Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі қазіргі заман талабы
Р.О. Аккулова
(Ақтау қаласы, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, e-mail: zhan__monti@mail.ru )

Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыруда.
Электронды оқыту мұғалімдердің шығармашылығын дамытудағы маңызды рөлін атқарады. Ұстаздың тақырыпты түсіндіруі барысында сабақ үдерісіне қажетті жеректер мен мәліметтерді ақпарат көздерін қосымша пайдалануға электрондық оқыту жүйе көптеген мүмкіндікке ие.
Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуына көз жеткізу үшін ең алдымен педагог біліктілігіне, білім жетілдіруге қазіргі саналы ұрпаққа жеткізе білу қажет. Осыған орай қазіргі ұстаздарға жаңа техникалық немесе педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, ұстаздар, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьюторлар және де басқа білім беру салаларында білім беру үдерісіне қатысушылар қолданатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушының өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге- компьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға-қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға-өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына үлкен мүмкіндік береді. Бұл-қашықтықтан оқыту мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы арқылы байланыста болса, ең негізгісі, барлық үйренушілерге мүмкіндік беретін оқытудың жаңа парадигмасы болып саналады. Электронды оқыту ұстаздардың шы,армашыдықпен айналысуына ықпал етсе, балалармен тікелей байланыс орнатуға , қызықты материалдар мен шығармашылық туындыларды жүзеге асыру. Ең бастысы, ата-ана да білім беру үдерісінің белсенді мүшесі болуында.
Ел басы атап көрсеткендей,
электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат –
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру
ресурстары мен технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесін басқарудағы басты құрал болуы себепті электронды
оқыту жүйесі білім білім беру ортасы жайлы барлық қажетті
мәліметтерді сақтайды. Сондай-ақ, біріншіден - білімді дамытудың
ақпараттық жіне ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету құралы,
екіншіден-электронды оқыту жүйесінің кез келген түйініннен
мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің
мониторингін жасау құралы, үшіншіден-білім беру жүйесі туралы
қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша
есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы
ретінде қарастырады.
Электронды оқыту жүйесі барлық білім беру
мекемелері, ұстаз, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып
отыруы туралы мәліметтерді сақтайды. Электронды оқыту өмірімізге
енгенге дейін білім алу кітаптың көмегіне сүйенді, теорияны оқуға
көп уақыт кетті. Қазіргі бала нұсқаулықты оқымайды, барлығын іс
жүзінде көргісі келеді, эксперимент жасауға қорықпайды, ақпараттар
айдынында еркін жүзетін бала керегін ұстаздан бұрын біліп алады.
Күнделікті өмірде мынадай жағдай таныс: жаңа теледидардың пультін
кім тамаша меңгерген? әрине, жастар. Сондықтан да қазіргі кезде
біздің болашақ ұрпағымыздың талабына жауап бере алатындай
электрондық оқыту жүйесінің үздік контентін жасақтауды ойлану
керек дейді мамандар.
Электрондық оқыту білім беру үдерісінің
барлық деңгейлерінде, мектептен жоғары оқу орнына дейін,
түбегейлі өзгерістер еңгізуде. Қазіргі таңда e-learning жүйесін
енгізу әлемде жетекші трендтер қатарына қосылды. Өйткені
компьютерлік технологиялар кәсіби экзотика қатарынан шыққалы қашан,
ол күнделікті өмірдегі қажеттілікке, ең алдымен жастардың
қажеттілігіне айналды. Оқушылар мен студенттер компьютерден,
планшеттен немесе басқа да жабдықтардан оқулықтар оқуға мүмкіндік
алып отыр. Электронды оқулық сізбен виртуалды әңгімелесе алатын,
сұрақтар қоятын, түсінбегеніңізді түсіндіре алатын, қызықтырған
мәселені тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін интерактивті білім
алу жүйесіне айналды. Бұған қоса заманауи мультимедиялық
мүмкіндіктер арқылы ең атақты педагогтар мен оқымыстылардың
графика, бейне көріністер пайдаланылған дәрістері мен сабақтарына
қол жеткізуге болады.
«Бұл жүйенің артықшылығы неде?» деген сұраққа жауап берер болсақ, электронды оқыту жүйесі еліміздің білім беру жүйесін жаңа сатыға көтерумен қатар, ауқымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Дамыған елдердің білім беру жүйесі түсіндіру, жеткізу қағидаларына негізделген дәстүрлі оқыту жүйесінен бас тартып, электронды оқытуға көшкен. Электронды оқыту әдістемелері ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашады. Бұл педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі. Яғни, оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Өзіңізге белгілі, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орта және техникалық жіне кәсіби білім беру ұйымдарында (e-learning) электрондық оқыту жобасын енгізу кезең-кезеңмен жүріп жатыр.
Дегенмен, мектептерде мұғалімдер мен басқарушы қызметкерлердің жұмысын жетілдіруге және жеңілдетуге септігін тигезетін, мектеп пен жұртшылық, мектеп пен ата-ана арасындағы электрондық байланысты жүзеге асыруына, әрбәр оқушыны өз бетімен білім алуына ыңғайлы технологиялардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мол мүмкіндігін пайдалану өз дәрежесінде қалыптаспай келеді.
Осы оқылықтың алдын-алу , педагог кадрлардың шығармашылық және біліктілік деңгейін арттыру, оқушылардың білімге құштарлығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызғушылығы арқылы арттырып, білім сапасын көтеру мақсатында Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен «Маңғыстау облысының бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы» базасында «Он-лайн» платформасы жасақталып жатыр.
Облыс бойынша (e-learning) электрондық оқыту жүйесі 2012 жылы 18, 2013 жылы 27 білім беру ұйымдарына енгізілсе, 2014 жылы 21 білім беру бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша білім беру саласында да бірқатар шаралар, атап айтқанда мектеп сайттарының жұмысын жандандыру.
Электрондық оқыту жүйесінде желіде еркін таралатын оқу материалдары бар ашық білім беретін қорлары жасақталып, жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық білім жасақтамалры еркін аударылып, электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылады. Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдары енетін болады. Сандық білім беру ресурстары оқыту үрдісінде бір тұтас ретінде қолданылатын, сандық түрде берілгендердің жиынтығы. Сандық білім беру ресурстары өзара байланысы бар оқыту объектілерінің жиынтығынан тұрады:
• Символдық объектілер (белгілер, символдар, мәтіндер, графиктер);
•Бейне объектілері (фото, суреттер);
• Аудио ақпараттар(ауызшамәтіндер, диалогтар, музыка);
• Видео объектілер(анимациялар, модельдер, видеосюжеттер);
• «Виртуалды нақты» объектілер(тренажерлар, интерактивті модельдер, конструкторлар) Сандық білім беру ресурстарын қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Біріншіден-мұғалім өзбетімен сабағын құрастыра алады. Екіншіден-мұғалім сабағын сандық білім ресурстардың мазмұны негізінде өткізе алады. Үшіншіден-оқушы өз бетімен танымдық іс-әрекет атқарады (мектепте болмаған жағдайда) бағдарламалық оқыту арқылыжүзегеасады.
Біздер смарт қоғамда, басқаша айтқанда ақылды қоғамда өмір сүреміз. Барлық жерде барлық желілерге қол жетімділік бар. Әр адам көпфункциялы құрылғыға ие: смартфон, планшет және т.б. Яғни жастарымыздың қолында осындай мүмкіндіктер бар. Оқушы берілген тапсырмаларға кез келген жерден қалаған уақытында қол жеткізе алады; ақпаратты басқа оқушылармен бірге қолдана алады; мұғалім мен басқа да оқушылармен байланыс жасай алады. Яғни оқушы анағұрлым мол білімдік қорымен болашақ өмірге батыл қадам жасайды.
Қорыта айтқанда, электронды
оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
-Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
-Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с)
-«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;
-Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;
-Тестіні басқарудың ішкі жүйесі-TMS;
-Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;
-Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
-Сыртқы ақпараттық жүйелерменбіріктірумодулі. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқытужүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?
Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне иеболады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Электронды оқыту жүйесіне көшу кезеңінде көптеген қиындықтар туындайды:
- интернет желісі жылдамдығының төмендігі;
- жүйедегі сервердің дұрыс жұмыс жасамауы;
- сандық білім ресурстарының пәндік салалардың оқу бағдарламасы бойынша қол жетімділігі;
Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр.
Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы жылдар да түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.
Болашақта біз компьютерді өзіміздің ойымызбен басқаратын боламыз!.

Мысал
ретінде, SMART Board Dual Touch 685
интерактивті тақтасы оқытушы мен оқушы жұмысына, оқушылардың топпен
жұмыс жасауға, презентациялар өткізумен қатар, семинарлар өткізуге
мүмкіндік береді. Бұл құрылғы ғылым мен оқытуды, және оқытушы мен
оқушы арасындағы диалогты көрнекі етуге
көмектеседі.
Ізденістер бойынша,
Мәскеу
елдерінің
алдыңғы
қатарлы мектептерінде SMART
және
басқа да
жаңа
ақпараттық құрылғыларды
оқу
үрдісін
қызықты,
әрі
дамыту үшін қолданылып
жатқаны
және
оның
оқытушыларды
оқытуда
үлкен жетістіктерге
жетіп
жатқандығы
мәлім болды.
Бұндай мектеп
оқытушылары
басқа
оқу орнынан
келген оқытушыларға жаңа технологияны енгізу тәжірибесімен
бөлісуге дайын екен.Сонымен қатар, SMART компаниясы оқу
үрдісін барлық оқушыларға, соның ішінде ерекше оқытуға мұқтаж
балаларға да қызықты ету үшін барлық күштерін салуда.
Инетактивті тақтамен жұмыс жасаудың
артықшылықтары:
-
Барлық жастағы оқушыларға тиімді;
-
Оқытушыға веб-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалды оқушыыларға жеткізуді күшейтеді;
-
Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;
-
Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі;
-
Оқытушыға жаңа материалды сынып центрінен түсіндіруге мүмкіндік береді;
2013
жылдың келесі бір жаналығы SMART Table 442i интерактивті
тақтасы. Үстелдің жұмыс беті сұйық кристалды жылтер емес болып
келеді, мүмкіншілігі Full HD (1080p). Бұл экранмен кез-келген жарық
түсуінде жұмыс жасау ыңғайлы. Әдемі интерфейспен қатар тақта бір
мезетте 40 тиісуді сезініп, 8 оқушыға бір уақытта жұмыс жасауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үстелді бүлдіру де немес жұмыстан
шығаруда тіптен оңай емес. Енді оқытушы берілген тапсырманы өзі
құрастыру мен қатар өзгертулер енгізіп, SMART Exchange ресурстар
сайтынан әзір тапсырмаларды да жүктеуіне
болады.
Смарт құрылғылар не үшін қажет?
-
Смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
-
Бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;
-
Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі;
-
Сабақтың центрден есте сақтау қабілетіне үлкен экраннан көрсетілуіне, сол уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, сол бағытта басқа бір тапсырманы жасай алуларына болады;
-
Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
-
3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
-
Оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;
-
Оқушылардың бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты, топпен жұмыс жасауды да ыңғайлығы;
-
Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің де жақсы өтуіне септігін тигізеді;
-
Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді;
Смарт құрылғылардың оқушыларға қажеттілігі :
-
Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;
-
Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;
-
Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;
-
Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;
-
Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;
-
Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, сабағымыздың берілуі мен сапасын жақсарту үшін оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ауадай қажет екендігі түсінікті. Смарт құрылғыларды игеру және оқу үрдісіне қосып, оларды жаңартып отыру қажет. Бұл құрылғыларды тек информатика пәні оқытушылары емес, барлық оқытушылары пайдаланғанын бақылау, қажет болса үйрету, оқыту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет [1]
-
Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет. [2]
-
Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003-13 бет. [3]
-
Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан мектебі" №6, 2003 [4]
-
Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. Просвещение, 1991. [5]
-
Дамитов Б.К., Фредман Л.М., Физические задачи и методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6. [6]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз