Материалдар / "Елім менің" танымдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елім менің" танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл танымдық сайыс оқушылардың ұлтжандылық сезімін оятуға ықпалы зор. Мұғалімдерге, жас мамандарға өз септігін тигізеді деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ. Ахмедияров атындағы орта мектеп











«Елім менің»

(Танымдық сайысы)



Қатысушы: 6 «А» және 6 «В» сыныптары



Өткізген: Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші Хайролла Жәния































2020-2021 оқу жылы

«Елім менің» танымдық сайысының өту барысы

Сайыстың тақырыбы: «Елім менің»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың таным көкжиектерін кеңейту;

Оқушыларды туған жерін, туған тілін, мәдениетін сүюге баулу;

Оқушыларды сыйластыққа, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сайыстың жүру барысы:

Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр!»

ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

IV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

(Сайыстың шымылдығын 6 «А» сыныбының оқушылары

«Ерке сылқым» күйімен ашады).

Жүргізуші: О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.



Алақаны анамның – топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Туған елдің ана тілі мен төл тарихын, мәдениетін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылғалы отырған «Елім менің» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ұстаз теңеу асылға, лағылға да,

Ұстаз-ән, тербелетін жан ырғала.

Сенеміз әділқазы алқалары,

Берер деп бұл сайысқа әділ баға.

(Әділқазы алқаларымен таныстырып өтеді)

Жүргізуші: «Талпынған бала, талпынған құстай, Құмары қанбас, аспанғаұшпай», -деп бабаларымыз қалай дәл тауып айтқан?! Бүгінгі сайысқа қатысушы ұландарымыз да білімге ұмтылып, өнерге талпынған оқушылар. Өз білімдерін сынға салып, «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» демекші, білмегенін біліп, көңіліне түйіп алуды мақсат еткен сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

6 «А» сыныбының оқушыларынан құралған «Білім» тобы

6 «В» сыныбының оқушыларынан құралған «Ізгілік» тобы

Бүгінгі сайыстың ережелерімен таныстырып өтейін:

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр!»

ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

IV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Әділқазы алқалары, әр топтың берген дұрыс жауабын 5 ұпаймен бағалайсыздар.

Олай болса, сөзімізді көп созбай сайысымызға көшейік.



І кезең «Таныстыру»

(Екі топ өздерін таныстырады)



ІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр!»

Жүргізуші: Бұл кезең қазақ тіліне арналады. Қатысушылардың тіл сауаттылығын сынға салатын боламыз. Әр топқа 4 сөзден айтылады. Қатысушылар берілген сөздерді әріптеп айтуы тиіс.

1-топқа: Әткеншек

2-топқа: Сықырлауық

1-топқа: Жұдырық

2-топқа: Бәрекелді

1-топқа: Құқықтану

2-топқа: Қылқалам

1-топқа: Әдебиет

2-топқа: Қазақстан



ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

Жүргізуші: Бұл кезеңде сіздерге жұмбақтар жасырылады. Сіздер жауабын табуға тиіссіздер. Олай болса, бастаймыз.

1-топқа: Темір аяқты,

Ағаш таяқты. (Циркуль)

2-топқа: Егіз қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен. (Қол)

1-топқа: Гүл секілді

Қызарады, көктейді,

Күн секілді,

Бірақ нұрын төкпейді. (Күнбағыс)

2-топқа: Сауытын шештім сақтанған,

Көрінбеді ақ тоннан.

Ақ тонын да шешіп ем,

Сары тон шықты ішінен.

Сары тонын шешіп ем,

Түк таппадым ішінен. (Жұмыртқа)

1-топқа: «Еленбейді көбінде,

Босағада тұрады.

Қиқым жатса төрінде,

Ұнатпайды, қуады. (Сыпырғыш)

2-топқа. Жұмсаң-жұдырық,

Ашсаң-алақан.

Ыстықта, жауында

Серігің, балақан. (Қолшатыр)

1-топқа: Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп, марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

2-топқа: Мейізді бар,

Өрікте жоқ.

Киізде бар,

Сырмақта жоқ. (З әрпі)

Жүргізуші: Жауаптарыңызға көп рақмет, сайыскерлер! Олай болса, біз келесі кезеңге аяқ бассақ...



IV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Жүргізуші: Бұл кезеңде екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Қай топтың ойыншысы бірінші қол көтерсе, сол жауап береді.

1-сұрақ: Биыл ҚР-ның тәуелсіздік алғанына неше жыл толады?

2-сұрақ: Тудың авторы кім?

3-сұрақ: Қазақстанда неше облыс бар?

4-сұрақ: Қазақстанның Туындағы қыран құс ненің белгісі?

5-сұрақ: Домбыраның құрылысын атаңыз.

6-сұрақ: ҚР-ның Мемлекеттік Гимнінің авторлары кімдер?

7-сұрақ: Үш арсызды атаңыз

8-сұрақ: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл істі атаңыздар.



Жүргізуші: Мінеки, көзді-ашып жұмғанша сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Сайыстың қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына жолдасақ...

Жүргізуші: Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау!

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау.



Кешірме сен!

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам.



Олай болса, Отанды сүйіп, құрметтеп, ұлтымыздың ұлтжанды ұрпағы бола білейік!

Келесі кездескенше айымыз аман, күніміз нұрлы болғай!!!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!