400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электростатикадағы өріс жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 10-сыныптың Физика пәніне өтетін мұғалімдеріне арналған. Бұл тақырып оқушылардың ой деңгейінің көтерілуіне, сыни тұрғыдан ойлауына өз ойын еркін жеткізе алуына бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

№17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп













Ашық сабақ





Мұғалімнің аты-жөні: Маханбетов А.М



Тақырыбы: Электростатикадағы өріс жұмысы

Күні: 25.01.2018ж

Сыныбы: 10 «А»



















Шымкент 2017-2018 оқу жылы

Пәні: Физика Сынып ___10 __А______ күні: 25.01.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Нүктелік заряд өрісінде біртекті электр өрісінде зарядталған бөлшектің жасаған жұмысы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: біртекті және нүктелік өрісте бөлшектің жұмысы туралы түсіну.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есеп шығару қабілеттерін дамыту.

 б) Тәрбиелік:  Электр зарядының сақталу заңын, әдептілікке шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды пысықтау

Оқыту әдісі : блум таксономиясы, сыни тұрғыдан ойлау, дәмді десерт әдісі, қытайша деерт әдісі, құпияхаттар әдісі, тик так ойыны.

Оқу мақсаты:

1. өрісте зарядтың жасаған жұмысын анықтау

2 зарядтың жасаған жұмысы оң немесе теріс екенін ажырата білу

3. Жұмыстың орындалмайтын жағдайларға көз жеткізу

Білу.(5-мин) «Дәмді десерт» әдісі. Десерт атты карточка таңдап, сұрақтары қай топ аттарына сәйкес екенін аықтап, 4 топқа бөлінеді. Әрқайсысына берілген сұраққа жауап береді.

1-топ. « кернеулік »

  • Электр өрісінің кернеулігі нені сипаттайды.

  • Кернеулікті қандай әріппен белгілейді.

  • Кернеулікті анықтаудың неше формуласы бар.

  • Заряд мәні өссе кернеулік мәні қалай өзгереді.

  • Кернеуліктің өлшем бірлігі.

2-топ. « потенциал »

  • Потенциал қандай әріппен белгіленеді.

  • Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасын не деп атайды.

  • Потенциалдың екі формуласын ата.

  • Зарядтан алыстаған сайын потенциал мәні қалай қзгереді.

  • Потенциал мәні зарядтың қай бөлігінде максимал мәнге ие болады.

3-топ. « Кулон заңы »

  • Екі зарядтың бір-бірімен әрекеттесу күшін анықтайтын заң?

  • Зарядталған денелер айналасында өріс бар екенін қалай білеміз?

  • Зарядталған дене зарядталмаған денеге қалай әсер етеді.

  • Дененің зарядталғанын қалай білеміз.

  • Пластмасса зарядтала ма?

4-топ. « күш сызығы »

  • Өрістің күш сызықтары бір-бірімен қалай орналасады.

  • Күш сызықтары қандай зарядтан басталады.

  • Өрістің күш сызықтарының бейнесін қалай аламыз.

  • Электр өрісінің күш сызықтары шартты түрде қандай зарядтан аяқталады?

  • Нүктелік зарядтың күш сызығы тұйықталған ба?

Бағалау парағы (1-мин)

№

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

1 ұпай

А деңгейі

Есептер шығару

4 ұпай

В деңгейі

Постер қорғау

6 ұпай

С деңгейі

Жалпы ұпай саны

1






2






3






4






5






Топтың ережесі:

  • Өз тапсырмаңды орында.

  • Өзге оқушылардың не істеп жатқанына назар аударма.

  • Ешқашан сыныптасыңа сыныпта тапсырма орындау барысында кеңес берме.

  • Мұғалімнің орындап және айтып жатқанынан басқа жайттарға көңіл бөлме.

  • Алдыңа қарап отыр.

  • Тыныштық сақта.

    • Ережелер қайталаумен, мадақтаумен және жазалаумен күшейтілуі мүмкін.



Түсіну. Сіздер Шардараның ЖЭС энергияны қайдан алатынын білесіздер. Судың жерге құлау есебінен жасаған оң жұмысы энергияға айналады. Жасаған жұмысы қандай формуламен анықтауға болады. Әр топ формуланың қандай болатынын параққа жазып көрсетеді. Оған 1-мин уақыт беріледі. Керісінше төмен емес жоғары көтерілсе, су теріс жұмыс атқара ма? Себебі?

Түсіндіру әдісі. 10-мин. Сол секілді су тегіс беттен құламай ағыс бойымен өткенде энергиясын жоғалтпағандай, заряд та нүктелік зарядтан бірдей қашықтықта қозғалғанда энергиясын жоғалтпайды. Су құлағанда биіктігін өзгерткендей, бөлшек те нүктелік зарядтан қашықтықты өзгерткенде жұмыс жасайды. Су төменнен жоғары орналасу қиын болғандықтан теріс жұмыс атқарса, бөлшек төменгі потенциалдан жоғары потенциалға өту теріс жұмысты атқарады. Яғни нүктелік зарядқа жақындау қиын болады.

Қолдану. « қытайша десерт» әдісі. Бір-бірін бағалайды. 7-мин

Мұнда әр топқа есептер беріледі. Оқушылар есеп күрделігіне қарай, өзара бір-бір есептен бөлісіп жауабын тез шығаруға тырысады. Сағат тілімен дәптер алмасып бір-бірін тексеріп қателерін табады.

1.Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өрісі күштерінің жұмысы

2. Электр өрісінде 100 нКл заряд 2 см-ге орын ауыстырғанда 2,4 кДж жұмыс атқарылды. Өріс кернеулігі?

3. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆ =25 В. Осы нүктелер арасында 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы?

4. сұйық ішінде орналасқан 6 нКл нүктелік заряд 0,2м қашықтықта 10 В/м кернеулік туғызса, жасаған жұмысы?

5. А нүктесіндегі электр өрісінің потенциалы 200 В, В нүктесіндегі потенциалы 300 В. Шамасы 5 мКл заряд А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда электр өрісі күштерінің атқаратын жұмысы?

Талдау. «құпияхаттар» әдісі. 2-мин + 8 мин

Әр топқа бір хаттан тарқатылады. Хатта электр өрісінде зарядталған бөлшектің қозғалғандағы траекториясы көрсетілген. суретті постерде салып, керек шамларды көрсетіп жұмысты есептеу формуласын табыңдар. (бұл топта есеп шығару дағдысы мен қызығушылығын арттырады )

БShape1 өлшектің А нүкте-сінен В нүктесіне қозғалыс траекториясы көр-сетілген. суретке:

А) өрістің күш сызығын бағытымен сыз

В) А ж/е В нүктедегі потенциалды әріппен белгіле

С) А-дан В-ге орын ауыстыру жұмысының өрнегін (формула) жаз

бShape2 өлшек КLMN сызығын сызып өтеді. Суретке:

А) өрістің күш сызығын бағытымен сыз

В) К ж/е N нүктедегі потенциалды әріппен белгіле;

С) К нүктесінен N нүктесіне орынауыстырған кездегі бөлшектің жұмысын табу өрнегін жаз


бShape3 өлшектің А нүктеден В нүктеге орын ауысудың үш түрлі траекториясы көрсетілген. Суретке: А) өрістің күш сызығын бағытымен сыз

В) ) А ж/е В нүктедегі потенциалды әріппен белгіле

С) А-дан В-ге орын ауыстыру жұмысының өрнегін (формула) жаз

Д) үш түрлі орын ауыстыру жұмысы бірдей ма?

бөлшектің А нүктеден тShape4 өрт түрлі нүктеге (В,С,Д,Е) орын ауыстыру көрсетілген. Суретке:

А) нүктелік өрістің күш сызығын бағытымен сыз;

В) А,В,С,Д,Е нүктелердегі потенциалдар мәні бірдей ма?

С) жасаған жұмыстары тең ба? Жұмысты табу өрнегін (формуланы) жаз



Соңында әр топ бір-бірін бағалайды.

Қорытындылау. Тик так тий ойыны. 2-мин

Бірінші ойыншы ұтты деген – бөлшек оң жұмыс атқарды дегені, яғни потенциалы көптен азға өзгергені.

Екінші ойыншы ұтты дегені – бөлшек теріс жұмыс жасады дегені, потенциал аздан көпке өзгергені.

Екі ойыншы да теңдей түскені – бөлшек ешқандай жұмыс атқармағаны, яғни потенциалы өзгермеді дегені.

Кері байланыс. 
1. Чемодан(суреті) 
2. қоқыс жәшігі (суреті) 
3. еттартқыш (Суреті) 
оқушылар чемодан суретіне не түсінгендігін жазады.

Қоқыс жәшігіне мүлдем не түсінбегендерін жазады.

Еттартқыш суретіне нені қайта білгісі келгенін жазады.

Үйге тапсырма. 8,6 оқу 16-жаттыгу №5-7

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі