жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Елі сүйген - Елбасы!» -мерекелік іс-шара -5-11 сыныптар
ШҚО. Ұлан ауданы, Алмасай ауылы,
«Абай атындағы орта мектеп» КММ тәлімгері Аманжолова Мейрамгүл Аманжолқызы
Тақырыбы: «Елі сүйген - Елбасы!» мерекелік шара.
Мақсаты:
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін, сезімін ояту;
«Жас Қыран» ұйымына 1 – сынып оқушыларын қабылдау;
Көрнекілігі:Елбасы туралы деректі фильмдер, слайд, шарлар,
Барысы:
Шымылдық «Жігер» домбыра ансамблі күйімен ашылады. Слайд қосылып тұрады.
1- жүргізуші
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2 -жүргүзуші
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1- жүргізуші. Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші. Дорогие друзья! Наше праздничное мероприятие, посвящается Дню Первого Президента Республики Казахстан ! 1 декабря – впервые вся страна, весь народ Казахстан с гордостью отметит День Первого Президента Республики Казахстан.
2-жүргізуші. Dear friends! Our holiday is for the day «The first president of the republic Kazakhstan!». The 1st of December people of Kazakhstan celebrate proudly. The day of the 1st president of Kazakhstan.
Диә френдс! Ауэ холидей из фо зе дэй «Зе фөст презедент оф зе рипаблик оф Казакстан. Зе фөст Десембэр пипл оф Казакстан селебрэйт проблэй. Зе дэй оф зе фөст презедент оф Казакстан.
2-жүргізуші. 1 декабря 1991 года Казахстан сделал свой выбор в пользу Президента – Нурсултана Абишевича Назарбаева. Его стратегический талант, сила и настойчивость в достижении целей стали главным стержнем становления казахстанской государственности и уверенного развития страны, успехи которой общепризнаны в мировом сообществе.
жүргізуші.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға
айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.
2- жүргүзуші
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?
желтоқсан Президент күніне орай біз бүгін 1 – сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар ұйымына салтанатты түрде қабылдаймыз.
Ендеше, қымбатты қонақтар, 1 - сынып оқушыларын ортаға шақырайық! (музыкамен)
(Оқушылар оң жақ қолдарына галстук ұстап ортаға шығады. Сахнаның алдына 16 оқушы
тұрады)
11 - сынып оқушысы Алдияр:
Мектеп түзел! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!
1-жүргізуші:
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын! ( Қ.Р Мемлекеттік әнұраны орындалады)
Әнұран ойналады.( 2мин)
1-жүргүзуші. Құттықтау сөзі мектеп директоры Асаубаев Доғдырбек Матайұлына
Бүгінгі мерекелік шарамыздың қонағы ………………………………………………………………………….
…………………………………………………………………………. беріледі.
2-жүргізуші.
Құрметті мектеп әкімшілігі, қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі салтанатты мерекелік жиынымыздың қарсаңында мектептің, жас азаматтары еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі өтпек.
1-жүргізуші
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. 2011 жылы 1-қыркүйекте Нұрсұлтан қаласы №66 мектепте елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
( «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар анттарын айтады. Галстуктарын оң жақ қолдарына ұстап түзу тұрады.)
Біз, Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге, ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /АНТ етеміз!/ (3 – рет айтады)
(2мин)
2 -жүргізуші
Ендеше, 1 – сынып оқушыларына галстук тағу рәсімдерін бастайық.
(Осы кезде «Жаса, Қазақстан» әні ойналып тұрады.)
Галстук тағатындар:
Ауыл әкімі
Ауыл акиматының бас маманы Тоғжан
Ауыл акиматының маманы Нұрбек
Мектеп директоры ………………………………………………………..
Ардагер ұстаз Гульгайша Нуршайықовна
Ардагер ұстаз Қарлығаш Алтайқызы
Ардагер ұстаз Мергуль Каманқызы
Көпбалалы ана Баян Мержақыпқызы
Ауыл ақсақалы Рашидбек Мұхамеджанұлы
Бекеш апай
Зайра апа
Мектебіміздің Ұланбасы – Фархатқызы Сағыныш
Мектебіміздің оқу секторы – Бағланова Әдемі
Мектебіміздің………………………………………………………………
Мектебіміздің ……………………………………………………………...
Мектебіміздің………………………………………………………………
Мектебіміздің………………………………………………………………
Ендігі сөз кезегін 1 – сынып жетекшісі Сағатова Назым Болатхановнаға берейік.
Құттықтау сөз 1 – сынып ата – аналары атынан…………………………берейік.
11 – сынып оқушысы Алдияр: Мектеп түзел!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
1 – сынып оқушылары орындарына тұрады.
2 - жүргізуші.
Казахстан– это колоссальный труд Президента Республики Казахстан
Н. А. Назарбаева – политического деятеля мирового масштаба. Прогресс Казахстана за годы независимости стал возможен благодаря лидерству Президента. Республику отличают высокие темпы экономического роста, стабильность совершенно нового становления общества.
О Казахстан, как ты велик!
Люблю тебя за твой могучий лик:
За степи, горы, реки и моря,
За то, что ты – Родина моя!
Алдарыңызда бастауыш сынып оқушылары тақпақтар:
4 - сынып
1 – оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұр ағаңның бастауы
2– оқушы:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
3– оқушы:
Қазағымның туын тіккен — Елбасы,
Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,
Қазақ елін аялаған — Елбасы,
Қиындықта сая болған — Елбасы.
3 - сынып
4 – оқушы:
Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтын,
Нұр сыйлаған көк тәіңірім ғажапсың.
Нұрын шашып жібергенде Елбасым,
Ізі қалмай кетеді бастан кешкен азаптың.
5– оқушы:
Өткенін де өр елдің өрен білді,
Келешекке керекті өнерді ілді.
Желбірейді байрағым аспанымда,
Назарбаев есімін әлем білді.
2 – сынып
6 – оқушы:
Жеткізді ұлы өр елін бүгінгіге,
Дос қуанып, күншілдер түңілді де.
Бағыт алды "Мәңгі Елге" Қазақстан,
Сол жайлы ұрпақ айтар жырын, міне.
7 – оқушы:
Халқы сенер, ақылын елеп ұлдың,
Еліне де қашанда сенер ұлың.
Елбасысы болды да қазағының,
Еңкейтпеді
жалауын өр елінің.
1 – сынып
8 – оқушы:
Нұрсұлтандай
атамыз,
Қазақ елін басқарған
Атамыздай
боламыз,
Ел тағдырын ойлаған
9 – оқушы:
Талай
жылдар аңсаған,
Еркіндікті әперді
«Туған
елді, жерді сүй»-
Деп аманат етеді.
10 – оқушы:
Бар
баланың атасы
Жұмысы оның –
Елбасы
Қазақстан еліндегі,
Бар
баланың атасы.
11 – оқушы:
Сенің атың Нұрсұлтан,
Туған елің Қазақстан.
Мен Сізден үлгі аламын,
Қазақстаныммен
мақтанамын!
(5мин)
Ән 3 мин
1-жүргізуші.
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Елбасының тұсында жетті.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Ән
2-жүргізуші
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
1-жүргүзуші
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Алдарыңызда мектебіміздің биші қыздары, қарсы алыңыздар!
(2-
сынып) 3 мин
1-жүргізуші.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
ән
1-жүргізуші.
Халқы сенер, ақылын елеп ұлдың,
Еліне де қашанда сенер ұлың.
Елбасысы болды да қазағының,
Еңкейтпеді жалауын өр елінің.
Білді бөбек есімін бесіктен де,
Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.
Қазақстан деп білер бүкіл әлем,
Назарбаев есімін есіткенде.
2-жүргізуші.
Ел болдық , ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Елбасының атымен басталады.
Ән
1-жүргізуші.
Қазағымның туын тіккен — Елбасы,
Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,
Қазақ елін аялаған — Елбасы,
Қиындықта сая болған — Елбасы.
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Деректі фильм «Тұңғыш елбасы» көрсетіледі. 6 – сынып оқушысы Ералы «Нұр аға» әнін айтады, қайырмасында бүкіл оқушылар қосылады.(3 минут).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген