Тақырыбы: «Елі сүйген, елін
сүйген Елбасы.
Мақсаты:
Қазақ халқының тұңғыш
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмір жолы,туып өскен,оқып
білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат
беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі
ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке
азаматтыққа,патироттық сезімге тәрбиелеу.Балалар жүрегінде елбасына
деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекіліктер:слайд ,үнтаспа,Н.Назарбаевтың
суреттері, Желтоқсан құрбандарының
суреттері,Рәміздер,буклеттер.
Тәрбиеші:
Халқым айтқан жер көтерер ел
даңқын,
Елім айтқан ер көтерер жер
даңқын.
Президентім, елбасы,аман
болғай,
Мәңгі жаса ,жас қазағым,өр
халқым.
Тәрбиеші:-Балалар біздің елбасымыз
кім?
-Біздің Отанымыз қалай
аталады?
Ендеше балалар Отан туралы
тақпағымызды айтып жіберейікші.
Балалар:
Отан сенің
ата-анаң,
Отан
досың,бауырың,
Отан өлкең
астанаң,
Отан туған
ауылың.
Слайдпен
таныстыру.
Ендеше балалар, бүгін біз
елбасымыз Н.Ә .Назарбавтың өмірімен ,жақсы көретін ойындарымен,
танысамыз.
Н.Ә.Назарбаев 1940жылы
6-шілдеде,Алматы облысы,Қаскелең ауданында дүниеге келген.Балалық
шағында үлкендерге көмектесті,мал бағуға,бау-бақша өсіруге,үй ішіне
қажетті заттар алуға көмектесті. Мектепті жақсы оқыды,ата-анасын
қатты құрмет тұтты.Мектепті бітіре салысымен құрылысқа
аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін,бір топ достарымен
Украйнаға барып,металлург жұмысшы мамандығын меңгерді.Шойын құюшы,
домна пешінде жұмыстар атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап
көрінеді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер атқарды.Осындай еңбегінің арқасында ол
Қазақстан Үкіметін басқарды. Бұл кезде Н.Ә.Назарбаевтің жасы 44-те
ғана болды.Осылайша оның саяси өмірі басталды.1991-жылы
1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп
сайлады.
Елбасының бастауымен Отанымыз
әлемге танылды.Елбасымыз елі үшін еңбек
етті.
Қазақ халқы егемендігін
алып,Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қазақстанымыздың өз Ән ұраны,
елтаңбасы, көк туымыз болды.Елтаңбамызда шаңырақ,ортақ шаңырақ
биік,босағамыз берік болсын деген мағынаны, ал уықтар-үлкен үйдің
ел жұртқа бай,қуатты тілеймін деген мағынаны білдіреді.Ай мүйізді
,алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін ,қыранның
қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын
білдіреді.Мемлекттік ту ,тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,ішкі бұрышта көгілдір матаның сол
жағында қызыл өрнегі бар.
Слайд арқылы
көрсетіледі.
Н.Ә.Назарбаев атамыз бос
уақытында табиғат аясында атқа мініп серуендегенді жақсы
көрген.Сонымен қоса ,теннис ойнағанды,домбырамен ән салғанды, кітап
оқығанды жақсы көрген,арасында өлең де
шығарған.
Ой рахмет сендерге.Мінеки,
Сендердің бала-бақшаға келіп ,бақытты өмір сүріп отырғандарың
Нұрсұлтан аталарыңның арқасы.
-Сендердің ата-аналарыңның
жұмыс істеп еңбек етіп отырғандары Нұрсұлтан аталырыңның
арқасы.
Мінеки балалар,осының барлығы
Нұрсұлтан аталарыңның арқасы,сендер Нұрсұлтан аталарың туралы
тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың барлығы бірге
айтады.
Биіктей бер Нұр
аңа
Қыран қанат
самғасын,
Қадірлемей тұра
ма?
Халық сіздей
тұлғасын.
Тәрбиеші
сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Міне, балалар, бүгінгі таңда
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз,
әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті
болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер
болмақсыңдар.
Қане барлығымыз елтаңба туралы
тақпағымызды айтып жіберейікші.
Балалар:Елтаңбасы
елімнің,
Неткен
әйбат,әдемі.
Тұнығныдай
көңілдің,
Ортада аспан
әлемі.
Туымыз туралы тақпақ
айтайық.
Туымыздың
бейнесі,
Айнымайды
аспаннан.
Халық оны қашан да
,
Биікке іліп
қояды.
Балалар біздің де Тәуелсіздік мерекесіне арнаған
үлесіміз,білімізбен үлес қосайықшы.
Ойынымыз «Туған жердң
гүлдендірейік.»
Хор «Әрқашан күн
сөнбесін»
Мінеки балалар сендер де, өз
Отандарыңды ,туған жерлеріңді, Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын
,бүгінімізді ертеңге жалғайтын үлкен азамат пен азаматшалар
болуларыңа тілектеспін. Қане,бәріміз орнымыздан тұрып «Көк тудың
желбірегені» әнін орындап жіберейік. (слайд арқылы көрсетіліп
тұрады.