«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі:
А.Б.Тохлиева
Күні: 07 .03.2018ж Пәні: Қазақ тілі Сыныбы:
6а
Сабақтың
тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы
түсінік
Сабақтың
мақсаты:
1) Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның
басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, еліктеу сөздердің
түрлерін ұқтыру;
2) Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін
дамыту;
3)Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, туған
жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты
меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру,
оқушы әрекетін ұйымдастыру
т.б.
Сабақтың көрнекілігі: шар, сағат, барабан
т.б. суреттер
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
бөлімі
Оқушылардың сабаққа қаысымын бақылау,
зейіндерін сабаққа аудару
2. Жаңа
сабақ
Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ
сұрақ.
а)) Қазақ тілінде неше сөз табы
бар?
Ой қозғау: Еліктеу сөз туралы не
білеміз?
Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның
күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз
батқанға дейін
қаншама іс - әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс - әректтерді
орындаушымыз.
Оқушылардың
назарын аудара отырып,"Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұқтыру үшін
түрлі суреттер көрсетіледі.
Сіріңке жағып,
стакандағы суға батырамын.
Сұрақ:
- От қайтып
сөнді?
- От быж етіп
сөнді.
- Дыбысты қай
сезім мүшелері арқылы
қабылдадыңдар?
- Құлағымызбен
естідік
2. Сағат аламын
да, стол үстіне қоямын.
- Сағат қалай
жүріп тұр?
- Сағат тық -
тық етіп жүріп тұр.
3. Барабан
соғу.
- Барабан
қайтті?
- Барабан дүңк
- дүңк етті.
4. Шар үріп,
атып қалу.
- Шар қалай
атылды?
- Шар тарс
етті.
Сұрақ:
а) Өздерің жаңа
көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не
ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды
қай сезім мүшесімен қабылдадық?
(Оқушылар өз
бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен
салыстырады)
Бейнелеуішті
таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1. Оқушының
атын атап өзіме қарату.
- Диас қалай
қарады?
Диас жалт
қарады.
2. Шам жағып
сөндіру.
- Шам
қайтті?
Шам жарқ ете
қалды.
3. Мұғалім
жүріп келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай
тоқтады?
Мұғалім кілт
тоқтады.
Сендер біраз
нәрсе көрдіңдер.
Осыдан не
ұқтыңдар?
(Ереже шығарып,
оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті
өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды
екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп
бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы
анықтаймыз.
Еліктеу
сөздер – айналадағы әр
түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен
немесе олардың бейнелерімен байланысты туған
сөздер. Мысалы: Мырс етіп
күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол кілт бұрылды. Былш ете қалды.
Тырс-тырс соқты.
Еліктеу
сөздер (мағынасына
қарай) Еліктеуіш
– табиғаттағы
заттардың қозғалуы, бір-бірімен соқтығысуы, соғылуы сияқты алуан
түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесіндегі дыбыстарға еліктеуден пайда
болған сөздер. Тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, шолп,
т.б. Бейнелеуіш
еліктеуіш – табиғаттағы
заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін
сөздер. Жалт, жарқ, лып, көлбең, ербең-ербең,
т.б.
Тапсырма Оқулықпен
жұмыс
230 - жаттығу.
Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын
көрсетіңдер.
Үлгі: зу ете қалды, төсекке күмп бердім
т.б.
Сабақты қорытындылау Шығармашылық
тапсырма (Аршат, Дәнел, Гүлназ,
Таня)
Суретке қарап, еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш
сөздерді қатыстырып мәтін
құраңдар.
Жеке жұмыс
Бос орынға еліктеу сөздерді қой. (Эсмира,
Бекзат, Әліби,Мейірбек)
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа
қарап .............. етеді.
Ай сәулесіне
шағылса.............. етеді.
Ауыл шетінен
................ еткен дауыс
естілді.
Қортындылау:
Не білдік, не
үйрендік?
Үйге тапсырма:
231- жаттығу (шарты бойынша
орындалады)
Бағалау
1-тапсырма
Бос орынға еліктеу сөздерді
қой.
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа
қарап .............. етеді.
Ай сәулесіне
шағылса.............. етеді.
Ауыл шетінен
................ еткен дауыс
естілді.
1-тапсырма
Бос орынға еліктеу сөздерді
қой.
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа қарап ..............
етеді.
Ай сәулесіне шағылса..............
етеді.
Ауыл шетінен ................ еткен дауыс
естілді.
1-тапсырма
Бос орынға еліктеу сөздерді
қой.
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа қарап ..............
етеді.
Ай сәулесіне шағылса..............
етеді.
Ауыл шетінен ................ еткен дауыс
естілді.
1-тапсырма
Бос орынға еліктеу сөздерді
қой.
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа қарап ..............
етеді.
Ай сәулесіне шағылса..............
етеді.
Ауыл шетінен ................ еткен дауыс
естілді.
1-тапсырма
Бос орынға еліктеу сөздерді
қой.
............ жаңбыр
жауды.
Күн................
күркіреді
Олар................
күлді.
Уәлихан Алмасқа қарап ..............
етеді.
Ай сәулесіне шағылса..............
етеді.
Ауыл шетінен ................ еткен дауыс
естілді.