400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елім менің

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елім менің» думанын
Мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, әр топқа даярланған үстел. 
Түрі: топтық сайыс сағаты 
Типі: ойын түрінде 
Жоспары: 
1. Топ құрамымен танысу, ұран. 
2. Ел тарихына сыр шертеміз.... 
3. Тілді білу –елді тану 
4.Кім алғыр

Барысы: 

Мұғалімнің  кіріспе сөзі:

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол- Тәуелсіз Қазақстан!»

Н.Ә. Назарбаев.Иә,біздің отанымыз- Тәуелсіз Қазақстан.Бүгінгі сыныптан тыс оқытуда біз «Елім менің» тақырыбы бойынша 5 А және 5 Б сыныптар арасында «Елім менің» думанын өткіземіз. Ол үшін ең әуелі әнұран тыңдайық.

Әнұран орындалады (слайд).
Елім менің............ 
Кең көсілген даламдай 
Елім менің 
Шексіз мынау ғаламда 
Елім менің 
Алатаудай еңселі 
Елім менің 
Сүйем мәңгі мен сені 
Сәйгүлікті құйрық жалы таралған 
Сүйетұғын Қазақ осы қараңдар 
Қазақ осы күй шығарып, ән салып 
Көкпар тартып қыз қууға жаралған ....
Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған Дарындылар мен Ақылдылар сайысымызды бастайық.
Елім менің думаны қазақ елі мен жерінің тарихын танытады. 
Ең алдымен, топбасшылар өздерінің топтарының мүшелерімен таныстырсын. 
Бірінші топ оң қанатта.. Атамекен

Екінші топбасшы сол қанатта Отан
(әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырып өтеді, топқа ат қойып, ұрандарын айтады) 
1-кезең: «Ел тарихынан сыр шертеді...» деп аталады. Бұл кезеңде. Әр топтан қарама қарсы тұрған ойыншылар жекпе жекке түседі. Сіздерге бірдей интерактивті экран арқылы сұрақтар беріледі.

 1.Сұрақ – Ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін қандай күн  деп ойлайсыңдар?  (  16-желтоқсан Тәіуелсіздік күні )

2. Сұрақ – Еліміздің түңғыш президенті қай жерде туған? (Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты  Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.

3.Сұрақ – Еліміздің мемлекеттік рәміздерін атап шығыңыздар. (Елтаңба, Әнұран, Ту.)

4.Сұрақ- Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзі  мен әнін жазған кімдер? (Н.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қолдаяков)

 5.Сұрақ- Қазақ Елінің мерекелерін атап шығыңыздар.

а.Маусымның 4-і  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

б.Қазақстан Республикасының ұлттық мейрам Тәуелсіздік күні  16-17 желтоқсанда аталып өтеді

в.Шілденің алтысы Қазақстанның Елордасы – Астана күні

г.Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)

д.Наурыз мейрамы (22 наурыз)

е.Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)

ж. Отан қорғаушылар күні  (7 мамыр)

з. Женіс күні (9 мамыр)

и.Қазақстан Республикасының  Ата Зан  күні (30 тамыз)

6. Сұрақ- Қай жылы ресми түрінде Астана Қазақстанның бас қаласы болып аталды?  (Бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы желтоқсанның оны күні. Ресми түрінде президенттің жарлығы бойынша бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылы маусым айында Астанананың  бас қала ретінде презентациясы өтті)

7.Сұрақ – 2017 жылы Қазақстанда не өтеді? (2017 жылы маусымның онынан басталып – қыркүйектің онына дейін Қазақстанда ЕХРО көрмесі өтеді)

8. Сұрақ- Астана қаласының ғимараттарын атап шығыңыздар(слайд)

2-кезең: Тілді білу –елді тану 

  1. Отан, туған жер, отбасы, тарих , халық, дәстүр, тіл, ел сөздерін орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.

  2. Сұрақ- Отан оттан да ыстық. Туған жерге туынды тік. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Мақал – мәтелдерді оқып шығып, түсіндіріңіздер (слайд).

  3. «Тәуелсіздік» сөзінен сөз құрастырыңдар



3-кезең: Кім алғыр

Фильмді көріп, тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Слайдтағы сұрақтар бойынша жауап береді.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі.

«Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтау

Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

Тілек.
(Оқушыларға
парақшалар таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «
Елім менің» атты кластан тыс шарамыз аяқталды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі