жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Еліміздегі телекоммуникация нарығы туралы қысқаша мәліметтер
Еліміздегі телекоммуникация нарығы туралы қысқаша мәліметтер
Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
Еліміздің телекоммуникация және байланыс саласын қадағалайтын уәкілетті құзырлы орган болып табылатын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) мәліметтері бойынша Қазақстандағы телекоммуникация және байланыс саласы бүгінгі таңда үш бағытта ұсынылған: телекоммуникация, интернет және пошта байланысы болып табылады, төменде сол бағыттар бойынша деректер берілген [1]:
1) Телекоммуникация.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бекітілген байланыстың 2,5 млн. абоненті тіркелген, яғни бұл стационарлық телефонды пайдаланатын адамдар. Бұл ретте жыл сайын телекоммуникациялық нарықтың жалпы көлеміндегі тіркелген байланыстың үлесі ұялы байланысқа жол бере отырып, төмендеп келеді. Ұялы байланысқа келетін болсақ, тіркелген абоненттер саны 25,8 миллионнан асты. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында байланыс қызметтерін ұсына бастады. 2019 жылдан Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң нәтижелі болды және сарапшылар Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізуге дайындығы туралы хабарлады. Телекоммуникация нарығында қазіргі уақытта қалааралық және халықаралық телефон байланысы, Интернет желісіне қолжетімділік, спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсынатын жиырмаға жуық байланыс операторы, сондай - ақ үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді.
2) Интернет.
Байланыс саласын, сондай - ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дамыту жөніндегі негізгі міндеттердің бірі - халықты интернет желісіне жаппай қолжеткізіммен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандықтардың сапалы интернетке қажеттілігін қанағаттандыру үшін бүгінгі күні ADSL, FTTН, 3G, 4G/LTE, CDMA/EVDO және т.б. сияқты сымсыз және сымды технологиялар қолданылады, бүгінгі күні компьютерлер арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қолжетімділігі бар абоненттер саны - 2,5 млн. адамды құрайды. Бірақ, интернеттің негізгі тұтынушылары ұялы байланыс желілері арқылы екенін атап өткен жөн. 2019 жылдың 1 желтоқсанында интернетке мобильді кеңжолақты қатынайтын абоненттерінің саны 14,9 млн. болды. Ауылдық елді мекендерді (АЕМ) жоғары жылдамдықты интернетпен одан әрі қамтамасыз ету үшін бүгінде елімізде екі ірі жоба іске асырылуда. Оларды іске асыру нәтижесінде халық саны 250 және одан көп адам болатын барлық АЕМ - дер интернетке кеңжолақты қолжетімділік алады. 250 - ден кем адам тұратын ауылдарда интернетке қосылу жылдамдығы кемінде 2 Мбит/с құрайтын интернетке кеңжолақты қолжетімділік мүмкіндігін 2022 жылдың соңына дейін спутниктік байланыс, радиорелелік байланыс, 3G/UMTS, радиокөпірлер сияқты балама технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету жоспарлануда.
3) Пошта байланысы.
Пошта байланысы ауылдық аумақтарда тұратын тұрғындарының ақпаратына және қаржылық қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну үшін физикалық арналардың бірі болып табылады. Республика аумағында 3448 пошта бөлімшесі жұмыс істейді. 2018 жылы министрлік АЕМ - де көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізді.
ҚР - ның Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың (2021 жылдың) қаңтар - ақпан айларында елімізде телекоммуникациялық нарық көлемі 155,35 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар - ақпандағы көлемнен 10,8 % - ға артық болып табылып отыр. 2021 жылғы қаңтар - ақпанда қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі 3,18 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар - ақпандағы көлемнен 11,7 % - ға аз; интернет желісі қызметтерінің көлемі - 60,7 млрд. теңге (18 % - ға артық) және ұялы байланыс қызметтерінің көлемі -38,5 млрд. теңге (1,5.% - ға артық). «Үлкен үштік» (мобильді байланыс, интернет және басқа да байланыс қызметтері) республиканың бүкіл телекоммуникация нарығының 83 % - ын өзіне шоғырландырады. Ағымдағы жылдың ақпан айында телекоммуникациялық қызметтер 76,9 млрд. теңге көлеміне көрсетілді, бұл 2020 жылғы ақпанның көлемінен 11 % - ға артық. Төмендегі 1-суреттің (а) бөлігінде еліміздегі телекоммуникация нарығының 2021 жылғы қаңтар – ақпан айларындағы жағдайы көрсетілген. Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінен түскен түсім 2021 жылғы ақпанда шамамен 1,55 млрд. құрады, бір жыл бұрынғы 1,68 млрд. теңгеге қарағанда - бұл 8,7 % - ға аз. Жергілікті телефон байланысы секторындағы кірістер іс жүзінде өзгеріссіз қалды - 2021 жылғы ақпанда олар 2,97 млрд. теңгені құрады. Операторлар интернет қызметтерінен 30,37 млрд. теңге (+20 %), кабельдік инфрақұрылым бойынша, сымсыз желілер бойынша және спутник арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтерден - бір жыл бұрын 3,16 млрд. теңгеге қарағанда 3,6 млрд. теңге (+14 %), ал ұялы байланыс қызметтерінен - 18,9 млрд. теңге (+3,8 %), өзге де телекоммуникациялық қызметтерден - 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі 13,8 млрд. теңгеге қарағанда 15,1 млрд. теңге (9,3 % - ға артық) түсті. 2021 жылғы ақпанда тіркелген телефон желілері абоненттерінің саны 3,1 млн. бірлікті құрады (2021 жылғы қаңтарға қарамағанда өзгеріссіз), ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,1 млн. бірлікті құрады (біршама төмендеу байқалады), оның ішінде 15,9 млн. жуығы интернетке қол жеткізе алады. Осылайша, ұялы байланыс абоненттері арасында интернеттің ену деңгейі 2021 жылғы қаңтар деңгейінде 66 % құрады, 2021 жылдың қаңтар - ақпанында - 2,65 млн. абонентті құрады. 1-суретте (б) телекоммункация секторының 2017 - 2021 жылдар аралығындағы табысы салыстрымалы түрде берілген [2].
Сонымен қатар, Covid19 індетіне байланысты қашықтан оқыту мен қашықтан жұмыс істеуде Интернетке деген сұраныс артып, бекітілген Интернет абоненеттерінің саны артты. Телекоммуникация саласында ауыл мен қала тұтынушыларының арасындағы аалшақтық азаюда деп айтсақ болады. Осы бағытта мемлекетімізде атқарылып жатқан жұмыстар ұшан теңіз деп айтсақ болады, атап айтсақ алғашында қабылданған «Ақпараттық Қазақстан - 2030», осы бағдарламаның орнына келген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын айтуымызға болады. Соңғы бағдарламаның аясында ауылдық елді мекендерді талшықтық оптикалық желілер көмегімен кең жолақты Интернетпен қамту жобасын, «+250» - тұрғындар саны 250 – ден асатын елді мекендерді мобильді ұялы байланыспен толық қамту үшін бағытталған жобаны келтіруімізге болады.

Сурет 1.Телекоммуникация нарығының 2021 ж. (қаңтар - ақпан) жағдайы (а) және 2017 – 2021 жылдардағы салыстырмалы табысы (б)
Қолданылған дереккөздер тізімі
-
МЦРИАП РК (2020 г.), «Телекоммуникации и связь», сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/activities/8?lang=ru
-
PROFIT. kz (2021 г.), «Доходы от услуг связи в Казахстане в январе - феврале 2021 года», сілтеме бойынша қолжетімді: https://profit.kz/news/61348/Dohodi-ot-uslug-svyazi-v-Kazahstane-v-yanvare-fevrale-2021-goda/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген