400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Елім менің» танымдық-зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс бөбекжай педагогтары, тәрбиешілері арасында өткізілді. Әрбір Қазақстан азаматы өз елінің тарихын, салт-дәстүрін білу абзал, патриоттық тәлім-тәрбиені дамыту мақсатында өткізілген сайыс жоспарын жас мамандар мектебінде де өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елім менің» танымдық-зияткерлік сайысы 

Авторы: Аманшиева Сания Шалабаевна

Білім беру ұйымы: «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы» МКҚК

Қаласы: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы

E-mail: saniyaaman@mail.ru

Лауазымы: І санатты әдіскер

Ғылыми дәрежесі: жоқ

«Елім менің» танымдық-зияткерлік сайысы 


Мақсаты: педагогтардың патриоттық сезімдерін жоғарлату, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз еліне деген құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу және көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу. 

Сайыс «Адай» күймен ашылады. 

І Жүргізуші: 

- «Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» дегендей қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген күй көңілімізді бір серпілтіп, бүгінгі сайысымызды бастауға рух бергендей ... 

ІІ Жүргізуші: 

-Олай болса, қайырлы күн, бүгінгі «Елім менің» зияткерлік- танымдық сайысына келген әріптестер! 

І Жүргізуші: 

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. (26.04.2017)

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім,»- деген болатын елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.

ІІ Жүргізуші: 

Аталмыш мақалада: «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген,» -деп жазылған.

Ендеше рухани жаңғыру бағытындағы алғашқа бастаманы бүгінгі «Елім менің» зияткерлік- танымдық сайысымен бастауды жөн көрдік.

Жүргізуші: 
- Енді, сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

«Нұрөлке»  
ІІ Жүргізуші: 

«Оқжетпес»  
І Жүргізуші: 

«Хан Тәңірі»

-Сайыскерлер құрметіне бір қол соғып қояйық, қошеметтеріңіз!

ІІ Жүргізуші: 

- Әрине, сайысқа әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтайтын әділ қазылар алқасы керек қой. Олай болса әділқазылар алқасымен таныс болайық!  ...

І Жүргізуші:

- Сайыскерлермен де, әділқазылар алқасымен де таныстық, енді сайыстың шартымен қысқаша таныстырып өтсең.

І Жүргізуші:

-Сайысымыз «Тарих тағлымы», «Білгенге маржан», «Бейнесауал», «Полиглот» деп аталатын төрт айналымнан тұрады. 
ІІ Жүргізуші: 

- Қанеки, онда сайысымыздың «Тарих тағлымы» деп аталатын І айналымын бастайық. 
Қойылатын сұрақтарға топтардан белгіні бұрын көтерген топ жауап береді. 
І Жүргізуші: 

- Олай болса, кезекті «Тарих тағлымы» деп аталатын І айналымға берейік, сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, тетікті басасыздар. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.

ІІ Жүргізуші: 

Сұрақ: Қазақта түңғыш генарал атағын алған және мектеп ашқан хан кім? 
Жауабы: \ Жәңгірхан\ 

Белгіні бірінші көтерген ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 
І Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер. 
Сұрақ: Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет? Жауабы: \Түркия\ Белгіні бірінші көтерген....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 
ІІ Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер. 
Сұрақ: «Астана» сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді? 
Жауабы: \Парсы тілінен алынған, «киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді\. Белгіні бірінші көтерген....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 
І Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер.  
Сұрақ: 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы \Бекзат Саттарханов\. 
Жауабы: \Бекзат Саттарханов \. Белгіні бірінші көтерген....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 

ІІ Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер. 
Сұрақ: 1986-1991 жылдар аралығында құрылған Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым.\Семей-Невада қозғалысы\ Белгіні бірінші көтерген....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 

І Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер. 
Cұрақ: Александр Дюма 19 ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып, күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты. Дюманы таңқалдырған қандай үй? \қазақтың киіз үйі\ Белгіні бірінші көтерген ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 
ІІ Жүргізуші: Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, белгіні көтересіздер.  
Сұрақ: 1991 жылы 2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиға \ғарышқа қазақ азаматының ұшуы\. Белгіні бірінші көтерген....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. 

ІІ Жүргізуші: «Тарих тағлымы» деп аталатын І айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз.

І Жүргізуші: Келесі айналым «Білгенге маржан» деп аталады. ( Күй ойнап тұрады, әр топтың алдына заттар (құман, қамшы, тостаған, білезік, шолпы, домбыра, үкі, киіз үй, Астана, Алтын адам, түйе, жылқы) экраннан көрсетіледі. Алдарыңызда тұрған заттар бойынша әр топқа кезекпен сұрақ қойылады. 
... тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ : Халқымыздың ежелгі қол өнерінен келе жатқан табыстарының бірі \ою\

Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. 

ІІ Жүргізуші: ... тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ: 
Осы заттардың ішінен «ұлық» деп қастерлеп нені атаған? \Түйе \ Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. 

І Жүргізуші: ... тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ: қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. \үкі қауырсыны\

Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. 

ІІ Жүргізуші: «Білгенге маржан» деп аталатын ІІ айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз.

І Жүргізуші: Келесі айналым «Бейнесауал» деп аталады. Экранға мұқият назар аударайық. Кезекпен жауап бересіздер. Бірінші ... тобына сұрақ Қазақстанның қай аймағы, қандай көрікті жері бейнеленген? 
... тобына бейнесауал Қазақстанның қай аймағы, қандай ғимарат бейнеленген?
... тобына бейнесауалда Қазақстанның қай аймағы көрсетілген

ІІ Жүргізуші: «Бейнесауал» деп аталатын ІІІ айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз.

І Жүргізуші: Келесі айналым «Полиглот» деп аталады.

Міне, ойыншыларымыз әріптермен келді. Экрандағы мақалдың жасырынған сөзін жылдам қазақ тілінде құрап, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтуларыңыз керек. Сайыс кезекпен орындалады. Бірінші ... тобы Сіздер берілген мақалдардың жауабын тауып, жауап берсеңіздер.

ІІ Жүргізуші: «Полиглот» деп аталатын ІV айналым да соңына жетті, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз.

І Жүргізуші:

ІІ Жүргізуші: Жеңімпаздарымызды марапаттау үшін әділказылар алкасына сөз берейік. 

(Әділқазылар марапаттайды). 

І Жүргізуші: Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. 
ІІ Жүргізуші: 

Тәуелсіздік таңының түлегіміз 

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз 

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам 

Казакстан деп соқсын жүрегіміз! 

І жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр қайсымыз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. 

ІІ Жүргізуші: Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге 
І Жүргізуші: Тура төрелік жасаған әділ қазыларға 

ІІ Жүргізуші: үлкен рахметімізді айтамыз! 

І Жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі