Тәрбие сағатының
тақырыбы: Еліміздің еркіндігі
-Тәуелсіздік
Тәрбие сағатының
мақсаты:
-
Жас жеткіншектерді еліміздің
тәуелсіз алғалы 26 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып,
білімдерін нығайту.
-
Отаннын құрметтей
білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын
азамат тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі:
Қазақстан
картасы, буклеттер, шар,плакат,
суреттер
Тәрбие сағатының
барысы:
Хор: Ән ұран орындалады
I-кезең: Ұйымдастыру
кезеңі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің
сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның
ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген
«Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне
арналған «Еліміздің еркіндігі
-Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға
ұсынамыз.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол
ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні
шықты!
Би: «Биші қайың» Майырбекова
Анель
Серікбай
Дамир:Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен
бүгін,
Келді, міне азаттығым,
теңдігім.
Бостандықта байлығым мен
ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі
үнім!
Өзіңдікі -Елің
де,
Өзіңдікі – Жерің
де
Өзіңдікі өзің еткен
Тәуелсіздік төріңде!
Жүргізуші
сөзі:
Ата-бабамыз аңсаған сол
тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толғалы
отыр.(слайд)
Салтанат:
Ту
Әлшер:
Елтаңба
Нұржан:
Әнұран.
Жүргізуші
сөзі: Қазақстан Туымен
тұғырлы,елтаңбасмен еңселі, әнұранымен
айбатты. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының
Ата Заңы қабылданды. Бұл күн көп ұлтты республикамыздың барлық
халқына тәуелсіздік пен еркіндік әкелді.
Айнұр: Ата – Заң
Ақсұңқар, Анель, Тайжан
тәуелсіздікке байланысты жаттауларын
айтады
Жүргізуші
сөзі: Астана Қаласы 1998 жылғы
20 мамырдан бастап Қазақстан мемлекетінің Астанасы болды.
Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты.
Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі -91 м. Ұшар басындағы
салмағы 2,5 тонна алтын жалатқан самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы
кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек
Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі – Эйфель мұнарасы
нысаны қатарына қосылған. Астана жаңа ғасырға тек қана
жақсылықтардың көшін бастайды.
Айнұр: Қазақ ел - Мәңгілік
ел!
Ән:
орындайтын Бөрібаева
Марфуға,Мұханбетқалиқызы Тұмархан
Айнұр: «Мен
қазақ»
III.Қорытынды.
Мұғалім
сөзі: Азат елдің білікті,
білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен
тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Еліміздің
еркіндігі-Тәуелсіздік » атты кешімізді аяқтай отырып
мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өтеева Сабира апайға
сөз береміз.
Получить
свидетельство о
публикации