400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Электротехникалық арматура

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілігін арттыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары. Көркем өнер.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Бөлім. «Сәндік-қолданбалы өнер»

Күні:

Сынып: 6 сынып (қыздар)

Сабақ: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1

қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамала-рын түсіну және білімін көрсету

6.1.2.1

қазақ халқының ұлттық және әлем мәдение-тіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туын-дыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

Сабақ мақсаттары

  • Қыздар тоқыма өнерімен танысады;

  • Дереккөздерді пайдаланып, тоқыма түрлерін зерделейді;

  • Тәжірибелік жұмысты жасау мақсатында қолданады;(ою-өрнектің нобайы)

  • Нобай жасау барысында ассиметрия, симметрия және ритм сынды заңдылықтарды ұстанады;

  • Зерттелген әдіс-тәсілдер бойынша тоқу өнеріне шығармашылық жұмыс орындайды;

  • Іс-тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ұстанады;

  • Уақытты тиімді пайдаланады;

Бағалау

критерийлері




1.Тоқыма өнерін зерттейді;

2.Дербес түрде тоқу өнерінің түрлі әдіс-тәсілдеріне зерттеу жасайды;

3.Нобайда түстік шешімді өте саутты қолданады;

4.Нобай бойынша тоқыма өнерінде шығармашылық жұмыс орындайды;

5.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Тілдік мақсаттар


Сабақтағы лексикамен терминалогия

Сәндік-қолданбалы өнер,тоқыма, ілмек, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру;

Құндылықтарды

дарыту



- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі:

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір бойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақтағы тақырып, негізінен тарих және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты. Жаратылыстану пәні арқылы қыздар өрнектердің шығу тарихына үңілсе, қазақ әдебиеті арқылы, қазақ халқының сәндік –қолданбалы өнеріндегі кестемен бізкестенің, кестелеп тоқу өнерінің негізгі орынымен маңыздылығын түсінеді;

АКТ қолдану

дағдылары

- Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Жұмыс барысында оқушыларға қажет жағдайда ноутбук қолданылады,оқушылар зерттеу барысында түрлі сайттармен жұмыс жасап, АКТ дағдыларын дамытады.

- Оқушылар өз зерттеу дағдыларын дамытады, жетілдіреді, көбінесе ғаламтор сайттарымен жұмыс жасап шығармашылығын зерттеу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.

Бастапқы білім


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2А Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).

Осы тақырып бойынша қыздар жұмыс жасап, ою-өрнек түрлеріне зерттеу жүргізіп, зерттеу нәтижесінде ою-өрнекпен безендірілген жастықша жасап шықты

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақ басы

10 мин








































10 минут

зерттеу





















Сабақ ортасы 15

Минут




Дифференциациялық тапсырма

Таңдау бойынша, ролдерге болісіп алу

1. суретші

2.мәлімет жинақтаушы

3. спикер






Бағалау процессі

3 минут




Сабақ соңы кері байланыс

5 минут




Қорытынды

2минут



Сабақ бойынша рефлексия

«Миға шабуыл» әдісі ретінде экраннан бір сурет көрсетіледі.

Суретке қарап оқушылармен талқылау жүргізу арқылы, көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Сұрақ-жауап» белсенді оқыту әдісін қолданып, сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз. Бұл белсенді оқыту әдісін қолдануда оқушылармен мұғалім арасында тығыз байланыс жүреді. Сұрақты мұғалім қойып бастайды, ары қарай оқушылар жалғастырады. Осылайша ортақ тақырып пен мақсатқа келіп, анықтайды.

Ары қарай, таныстырылымда тоқыма өнерінің тарихы мен түрлеріне шолу жасалынып, әдістерімен таныстырылады.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;

  • Ережеге сай жұмыс жасау;

  1. Тапсырма

Топпен жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар үшін «Джигсо» әдісі қолданылады. Ол үшін оқушылар топқа біріктіріліп алынады. Оқушы саны мен қабілеттері ескеріліп, үш немесе төрт топқа біріктіріп аламыз. Ол үшін оқушылардың қолына кеспе қағаздар беріп, соны құрастырудың нәтижесінде бірнеше топқа бірігетін болады.

Мысалыға:

1 2

4 4

Осылайша топта оқушылар жұмыс жасайды. Мәтін беріліп, мәтінді оқушылар талдап, сол бойынша сыныпқа таныстыру керек. Спикерді мұғалім таңдайды.

Жалпы таныстырылым жұмысынаа қойылатын талап, төмендегіше:

1.Тоқыма түрлерін зерттейді;

2.Өз ойынан оқыған мәліметке таныстырылым жасайды;

Оқушылар танысқан материалдарымен өзге де сыныптастарын таныстыруы керек. Осылайша оқушылар арасында білім алмасу жүреді.


2-ші тапсырма

Үш топқа екінші тапсырма ретінде «Тоқыма өнері» деп аталатын қалыптастырушы тапсырма беріледі.

1-топ үшін: «Қазақ ұлттық өнерінде тоқыма өнерінің алатын орыны» атты тақырыбы

2-топ үшін: «Киімдердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

3-топ үшін: «Инерьердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

Бағалау жұмысы: Сағат тілімен жүреді. Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады Берілген бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін – өздері бағалайды. Бұл бағалау процессі барысында балалардың академиялық шыншылдықтары орын алады.

Оқушының аты – жөні____________ сыныбы_______ тобы__

№

Оқушының

аты-жөні________

Сынып_8____

Бағалау шкаласы*/+


«Тоқыма өнері» тапсырмасына бағалау критерийі:


1

Тоқыма түрлерін зерттейді;


2

Таңдалған тақырып бойынша мәлімет жинақтайды;


3

Постерге қызықты етіп, мәліметті түсіреді;


4

Постер түстік шешімде орындалады, сауатты таныстырады;


5

Қауіпсіздік ережесін ұстанады;


Жалпы баға:

Оқушылар бұл жұмысты бағалау үдерісін топта жүргіеді.

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;

  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;





Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ бұйымдары.



Қолмен орындалатын инешаншым және тігім түрлері

СҚӨ бұйымдары бейнеленген суреттер.



Маргулан, А. Х. Казахское народное прикладное искусство [Текст] /А. Х. Маргулан — Алма-Ата: Онер. Т. 1.-1986.-256 с. Т. 2.- 1987.-288 с. Т. 3.-1987.-288 с.

https://youtu.be/





























Кері байланыс «Сабақтағы менің орыным» өздерінің орындарын белгілеп, қысқаша мәлімет береді

Сабақ жайлы өз пікірлерін жазады

Сабақ соңында мұғалім кері байланыс береді.

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін бағалап, әр-бір оқушының атын атап, белсенділігін, жасаған іс-әрекетін атап өз бағасын береді. Егер қолдауды қажет ететін оқушылар болса, оларға үй тапсырмасы беріледі немесе сабақтан тыс уақытқа қосымша сабаққа шақырылады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
1245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі