Материалдар / Елім деп соққан жүрегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елім деп соққан жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық тәрбие беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1301
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО Мақтарал ауданы Жамбыл а\ә Жалын е\м

Ш. Бектасов ЖОМ география пәні мұғалімі

Тақырыбы: Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы

Сыныбы: 10 «Ә»

Сынып жетекшісі Ауелбекова А

Мектебі : Ш. Бектасов

Мақсаты:

1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері,  слайд  ноутбук,
Түрі : әңгіме –сұхбат , түрінде
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Жүргізуші: Ермахан

Ұлы тұлға ұлтына бас иетін
көрдік талай замана қасіретін
Нұрлы жолға бастадың қазағыңды
Асқақтаттың Алаштың қасиетін.

Деп бүгінгі сынып сағатын Елбасымыздың құрметіне арнаймыз.
– Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
    білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт  та  амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні »ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.Жүргізуші:Перизат
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан
 Президент күніне орай «Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға –Елбасы  » атты сынып сағатымызды бастаймыз

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Жүргізуші:Ермахан

Бағдарлап елдің ертеңін Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп, Үмітін елдің ақтаған

Қиялы ұшқыр ойлы адам Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған, Аман-сау жүрші, Атамыз.

Слайд «1 желтоқсан Президент күні»

Жүргізуші:Перизат:

 Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Н.Ә.Назарбаев кім?

Лаура: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

 Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 26 жыл өтті Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

 Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға

.

 Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. ҚазақстанПрезиденті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

5-оқушы:Гаухар

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Жанна

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

Жүргізуші :Ермахан

Келесі кезекте «Атамекен» әні оқушылардың орындауында.

8-оқушы:Жансая

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

Жүргізуші:Перизат

Келесі кезекте Пердабай Жансая мен Серік Гаухардың
орындауында :
Қазақ елі» әнін тыңдайық.

Оқушы: Камила

9-оқушы:Жансая

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Жүргізуші:Ермахан

Жыр дазам деп талпынады жас балаң

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам

Жүрегімнің түкпірінен шығады

Әннен шашу болды оған бір қадам

Келесі кезекте оқушыларды елбасына арнаған арнауына кезек береміз,

Айнұр, Гаухар.

Келес кезекте Құрбан Ермаханның орындауында «Елім менің» әнін тыңдаңыздар.

10-оқушы:Сымбат

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

12-оқушы:Жанна

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз

Жүргізуші: Перизат

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бол бергей,

Ермахан : манолог

Жүргізуші:Ермахан

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік

тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.

Енді кезекте оқушыларымыздың дайындаған «Алға Қазақсатан» патриоттық флешмоб биіне кезек береміз.

Жүргізуші:Ермахан
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Көк туымыз әрқашан төбемізде желбіресін деп бүгінгі сынып сағатын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!