Сабақтың мақсаты:«Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіну. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Міндеттері:Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақбарысы:Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырамыз , денелеріңді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңз. Қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тусында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын жңне таза ңсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізджүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәүлесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшие түсуде. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нүр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айталады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңы, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізгеде жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды., сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға боғыттаңыз. Нұтды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұрды бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлығ тірі жанға таралсын. Ғаламның барлығ түпкір-түпкіріне нүр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрмын... Нұр менің ішімде Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күнде отыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осында әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет. | Ресурстар:(оқулық,дәптерер)(құралдар, мәлiметтер)Шаттық шеңбері.Оқулық дәптерлер. |