400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еліктеу арқылы жабайы жануарларының дыбыстарын үйрету»

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы білім беру ордасына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сағат саны

І - кезең




«Еліктеу арқылы жабайы жануарларының дыбыстарын үйрету»

-Жабайы жануарлары туралы толық мағлұмат беру;

-Жабайы жануарлардың дыбыстарын еліктеу арқылы дыбыстату, аттарын атау;

- Фонематикалық есту қабілетін дамыту;

-Эмоциалық сезімдерін дамыту;



- Дауыспен жұмыс жасау;

-Ұсақ моториканы дамыту;

Түзету жұмыстары:

- артикуляциялық жаттығулар;

- тыныс алу жаттығуы;

- дауыспен жұмыс;

- фонематикалық есту қабілетін дамыту жаттығуы;

- сергіту сәті;

- ұсақ моториканы дамыту;


Әдіс – тәсіл: ойын, көрсету, түсіндіру.

Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, жануарлар ойыншықтары, қапшық, түрлі-түсті қағаз.

І. Ұйымдастыру барысы:

Ормандағы аюдың 
Құлпынай көп екен 
Теріп - теріп аламыз, 
Қалтамызға саламыз ( қимылмен көрсетіп, балаға қайталату)
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

ІІІ. Тыныс алу жаттығуы

«Гүлдерді иіскеу» 

Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

«Көбелекті ұшырамыз»

 Бала қағаздан жасалған көбелекті ерін деңгейінде ұстап, мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

ІV. Дауыспен жұмыс

« А, О, У, И» әріптерін көрсетіп, дауыс жаттығуын бірнеше рет қайталайды.


V. Негізгі бөлім

- Балақай, бізге бүгін қонақтар келіпті. Кәнеки, олармен танысайықшы.

Аю, қасқыр, түлкі, қоян, жолбарыс ойыншықтарын көрсете отырып, кезектестіре атын атап, таныстырамыз. Олардың аттарын балаға бірнеше рет қайталатамыз.

Келесі кезекте жабайы жануарларды жекелеп көрсете отырып, дыбысын

тыңдатып, бірге айтқызамыз.

- Қарашы, олардың көңіл – күйі жоқ сияқты, кәне оларға суреттерін салып, көңілдерін көтерейік.

Балаға көрнекі түрде көресете отырып, трафаретті пайдаланып, жабайы жануарлардың суретін саламыз.

- Жарайсың! Енді олар сенімен ойнағысы келетінін айтты. Олар тығылып қалыпты, іздеп табайық.

«Қандай жануар» ойыны

Мақсаты: Мұғалім әр жерге жануарлардың бір ғана дене мүшесін көрсетіп, жасырады. Бала көрінген дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табуы керек. Табылған жануардың дыбысын дыбыстайды.


VІ. Фонематикалық есту қабілетін дамыту жаттығуы.

«Сиқырлы қап»

Мақсаты: Балаға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Ойын барысы: Мұғалім таныстырылған жануарларды алдын ала дайындалған қапшыққа салады. Балаға «менде бір сиқырлы дорба бар, онда не бар екен ?» дейді. «Кәне көрейік!» Бір ойыншықты қапшықта ұстап тұрып, оның дауысын дыбыстайды. Бала шамасы келгенше жануардың атын атайды.


VІІ. Сергіту сәті

Мұғалім қорбаңдаған аюды, қорқақ қоянды, қу түлкіні, қасқырдың іс-қимылдарын және дыбыстарын бірге жәй, тез, қалыпты орындатады.

VІІІ. Ұсақ қол моторикасын дамыту

Аю бейнесін жасау.(аппликациямен жұмыс)

ІХ. Қорытынды. Баланы мадақтау.





Маман: Сарымбетова Н.И



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі