400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елі сүйген, елін сүйген елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 желтоқсан  -  «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» атты сынып сағаты

Сабақтың мақсаты:

·        1 желтоқсан  -  «Тұңғыш Президент күні» мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру;

·        Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, елбасымыз       

  Н. Ә. Назарбаевтың өз елінің өркендеуіне байланысты жүргізіп отырған саясатымен таныстыру; ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің  және тәуелсізділіктің  құндылықтарын жеткізу;

·        Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға  тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі:   тақырыптық буклет, ел рәміздері, слайдтар.

 

Сабақтың барысы

 І . Ұйымдастыру бөлімі.

 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:  

       Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай – ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендерсіңдер.Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!

 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
 
1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
 
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы. 
 
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 
 
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы. 
 1984-1989
 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
 1989-1991
 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы

 

Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған-ды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен  «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»  ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.


2. «Миға шабуыл» (блиц-сауал)

1.     Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?

         /қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының рәміздері:

         /елтаңба, ту, әнұран/

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:

         / теңге/

4.Қазақстанның бас қаласы:

         /Астана/

5.Әнұран қалай айтылады?

         /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/

6.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

          /Есіл/

7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?

          /ту/

8.Әнұранның авторлары:

         / Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

         /Т. Әубәкіров/

 

    ІІ. Негізгі кезең.

1.     Ссөзжұмбақ шешу (рәміздерге шолу)

 

1)          1830 жылы орыс әскері бірінші қай өзеннің бойына тоқтады?

2)          Мемлекеттік мереке және қандай  мереке бар?

3)          1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?

4)          Семей және Өскемен қалаларынан ағып өтетін өзен.

5)          Ұлттық мереке

6)          Н.Ә.Назарбаев кім?

7)          Қазақстан неше елмен шектеседі?

8)          Музыкалық аспап.

 

 

 

 -Жақсы, балалар, қандай сөз шықты?

-Рәміздерге не жатады?

-Қазақстан  Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен  мемлекеттік символдар бекітілді:

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Әнұраны

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба    — Қазақстан   Республикасының   негiзгi   мемлекеттiк     рәмiздерiнiң  бiрi.                    ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен  белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан   ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық  заңды күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту- көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ

          Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

         Әні: Шәмші Қалдаяқов

2.     «Астана жайлы ой қозғау»

  3.     

             ІІІ. Қорытынды:

Тренинг: «Ақ тілектер»

-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?

-Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылсын!

-Балалар бақытты болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Экономикасы дамыған ел болсын!

-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі