400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елім деп соғар жүрегім 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елім деп соғар жүрегім

8-сынып

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жақсы көру, құрметтеу
Мақсаты: "Атамекен", "Отан", "туған жер" ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Міндеттері:
• Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
• Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
• Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып «Көк тудың желбірегені» атты өлеңін орындайды.

Әңгімелесу
1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, ата-мекені
2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?

Отанға деген сүйіспеншіліктің түп - тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады. Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.
Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.

Мәтінмен жұмыс
Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» (үзінді)
Қабдеш Жұмаділов туралы мәліметтер.

Жұмаділов Қабдеш - 24. 4. 1936 жылы туған,
Қытай, Шыңжаң өлкесі,
Тарбағатай аймағы,
Шәуешек ауданы)
1956 жылы - Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ - не түседі.
1958 жылы - Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады.
1962 жылы - Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң,
1965 жылы - ҚАЗҰУ - тін бітірді
1967 жылы - «Қаздар қайтып барады» атты әңгімелер жинағы
1998 жылы - Қазақстанның халық жазушысы

«Қаздар қайтып барады» оқу, мәтінді мазмұндау:
І. Етікші шыңы
ІІ. Жолаушы
ІІІ. Қарт кесімі
ІҮ. Қатал сызық
Ү. Айнабұлақ
ҮІ. Тұмар

Мәтін бойынша сұрақтар
- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құшып сүйгенінен көрінеді.
- Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің?
- Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш - қуат беріп келді.
- Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?
- Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.

Туған жер – ата - бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата - бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата - бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер.
Халқымызда ата-мекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Дәйексөз
Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
(М. Шаханов)

6. Мақал - мәтелдерді жалғастыр:
Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды
Ата қоныс — алтын мекен.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі