Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электрсыйымдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына дайын сабақ жоспары "Электрсыйымдылығы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Электрсыйымдылығы

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық,

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу;

- конденсаторларды тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Міндеттері:

- электрсыйымдылық анықтамасын білу;

- конденсаторларды тізбектей және параллель жалғауды есіне түсіру;

- формулаларды есептер шығаруда дұрыс пайдалану;

3. Күтілетін нәтижелер

- электрсыйымдылық ұғымын біледі;

- қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролін түсінеді;

- кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды;

- қуатталған конденсатор мен қуаттан ажыратылған кездегі энергия өзгерісін талдап, салыстыра алады, білімді жинақтап, қорытынды жасайды.

4. Қажетті ресурстар

Физика оқулығы 10 сынып, презентация, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу


2. Білімді бақылау (5 мин) фронтальды сауалнама

Алған білімді тексеру. Сұрақтар:

«Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, ортаға орындыққа бір студентті отырғызып сұрақтар қойылады.

  1. Қай кезде өткізгіштің ішінде өріс болмайды?

  2. Электр зарядтарының өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынын дәлелдеген кім?

  3. Өткізгіштің қай жерлерінде зарядтың тығыздығы жоғары?

  4. Электр тогын өткізбейтін зат.

  5. Диэлектриктердің неше түрі бар және оларды атаңыз?

  6. Диэлектрлік өтімділіктің формуласын жазыңыз.

  7. Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегі еркін зарядталған бөлшектер өздерін қалай ұстайды?

  8. Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?

  9. Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі

а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрғанда неге тең?

10. Электростатикалық индукция қандай құбылыс?

11. Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?.

Білімді бағалау критерийлері:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • есептің шешімін слайдтан қарап тексереді.

3. Жаңасын баяндау әдісі бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өз бетінше меңгеру, мультимедиялық оқулық, таныстырылым арқылы тақырыпты түсіндіру (4 мин)

Жаңа тақырып

Миға шабуыл:

Теле радиоаппаратураны жөндеу маманының көмегіне жүгінген уақытыңыз болды ма? Қалай ойлайсыз ол немен айналысады?

Осы бөлшектерді атай аласыз ба?

Бұл маманға физиканың қай бөлігін білген дұрыс?


Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады. Бұл өткізгіштерді (пластиналарды) конденсатордың астарлары деп атайды.

Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы:

мұнда S – әр пластинаның ауданы, d – пластиналар арасындағы арақашықтық.

Сфералық конденсатордың электр сыйымдылығы:

Түрлері:

Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.

Жазық конденсатор бiр-бiрiнен аз арақашықтықта орналасқан бiрдей екi параллель пластинадан тұрады.

Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

Конденсаторлар не үшін қажет?

Ұқсастық: Банкаға құйылған сумен салыстыру: банканың көлденең қимасы-сыйымдылық, биіктігі-кернеу, су-заряд немесе энергия; Аккумуляторда банкадағы су жіңішке шлангпен ағады; конденсатордағы зарядтың ағып кетуі банканың түбі ашылып, су бірден ағып кеткенге ұқсас.

4. Топтық жұмыс. Конденсатор түрлерімен таныстырады, топпен талқылайды. (10 мин)

1-топ Жазық конденсатор

2-топ Сфералық конденсатор

3-топ Цилиндрлік конденсатор

Білімді бағалау критерийлері:

  • SWOT талдау арқылы бірін бірі бағалайды.

5. Жеке жұмыс: есептер шығару(үлестірме қағаздар) (10 мин)

  1. Сыйымдылығы 1 Ф тең болу үшін шардың радиусы қандай болуы тиіс? Оны Күннің радиусымен салыстырыңдар? (Жауабы: 9•109 км)

  2. Радиусы 3 см шарға 20 нКл заряд берілсе, шардың потенциалы қаншалықты артады? Егер шар ауамен емес, керосинмен толтырылған болса, жауабы қандай болады? (Жауабы: 6 кВ, 3кВ)

  3. 10 кВ потенциалға дейін зарядталған радиусы 10 см шар 14 кВ зарядталған радиусы 6 см шармен ұзын сыммен қосылған. Осыдан кейін қай шарда потенциал артық болады және қандай шамаға? (Жауабы: біріншіде 6,7 нКл)

  4. Сыйымдылығы С1=30мкФ және С2=40мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? (Жауабы: С3=710-5Ф, С4=17Ф)

  5. Сыйымдылықтары С1=1 мкФ,С2=2 мкФ, С3=4 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып қандай ең макситмал сыйымдылық алуға болады? (Жауабы: 6мкФ)

  6. Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ болатын  100 конденсатор параллель жалғанған. Толық сыйымдылықты анықтаңыз. (Жауабы: 200мкФ)

Білімді бағалау критерийлері:

  • берілгенін жазады;

  • ХБЖ айналдырады;

  • формуланы түрлендіреді;

  • жауабын дұрыс көрсетеді.

6. Материалды бекіту. Кластер-сызба жасау (7 мин)


Бекіту:

  • Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады.

  • Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;

  • Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;

  • Диэлектриктің өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;

  • Өткізгіштердің ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;

6. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (3 мин)


Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


7. Үй тапсырмасы. (1 мин)

§34 Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау

Жаттығу есептері.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11