жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Еліктеуіш сөздер
Шыныққан шымырлар спорттық ойын
Өтілетін жарыстың
мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулығын нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын,
күштіліктерін байқау, жарақатты
болдырмау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Тірек-қозғалыс жүйесін
нығайту.
Қолданылатын
құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик,
қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.
б.
Сайыстың барысы: Мектепті спорт залында көңілді музыка ойнап
тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы»
атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту –
мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап
көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш –
қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі
жұмыс жасауына ықпал етеді.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға сынып жетекшілерімен оқушылардан құралған, сайысқа түскелі
тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «------------------»
№2 топ «----------------»
№3 топ «-----------------»
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 7 турдан тұрады.
Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту
жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен,
төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, ұстаздар,
әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр
бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 7 турдан
тұрады.
Олар:
1. Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)
3. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер
арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген
есепті шығару
5. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып
жарысқа түседі)
6. Кім шапшаң картоп отырғызады (кішкентай шеңбер ішіне картошканы
салып, қайтадан жинап алу)
7. Арқан тартыс
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған
боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Сау болыңыздар!
Ленин негізгі мектебі
«Шыныққан шымырлар» спорттық ойыны
Жауапты:Бегалинов А.Т.
2015-2016 оқу жылы
Ленин негізгі мектебі
Сен және сенің болашығың
/диспут/
Жауапты: Бегалинова Ж.Б.
2016 ж.
«Сен және сенің болашағың» әңгімелесу сабағы
Тақырыбы: «Сен және сенің болашағың»
Мақсаты: Бұл сабақты өткізу барысында оқушылардың аңсаған армандарына қол жеткізудің жолдарын нұсқау , Армандаумен қатар батыл, адал , еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Ұлы тұлғаларды үлгі тұта отырып, сол жолда тынбай білім алуға баулу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакат, ұлы тұлғалар портреті, әртүрлі суреттер
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Бала арманы
Ұлы Абайдай кең жүрек
Дана болғым келеді
Бауыржандай ер жүрек
Батыр болғым келеді.
Бар білімді меңгерген
Ғалыс болғым келеді
Жетпіс өнер теңгерген
Дарын болғым келеді
Міне осындай дурмекті
Бар осындай арманым
Елге деген құрметті
Ертеңіме жалғадым
Арманның үлкен кішісі болады деп ойлайсыңдарма?
Өздерінің қандай армандарың бар?
Адамдарға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Арманға қалай қол жеткізуге болады деп ойлайсыңдар?
Әңгіме
Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші арманың орындалу үшін талпынасың, үшінші, төртіншт…. Солай жалғасып кете береді өйткені бұл өмір. Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті , уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді. Білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы. Себебі ол сол шақтаүлкен бақытқа кенеледі.
Арман мен ақыл.
Қадыр Мырза-Әли
Шіркін-ай, күйші болсам,
Бал тамған бармағынан.
Шіркін-ай биші болсам,
Шығып бір арманымнан.
Шіркін-ай әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай
Шіркін-ай батыр болсам
Айбаты арыстандай
Шіркін-ай ғалым болсам,
Тідескен даналықпен
Әлемге мәлім болсам
Ашқан көп жаңалықпен.
Көзіңнен күлімдеген
Бір ұшқын сезіп пе ең сен?
Алдымен білім деген
Бәйгеден озып келсең
Актердің, ақынның да
Жанына ғылым қорек
Бүгінде батардың да
Өзіне білім керек.
Оқудың озатына
Арман да таяу болар
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар
Білімнің арманға қандай қатысы бар?
Арман -адамға қанат (Халық мақалы)
«Арман алға жетелейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауабы)
Жүректен-жүрекке
Сүйемін қатты сүйемін
Бақытты сұлу өмірім,
Жас денемде жалын күш
Көтеріңкі көңілім…..
Қуанбасқа немене…
Өсірген соң өмірім…
Шыңына шықтым құлпырып
Өмірдің биік дөңінің
Құшақтаймын аймалап
Жайнаған жас өмірім
Құлпырамын құндыздай
Көтерінқі көңілім
-
Сонымен, әр адамның болашағы-өзінің қолында. Арманыңа жай емес, зор еңбектің арқасында жететіндеріңді түсіндіңдер деп ойлаймын.Армандарың-асқақ, болашақтарың –жарқын болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген