400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еліміздің еркіндігі - тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


І жүргізуші:


Тақырыбы:   «Еліміздің еркіндігі - тәуелсіздік

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

 

ІІжүргізуші:

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін  мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан қайрылып,

Қыр -арқаңнан айрылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

 

Мұғалім:         

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…

Ж. Молдағалиевтің  осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап

бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет,

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

 

І жүргізуші:Армысыздар

қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған «МЕН –

ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…»  атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

ІІ жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

 

 «Әнұран» 

 

I оқушы:

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,  Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

 

І жүргізуші:

Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

 

IІ оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан

кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл

сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 

І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

 

IІІ оқушы:

Озбырлық күшпен  тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

КӨРІНІС:

Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

—        

Қыздар, мен газет әкелдім

—        

Қане, не жаңалық бар екен?

—        

Пленум болыпты.

—        

Қонаевты орнынан алды дейді.

—        

Онысы несі?

—        

Орнына кім болыпты?

—        

Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

—        

Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

—        

Т.б.

Жастар шуласып кетеді

 

І- жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі –

қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта

болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атныдағы алаңда

жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.

—         Пленум шешіміне қарсымыз!

—         Әр ұлтқа өз басшысы!

—         Колбинді әкетсін!

—         Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2

адамдарды ұстап алады.

—         Қайрат!

—         Қайрат! – деп топ шуласып

тарайды.

Қайратты тергеуге әкеледі.

 

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.

Жазықты емеспін қайталай берем

несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде

түсірдім.

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап арбау тәсілімен

Мойындата алмадым.

Қайрат:

Мойындата алмайсың

Тергеуші:

Байқа, 87 бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған

десең,

Свицкийді өлтірдің алаңда сен.

Қайрат:

Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен

ешқашан.

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.

Тергеуші:

Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді

қайтармаймыз

Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.

Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

 

IV оқушы:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан

бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,

Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету

парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар

шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз

әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз

күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

 

Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

 

Vоқушы:

 Қасиетті Қазақстаным,

мекенім,

Ақиқаттың  алтын бесігі

екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі

дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне

бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын

аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

 

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге 

енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.

 

І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.

1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 29- тамызда  Семей полигоны  жабылды.

1992 жылы 2- наурызда  ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

 

ІІ жүргізуші:  

1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

1992 жылы  4- маусымда ҚР-ң  Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.

 

І жүргізуші:   

1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.

 

ІІ жүргізуші:  

Армандаған күнге де жеттік.

Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

 

І жүргізуші: Тәуелсіздіктің

көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды.  Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың

ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

 

I оқушы:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың  алтын бесігі

екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі

дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне

бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын

аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

 

IІ оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

IІІ оқушы:

Ұлан-байтақ жеріңді

Бөтен ел таптамасын!

Ешқандай жау аттамасын!

Ие болып өзің туған жеріңе,

Жер-ана қызмет етсін еліңе,

Атом жарылмасын төріңе,

Ие болып, қорғасақ,

Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.

 

IVоқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

 

Vоқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

 

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

 

I оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр

бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл

күнім.

Жасай бер, жаса

Қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:  Жаса,

Қазақстан!

 

IІ оқушы:

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

 

IІІ оқушы:

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

 

 IVоқушы :

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

Vоқушы:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

 

I оқушы:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

 

І-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

 

ІІ-жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

 

Ән: «Отаным»

 

І-жүргізуші.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік»   атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







С.Көбеев атындағы № 56 жалпы орта мектеп









Тәрбие сағат

тақырыбы: Тәуелсіздік - ту етер киелі ұғым





7 б сынып

Мұғалім: Умбетова М

















Шымкент 2016ж



Тақырыбы: Тәуелсіздік - ту етер киелі ұғым
Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Еліміздің тарихы туралы түсінік бері, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды инабаттылыққа, мәдениеттілікке, парасаттылыққа, үлкенге құрмет көрсету жолдарын, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, ынтасын арттыру, Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін ардақтауға, аталы сөзден ғибрат алуға, адамгершілік қасиеттерін мұқият сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, слайд суреттері

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу;
2. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;
3.Гимн айту.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ел тарихынан шағын түсінік
3. Өткен жылдар жемісі
4. Тәуелсіздікке -21 жыл
Тәуелсіз мемлекетіміздің 21 жыл толуына орай тарихымызға көз жеткізейік.

Желтоқсан оқиғасы... Осы бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер оралатыны сөзсіз. Өйткені 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына қайсар да ұрпақтың келгенін әйгілеген еді.
Желтоқсан оқиғасынан кейін 1989 жылы жазда Г. Колбин Мәскеуге қайта шақырылып, республикалық Орталық Комитетің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев тағайындалады.
1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Н.Ә. Назарбаев тарихта тұңғыш рет Президенті болды 1990жылы 25 қазанда Қаз КСР жоғарғы Кеңесі «Егемендік туралы Декларацяны»қабылдады.

2-жүргізуші 1991 жылы 1-ші желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау өтіп, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті болып Н.Ә Назарбаев тағайындалды. Осы жылы президент желтоқсанда Парламент қабылдаған «Қазақ КСР –і атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға» қол қойды.
1991 жыл.16 желтоқсан. Бұл күн - қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн-сөнген шырақтың қайта жанған күні. Ал, бүгінгі қазақ елі - ата-бабалар аңсаған, тәуелсіз,егемен ел.
1991 жылы 16 желтоқсан елімізде ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1996 жылы Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына арнап «Тәуелсіздік Монументі»ашылды.
1991 ж. 1 желтоқсанында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
1992 ж. қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
Осы жылы 4- маусымда Президент туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1993 ж. 30-маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген «ұлы жеңіске» 50 жыл толды.
1998 ж. «Халық бірлігі мен ұлтты тарихы» жылы болды.
1999ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000 ж. «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
2001ж. 16-желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2008ж. Астанамыз 10 жасқа толды.
Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2-орын алады.

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім


Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!


Мемлекетіміздің астанасы 1997 жылы Астана қаласына көшірілді. Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.
Қазақстан - көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінгі елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.

Қазақстан едәуір алға дамып, әр басқан қадамы тарихтың жарқын беттерінде ізі қалды.
Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміздің -21 жылдығына арналған сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз –бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты –күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстан .































С.Көбеев атындағы № 56 жалпы орта мектеп









Тәрбие сағат

тақырыбы: Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз





7 А сынып

Мұғалім: Кадирбекова А

















Шымкент 2016ж


Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2019
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі