400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елге қайтамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жерге сағыныш
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ықшамды сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:


Күні: 12.07.2019


Мұғалімнің аты-жөні: Кусайнов А.А.

Сынып: 5 Т1


Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар: -

Бөлім атауы:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Елге қайтамыз

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

жалпы ақпаратты сұрай білу және жауап беру іскерлігін меңгерту(Т3);


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы болжап түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады

Көптеген оқушылар:

Мәтіндегі тірек сөздер арқылы болжайды, мәтіндегі түйінді идеяны айта алады. жалпы ақпаратты сұрап, жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтінді өмірмен байланыстырып, өз ойларын ортаға салу

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді мұқият тыңдайды

  • Сұрақтарға жауап бере алады

  • Мәтін мазмұнын айтады.

  • Өз ойларын ортаға салады.

  • Мәтінді өмірмен байланыстырады.

Дескриптор

  • Мәтінді мұқият тыңдайды

  • сұрақтарға жауап береді

  • Мәтін мазмұнын айтады, Өз ойларын ортаға салады.

  • Мәтінді өмірмен байланыстырады.

  • Тірек сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап бере алады.


Тілдік міндеттер


Құндылықтар

Отанға деген сүйіспеншілік


Осыған дейін меңгерілген білім



Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


10 мин





Оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.

Шаттық шеңберіне тұрып, «Мен Саянмын . Мен саяхатқа бардым..., Саяхатқа сары субарумен бардым. Өзіммен сабын, сөмке, сүлгі алдым» тренингпен бастап, сабақтың тақырыбын шығарамын.

  • Балалар, біз саяхаттан соң не істейміз?

  • Қайда барамыз?

Әрине, уйге қайтамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз «Елге қайтамыз»

Жаңа тақырыпты оқымас бұрын жаңа сөздермен танысамыз




Оқушылар шеңберге тұрады.






Сабақтың ортасы



































Жаңа сөздерді оқушылармен мұқият оқып, қайталаймыз.

Шәй – чай

Кеселер – чашки

Жылау – плакать

Мәтінді бірнеше рет оқу.

Тірек сөздер /тақтаға жазылады/

Солқ-солқ, асығыс, бәйек, көңілсіз, күйін, түксиіп, қайтайықшы.

Жігер үйге жылап кірді. Солқ-солқ етеді. Ас үйде шәй ішіп отырған әке-шешесі қолындағы кеселерін үстел үстіне асығыс қоя салды. 
- Балам, саған не болды? – деді анасы Күлия бәйек болып, жанына келді.

- Біреу тиісті ме, неге жылайсың? – деді әкесі Жеңіс ұлының көңілсіз күйін көріп.
- Құлағам жоқ. Бірақ Қалибек...

- Қалибек тиісті ме? – деді әкесінің қабағы түксиіп.
- Ешкім тиіскен жоқ. Қалибек екеуіміз доспыз. Қалибек айтады «көктемде Қазақстанға көшеміз» деп. Ботагөздер де көшеді екен.
- Көшсе не болады? - деді шешесі Жігерге ешкім тиіспегенін білген соң көңілі орнына түсіп.
- Олар туған елге қайтамыз, - дейді.
-  Соған бола жылай ма екен?
  Жігер көзінің жасын сүртті.
- Әке, біз де елге қайтайықшы! – деді Жігер өтініп.
- Неге? – деп сұрады әкесі.
- Достарымның бәрі кетіп қалатын болды, - деді Жігер. – Мен де достарыммен бірге туған жерге барғым келеді.
- Мен Қазақстанда тұрғым келеді, - бала жыламсырап. – Біз де кетейікші, әке!
- Ол жақта не бар? Біз осында тұрып үйреніп кеттік.
- Қазақстанда ма? Ол жақта жаңа Астана бар. Біздің көк тудың түсі маған қатты ұнайды. Күн астында бүркіт бар. Ауылдағы Сырымның бүркіті сияқты.

Оқушылар мазмұнын тыңдап «ТІКЕЛЕЙ РАДИОЭФИР» Радио жүргізуші-оқушы, төрт қонақты (оқушылар) және аудиторияны (қалған оқушылар) қарсы алады.

  • Әңгіме калай басталды?

  • Қалай ойлайсыңдар неге Жігер жылады?

  • Жігер қандай қала туралы айтты?

  • Не себепті ол Қазақстанға оралғысы келді?

Аудиторияға сұрақтар қою:

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Отанға деген махаббатты қалай түсінесіңдер?

  • Атамекен, туған жер несімен қымбат?/ оқушыларды мадақтап, кері байланыс айту.

САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ

  • Ешкім тиіскен жоқ. Қалибек екеуіміз доспыз. Қалибек айтады «көктемде Қазақстанға көшеміз» деп. Ботагөздер де көшеді екен.
    - Көшсе не болады? - деді шешесі Жігерге ешкім тиіспегенін білген соң көңілі орнына түсіп.
    - Олар туған елге қайтамыз, - дейді.
    -  Соған бола жылай ма екен?
      Жігер көзінің жасын сүртті.
    - Әке, біз де елге қайтайықшы! – деді Жігер өтініп.
    - Неге? – деп сұрады әкесі.
    - Достарымның бәрі кетіп қалатын болды, - деді Жігер. – Мен де достарыммен бірге туған жерге барғым келеді.
    - Мен Қазақстанда тұрғым келеді....

/ оқушыларды мадақтап, кері байланыс айту.

-Балалар, мәтінде қай қала айтылды? Сендер Астанада болдыңдар ма? Онда нелер бар? Қандай ғимараттарды білесіңдер?

- Туған жерге сағыныш дегенді қалай түсінесіздер?

Оқушыларды мадақтау


Интербелсенді тақтадан оқу



































Сұрақтарды радио жүргізушісіне беру




Интербелсенді тақта








Сабақтың соңы





Бағалау

«СМС хабарлама» әдісімен кері байланыс
Бүгін мен сабақта ...

Мен үшін .... қиын болды

Келесі сабақта .... болғанын қалаймын.



«Блоб ағашы» бойынша бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Бірнеше оқушыдан сұрау.









Кеспе қағазына шығару


1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі