жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
елі сүйген ,елін сүйген елбасы
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру.
Білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге,
қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (әнұран)
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры :Нуржамал Ануарбековна Садықоваға береміз.
2 – жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
Баяндама: _________________________________
2 – жүргізуші:
Ән мен
күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
1 – жүргізуші: Айым: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне, сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады.
2 –
жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке
аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін
де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір
азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау
керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
1
жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
6-сынып
оқушысы Баймұханбет Айбардың
орындауында «Жаным
Қазақ» әнін қарсы алыңыздар
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
1-сынып оқушыларының өлең жолдарын қабыл
алыңыздар.
2
жүргізуші:Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Келесі кезекте 9-сынып оқшысы
Сауытбаева Енліктің орындауында «Қазақ биі» қабыл
алыңыздар
2 –
жүргізуші: Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән. «Көк тудың желбірегені» әні,
орындайтын 9-сынып оқушысы Ерсаин
Қасым
2
жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
8-сынып оқушысы Рахым Раушанның
орындауында «Аққу» биі қабыл
алыңыздар
1 –
жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
2- жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
1. Бар
әлемге шын танылдық міне, біз.
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік !
2
. Азаттық пен елге
қонды тосқанбақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа алып
қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1. Қазақстан
Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік
салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
2 жүрг. Қазақстан Республикасының Гиміні шырқалсын.
1 . Ардақты ағайын, 1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1желтоқсан- мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 .
Жоғары Парламентінің бекітуімен 2012
жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні
мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті, бұл баршамыз үшін қуанышты
оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған
бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы
сезім мен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне тағада осы мерекені
тойлағалы отырмыз.
Алдарыңызда ән «Елім менің»
1
. Елі үшін көтеріп нар
жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсылтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
2 .
Азаттық теңдік әлемі
,
Шаттыққа елді бөледі
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Алдарыңызда ән «Жаса қазағым» орындайтын Болат
Мирас.
1 . - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның,халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерін де қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып , санатына қосудан үлкен мақсат жоқ десе « Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президеттік те, перзенттік те парызым » деген болатын.
2
. Мемлекет басқару ісі -
машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1
. Бір басында
кемеңгерлік, даналық
Еін сүйген елі үшін жаралып
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқанышын таралып
Бүгін тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық.
2 . Хор «Нұраға»
1
. Ел тынысын тереңінен
танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған видео
Би мұғалімдермен





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген