жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Электроника әлеміне саяхат
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Электроника әлеміне саяхат»
Мақсаты:Электроника әлемі туралы түсінік қалыптастыру, қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, пайдасы туралы білімдерін нығайту.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Түрлі-түсті суреттер,слайд
Билингвальды компонент:Телевизор-теледидар,пылесос-шаңсорғыш,холодельник-тоңазытқыш
Сөздік жұмыс: теледидар,шаңсорғыш,тоңазытқыш
Оқу қызметінің кезеңдер
|
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру-шылық- Ізденістік
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төріме міне еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал,қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздерме,апайлар.
Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.
Ән салады чемодан, Ішінде тұр көп адам. Сөйлемейді сөзіңді, Шешуі не екен, балалар?
Шыр –шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң, Өзі сөйлеп кетеді. Бұл не?
Жәрайсыңдар балалар.Бүгінгі оқу қызметіміз электроника әлемі деп аталады. Электр құралдарына:теледидар,телефон,шаңсорғыш, тоңазытқыш,кір машинасы жатады. Суретпен жұмыс. Электр құралдарымен жеке –жеке таныстырып, атқаратын қызметі жөнінде әңгімелеу.
Балалар,электр құралдары туралы тақпақтарымызды айтайықшы. Төребек Сезім Қақпақтарын ашады, Нүктелерін басады. Ар жақтағы адамды, Байланысқа қосады.
Мұхит Айжұлдыз Үйіміздің ішінде, Дәу манитор тұр қарап. Көп ақпарат береді, Теледидар бұл ғажап.
Ғажайып сәт. Музыкалық әуенмен қызыл телпек келеді. Тәрбиеші:Сәлеметсізбе қызыл телпек. Қызыл телпек:Сәлеметсіңдерме балалар. Тәрбиеші:Қызыл телпек байқаймын көніл күйіңіз жоқ сияқты.Не болды? Қызыл телпек:Балалар ертең әжемнің туылған күні еді,не сыйларымды еш таппай жатырмын.Сендер көмектесіңдерші? Тәрбиеші:Қызыл телпек ,еш уайымдамаңыз,біздің балалармен ойын ойнаңыз,біз сізге көмектесеміз,оған қалай қарайсыз. Қызыл телпек:жәрайды,ойнасақ ойнайық,мен ойынды жақсы көремін. Дидактикалық ойын : «Түсін тап» Шарты: Қызыл,сары,жасыл,көк түсті кір машиналарына,түсіне қарай киімдерді жинап салу. Сергіту сәті. Ал балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып. Біз демалып алайық, Оңға,оңға түзу тұр. Солға,солға түзу тұр, Алға қарай бір адым. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. Дидактикалық ойын: «Не артық» Шарты: Электр құралдарын басқа құралдардан ажыратып айту. Қызыл телпек рахмет сізге,сізбен бірге оқу қызметіміз қызықты болды.Біз тобымызға әдемі телефон алып қойған едік,сіз осыны анаңызға сыйлыққа ұсынсаныз болады. -Бүгінгі оқу-қызметі ұнады ма? -Электр құралдарын атаңдар? -Неліктен электр құралдары деп атаймыз? - Бізге қонаққа кім келді? Балаларды мақтап,мадақтап оқу қызметін аяқтау. Қол
ұстасып тұрайық
|
Балалар бір-біріне қарап,мәз-мейрам болып,шаттық шеңберін жасайды.
теледидар
телефон
Балалар тәрбиешіні зейін қоя тыңдайды.
Тақпақтар айтады
Сәлеметсізбе
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды .
Ия,ұнады Өз жауаптарын айтады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Электр құралдары туралы мәліметтерді
Игереді: Электр құралдарының қызметін,сипатын
Меңгереді: Дидактикалық ойындарды,тапсырмаларды дұрыс орындай білуді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген