Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Электрқыздырғыш құралдартуралы мәлімет беріледі. Қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіреді. Балқымалы сақтандырғыштар туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Достлеуова Л.Д.

Күні:

20.02.2025

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.17 қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіреді;

Құндылықтарға баулу

Ар-ұят құндылығы: Академиялық адалдық қағидатын қолдану; Жауапкершілікті сезіну;

Талап құндылығы:Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут




Өткенге шолу

5 минут





















Сабақтың ортасы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу


«Сіз білетіннің барлығы» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау

1.Металдардағы электр тогы дегеніміз не?

2.Металдардағы токты тасымалдайтын қандай бөлшектер?

3.Металдардың меншікті кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттаңдар.

4.Металдар кедергісінің температураға тәуелділігін қандай аспаптарда қолданылады?

5.Асқын өткізгіштік деген не?

6.Асқын өткізгіштердің артықшылығы неде?

7.Металдар не себепті жақсы өткізгіштер саналады?


«Зерделі сұрақ-дәлелді жауап» әдісі

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында сұрақтар қою.


1.Пәтерлерде немесе ғимараттарда неліктен электр автоматы орнатылады?

2.Электрқыздырғышқа ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неліктен қызбайды?

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау


Оқушыларды стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша қайталау жасайды.










Оқушылар қойылған сұрақтарға талдау жасайды, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады


Бағалау парақшаларын тарату




ҚБ: «Мен жұлдызымды ...... беремін»
















ҚБ: ауызша мадақтау, ынталандыру


8 сыныпқа арналған оқулық, интерактивті тақта,

стикерлер

Shape1
















https://youtu.be/-j6kaaiz67I?si=7rvi0dszy40wVB1x

Топтық жұмыс

10 минут








Жұптық жұмыс

7 минут


«Қазына іздеу» әдісі негізінде жоба қорғау


І топ. Электрқыздырғыш құралдар

ІІ топ. Қыздыру шамдары. Электр үнемдеуіш шамдар

ІІІ топ. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар




«Проблемалық тәсіл» арқылы сапалық есепке жауап беру.


1-тапсырма: Тізбекке жалғанған электр тұтынушылар санын көбейтсек, сақтандыр ғыштардың қыл сымы күйіп кетеді. Неге?

Жауабы: Тізбектегі ток күші шекті шамадан артып кетеді.

2-тапсырма: Неге өндіріс орындарындағы сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгілде күйіп кетеді?

Жауабы: Ток тұтынушылар саны көбейеді, осыдан тізбектегі ток күші сақтандырғыш тағы шекті мәннен артады да, қыл сым күйіп кетеді.

3-тапсырма: Балқып кеткен қорғасын сымның орнына мыс сым қойсақ, балқығыш өзінің қызметін атқара ала ма? Басқа қорғасын сым қойса ше?

Жауабы: Жоқ. Қойылатын қорғасын сымның кедергісі сақтандырғышқа сай болу керек.

4-тапсырма: Балқымалы сақтандырғыштың қыл сымын неліктен қорғасыннан жасайды? Цезиден әлде мыстан жасаса не болады?

Жауабы: Қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден біршама төмен.

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топ ішінде талқылау жасайды. Топ спикер-лері жобаны қорғайды.


Оқушылар жұптаса отырып, сапалық есепке жауап береді




Талап құндылығы: Білуге,

жаңаны

тануға

құштарлық танытады;









ҚБ: әріптес пікірі

Топтар өзіне ұнаған бір топты атайды. Ең көп дауыс жинаған топ «Үздік топ» атанады.



Дескриптор:

Сақтандырғыштың қыл сымының күйіп кету себебін түсіндіреді.

-Өндірістегі сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгіл де жұмыстан шығу себебін айта алады.

-Қойылатын қорғасын сымның кедергісі сақтандырғышқа сай болу керек екендігін түсінеді.

-Балқымалы сақтандырғышқа қойылатын қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден өзгеше болатынын біледі.

Жалпы балл-5

Плакаттар, маркерлер, қыздыру шамдары, диодтар,


Жеке жұмыс


13 минут
















































Сабақтың соңы


3 минут



Функционалдық сауаттылық тапсырмасы

Тақырыбы: Қысқа тұйықталудың пайда болу себептері және алдын алу шаралары.


Айжан мен анасы демалыс күні үйде болды. Олар шай ішпек болып, электр шәйнекті тоққа қосты. Кенет шәйнектің шнурынан от шығып, электр қуаты сөніп қалды. Анасы тез арада тоқ көзін ажыратып, жағдайды бақылап шықты.

Жұмыстан келген әкесіне Айжан болған жағдайды баяндап берді. Әкесі шәйнектің шнуры зақымдалған болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, қысқа тұйықталу көбіне ескі немесе бүлінген сымдардан, тоққа тым көп құрылғы қосудан және ылғалдың электр жүйесіне түсуінен болатынын түсіндірді.



Тапсырма

1. Қысқа тұйықталу қандай физикалық құбылысқа жатады?
A) Жылу құбылысы
B) Электр құбылысы
C) Магниттік құбылыс
D) Оптикалық құбылыс

2. «Шындық немесе Жалған» тапсырмасы

Қысқа тұйықталу электр тізбегіндегі кернеудің артуына әкеледі.



Қысқа тұйықталу кезінде ток күші артады, ал кедергі азаяды



Автоматты ажыратқыштар мен сақтандырғыштар қысқа тұйықталудан қорғай алмайды



Автоматты ажыратқыштар мен сақтандырғыштар қысқа тұйықталудан қорғай алмайды



3. Қысқа тұйықталудың қауіпті салдарларын атаңыз.

4. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану қажет?

5.Электр желісінде 220 В кернеу бар. Егер электр шәйнегінің кедергісі тек 0,1 Ом болса, тізбектегі ток күші қандай болады?

6.Сіздің үйіңізде қысқа тұйықталу орын алмас үшін сіз не істер едіңіз?


Рефлексия. Осы тақырыпта нені меңгердіңдер?

-Жаңа алған ақпарат қаншалықты пайдалы және қызықты болды?

-Тақырыпқа қатысты тағы не білгілерің келеді?

-Тақырып барысында қандай сұрақтар туындады, оны кіммен талқылағың келеді?


Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу


Үй тапсырмасы. §28 оқу, Шығармашылық тапсырма:

«Қысқа тұйықталудың алдын алу» тақырыбында презентация дайындаңыз. Оған суреттер, ережелер мен пайдалы кеңестер енгізіңіз.


Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.


ЕБҚ оқушылар орындай алғанша орындайды











Ар-ұят құндылығы: Академиялық адалдық қағидатын қолданады; Жауапкершілікті сезінеді;
























Оқушылар бүгінгі сабаққа ауызша кері байланыс береді.

Дескриптор:

1. Қысқа тұйықталу қандай физикалық құбылысқа жататынын түсіндіреді-1балл
2. «Шындық немесе Жалған» тапсырмасын орындайды -2 балл
3. Қысқа тұйықталудың қауіпті салдарларын атайды- 1 балл

4. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану қажет екенін айтады-

1 балл

5.Ом заңын қолданып, ток күшін есептейді-

2 балл

6.Қысқа тұйықталу орын алмас үшін қандай әрекет жасайтынын айтады-1 балл




















1-10 балл








Тапсырма бар парақша

















































Стикер

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі