап түсіндіріп меңгерту.


Сабақтың тақырыбы: Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

Жаңа материалмен таныстыру: Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқынына, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта айтарлықтай әсер етуі, адамдарға, әскери техникаға, қару-жарақ пен құрылыстарға ядролық оқ-дәрілер зақымдау әрекетінің араластығымен сипатталады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары (Поражающие факторы ядерного взрыва) — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.

Жеке құрамның аралас зақымдану кезінде соққы толқыны әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға, зиянды сәулеленуге шалдығудан пайда болған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін. Кейбір әскери қару-жарақтармен әскери техника түрлері, құрлыстар мен мүліктерді соққы толқыны әсерінен қирап, бір уақытта зиянды сәулегешалдығу арқылы жанып кетеді. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптар электромагниттік импульс және ядролық жарылыстың ионданған сәулеленуі әсерінен қатардан шығуы мүмкін, бұл нейтронды оқ-дәрілер жарылысына тең.


Аралас зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы, сәуле ауруы жаралар мен күйіктердің жазылуын қиындатады. Ол өз кезегінде, сәуле ауруын асқындатады, жұқпалы ауруларға адам ағзасының иммунитетін төмендетеді.

Зақымдауды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл болып бөлінеді. Өлтіретін мен өте ауыр адам үшін өте қауіпті, көбнесе өлімге әкеледі. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне әдетте қауіпті емес белгілі бір уақытта жеке құрамның ұрысқа қабілеттігінен айырады. Жеке құрамның соққы толқынның немесе зиянды сәулеге шалдығу әсерінен қатардан шығу жеңіл зақымдану, ал орташа зақымданудан кейін арнайы медициналық орталықтарда жатып емделуге тура келеді. Ядролық жарылыс өткенен кейін не біраз уақыт өткеннен кейін жеке құрам қабілетсіздік танытуы мүмкін, соққы толқын мен өткір сәулелену адамға бірден әсер етеді, ал өткір радиация біраз уақыттан кейін, айлар өткенен кейін ауруға шалдығудың белгілері білінуі мүмкін. Ядролық жарылыстан кейінгі зақымдану факторларының әсерінен жарақат алу қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді.

Қайтарылмайтынға медициналық көмекке дейін қаза тапқандарды, емделу мекемелерінде не емделуге жататын ауруларды санитарлық деп атайды. Ал қару-жарақ пен әскери техникалардың істен шығуы әдетте соққы толқынның әсерінен болады. Олар жеңіл және орташа бүлінуі мүмкін. Күшті зақымданғандар жөндеуге келмейді, не күрделі жөндеуді талап етсе толық зақымдану мүлдем жарамсыз болғандары. Құрлыстардағы зақымдану: әлсіз, орташа және толық болып келеді. Ядролық жарылыс кезінде үйінділер мен өрт аймағы пайда болады.


Зақымданудың координаталық заңы. Ғимараттарға ядролық жарылыс кезіндегі келтірген шығынына қарай мынандай факторлар түсіндіріледі:

  • Жарылыс орталығына (эпицентріне) қатысты нысана коорд.ның мақсатымен;

  • Оқ-дәрінің зақымдау әсері қарқындылығымен;

  • Нысананы жою шамасының деңгейімен;

  • Нысананың әлсіздігімен;

  • Жарылыс орталығына қатысты алғандағы жергілікті жер нысандарының орналасуы мен бағдарының айырмашылығымен.


Зақымданудың координаталық заңы ядролық оқ-дәрі жарылысының орталығымен салыстырғанда нысанның зақымдалу мүмкіндігінің ауырлығы оның көрсетілу орнынан төмен емес жерімен байланыстылығын көрсетеді.

Зақымдау нысандарын топтастыру. Нысан зақымдалуда ядролық соққының әсер етуі төмендегідей факторларға байланысты:

- нысанның түрі, өлшемі және жылжымалылығы;

- нысанның қарапайым зақымданудағы беріктігі;

- жарылыстың күші, түрі, саны;

- соққы кезіндегі жергілікті жердің бедері мен метеорологиялық жағдайы.

4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Аралас зақымданулар неге енгізіледі? Ядролық жарылыстан зақымдану дәрежелеріне қыысқаша сипаттама бер. Қару-жарақ пен нысандар зақымдануы туралы не айта аласыңдар?

5. Бағалау. Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Ядролық жарылыстардың әсер ету факторлары мен қиратқыштық қасиеттері туралы толық мәліметтер алу, жарылыс ортасынан бастап таралу кезіндегі болатын әрекеттер мен жағдайлар, олардан сақтану мен жою жолдарын білу.


Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК Тәртіптік жарғысы

ҚР ҚК мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы. 
Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады. 
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;

в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;

е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;

и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады. 

Тәртіптік жазалар. 

Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:

а) сөгіс;

ә) қатаң сөгіс;

б) кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;

ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың лауазымын төмендету;

ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.

Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.

Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады. 

ҚР ҚК Ішкі жарғысы


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Ол:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар - намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс - қылықтардан тежеуге;
әскери әдептілік, мінез - құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір - қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Химиялық қару.

Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

  • УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

  • ҰУХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

  • УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

  • ҰУХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

  • қарсыластардың ҰУХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

  • тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

  • химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы ҰУХЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен:

  • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

  • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

  • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

  • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

  • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

  • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына ҰУХЗ-дың әр түрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар.

Бу – газ тәрізді түрде болатын зат,

Аэрозольдар – ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер.

Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Химиялық қаруды пайдаланбау туралы 1899жылы және 1907жылы халықаралық Гаагада өткен конференцияларда улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға тиым салатын келісім-шарттар қабылданды.

1914 - 1918 жылдардағы дүнйежүзілік соғыс кезінде Германия қабылданған шешімдерді бұза отырып, тітіркендіргіш-уландырғыш заттары бар артиллериялық химиялық снарядтарды қолданды. 1915 жылдың сәуірінде Ипра ауданында (Бельгия) неміс әскерлері алғашқы газ баллонды қолданып шабуыл жасады, нәтижесінде алғашқы сағаттарда 6 мың адам өліп 15 мыңдайы әр түрлі дәрежеде зақым алды.

1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әр түрлі УЗ шығарылды, оның 125 мың тоннадайы ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн-дай химиялық снарядтар дайындалды. Дүниежүзілік соғыста УЗ-дан зақымданғандардың жалпы саны 1 млн 300 мың адамдай болды.

1925 жылдың 17 маусымында 37 мемлекеттің өкілдері Женевада «Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да тәрізді және бактериялогиялық заттарды қолдануға тиым салу туралы хаттамаға» қол қойды. Кеңестер Одағы бұл хаттамаға 1927 жылы қол қойып, оны 1928 жылы мақұлдады. Қысқа мерзім ішінде Женева хаттамасын әлемнің көптеген елдері мақұлдады. Кейбір ірі мемлекеттер, мысалы АҚШ пен Жапония, оны мақұлдаудан бас тартты. Тек 50 жыл өткеннен кейін ғана АҚШ бірнеше ұсыныстар енгізе отырып, бұл хаттаманы мақұлдауға мәжбүр болды.

Бірақ тарихта Женева келіссөзіне қарамастан, басқыншылық соғыста химиялық қаруды қолданғаны туралы деректер бар. Мысалы, 1935-1936 жылдары Эфиопиямен соғыста итальяндықтар жаппай химиялық шабуылды 19 рет жүргізді. 760 мыңдай әскер мен Эфиопия тұрғындарының 30%-дайы химиялық қарудан қаза тапты. Химиялық қаруды Жапония 1937-1943 жылдары Қытаймен болған соғыста қолданды.

АҚШ халықаралық келіссөздерді бұзып, 1951-1952 жылдары Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық агрессорлар Вьетнамға және Үндіқытайдағы басқа мемлекеттерге қарсы соғыста химиялық қаруларды кеңінен қолданды. Тек Вьетнамның өзінде 100мың тоннадан астам химиялық заттар жұмсалды. Одан 2 миллиондай адам зардап шегіп, химиялық заттар әсерінен 360 мың гектар өңделген жер және 0,5 миллион гектар ормандағы өсімдіктер жойылды.

Соғыста химиялық қаруды қолданудың бүкіл адамзат ұшін қауіптілігін ескере отырып, әлем қауымдастығы бүкіл армия арсеналынан химиялық қаруды шығарып тастау, оған толық тиым салу үшін күрес жүргізеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі