400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электрондық портфолио маңызы мен міндеттері. Электрондық портфолио құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электрондық портфолио маңызы мен міндеттері. Электрондық портфолио құрылымы

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. 

Электрондық портфолио (электрондық портфолио) – құжаттар, суреттер, бейнелер және басқа да ақпаратты қамтитын тұлғаның немесе ұйымның цифрлық бейнесі.

«Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді. 

Мұғалім портфолиосы – бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін – өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту.

Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.

Электрондық портфолио – оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылығын қалыптастыру құралы:

1.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша ерекше идеялар мен педагогикалық жетістіктерді айқындау және тарату;

2.Мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін арттыру; 
3.Педагогтардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру.

Мұғалімнің электронды портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

жүйелілік;

мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;

ақпараттың объективтілігі;

көрнекілік.



















Электрондық портфолио педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау, жүйелеу құралы

Электронды портфолио көп жағдайда веб портфолио түрінде кездеседі. Ал қарапайым интерфейсте жұмыс жасауға болатын AutoPlay бағдарламасы арқылы оқытушыларға, оқушыларға және т.б қызметкерлерге оңай түрде электронды портфолио жасауға болады.

AutoPlay бағдарламасы туралы түсінік

AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Осының барлығын арнайы бағдарламашының білімінсіз–ақ жасауға болады. Ал C++, Java, Visual Basic бағдарламаларының мүмкіндіктері арқылы жұмыс нәтижесі жоғарлай түседі. AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және жеңіл жұмысы жасауға арналған элементтер орналасқан. Бұл бағдараланың құрал – саймандар тақтасында бейнелермен, бейнефильмдермен және дыбыстармен жұмыс жасауға араналған батырмаларда бар.

AutoPlay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктері орнату барысында плагиндарға да қатысы болады.

AutoPlay бағдарламасының мәзір жолағы

Мәзір жолағында төмендегідей батырмалар орналасқан:

  • Файл.

  • Редакторлау.

  • Түзету. 

  • Бет.

  • Диалог. 

  • Объект. 

  • Жоба. 

  • Публикация. 

  • Түр.

  • Құралдар.

  • Көмек.

Файл мәзірі. Сақтау қатарын, жаңа жоба құру мен сақталған жобаны ашу. Жобаның файлы ретінде (*.APT) және жоба мұрағаты (*.APZ) қолдануға болады.

Жобаны сақтау барысында шаблон үлгісінде автордың атын, кері байланысты, сонымен қатар веб сайтты енгізуге болады. Мұрағат үлгісінде сақтау қосымша көшірмені пайдалану мақсатында қолданылады.

Ашу әрекеті арқылы сақталған жобаны және мұрағат файлы мен жобаны ашады.

Жаңа жоба құру үлгілердің біреуін таңдау мен жаңадан құру мүмкіндігін береді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
08.04.2025
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі