Күні:13.12.2024ж.
Тақырыбы:Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік.
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау,жас ұрпақ бойына еліне, жеріне,ұлтына деген патриоттықсезімін қалыптастыру.
1-Жүргізуші:
Құрметті қонақтар!Біздің бүгінгі “Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік”атты ашық тәрбие сағатына келген қадамдарыңыз сәтті болсын!Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларларыңызға біздің балалар зор сенімде.
2-жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Сіздерді 16-желтоқсан мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
1-Жүргізуші:
Бүгін еліміздің саң мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
1-Жүргізуші:
Рәміздерім-елдігімнің белгісі
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі демекші Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалсын.
2-Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, — деп дана Абай қазақтың ән мен күй
құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі –
халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың
бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын
шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы,дей келе Сахнамызға Мереке
әнін шырқайтын қыздарымызды шақырайық.
1-жүргізуші:
Жақсы биде өнеге
Сегіз қырлы бір сырлы
Өнерді үйрен бір-бірлеп
Биде биле талпынып-келесі сахнада Қазақ биімен биші қыздарымызды шақырайық.
2-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгілді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!-дей келе сахна төріне тәуелсіздік күніне өздерінің өлең шумақтарын айтатын үйірме мүшелерін шақырайық.
Арсен:
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған
жастардың
Отан үшін табандары
тозбады.
Айымжан:
Жасай бер елім,
қазағым,
Еселеніп
ғажабың!
Отыз жылдығың құтты
боп,
Кіре берсін
ажарың!
Дарын:Аман болсын ел,
жұртым,
Аспаным ашық, күн
күліп.
Отыз жылдық
азаттық,
Шаттықты әуен үн
қылып.
Айару:Қазақстаным
айбыным,
Өзіңсің менің Ай,
күнім!
Отыз жылдығың
сыйласын,
Таусылмас шаттық,
байлығын!
Нұрайым:Абыройың асқақ
боп,
Жасай берші гүл
елім!
Отыз жылдығың құтты
боп,
Биіктей бер жыр
елім!
1-жүргізуші:
Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса
Туған жердің арқасы –деп келесі Сарбаздар әні Жания мен Жансаяның орындауында.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Жұртым менің не қиындық көрмеді? Жылап тұрып аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Асау аттай өз тізгінін бермеді. Қазағымның алтын басын иілтіп, Талай дұшпан төрімізге төрледі.
1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі-Қайрат Рысқулбеков.Ол қыршын жасын қиды, оған үлкен айып тағылып жазықсыздан жазықсыз өлім жазасына кесілді.Сахнада көрініс Қайраттың соңғы хаты.
2-жүргізуші:
Хор Желтоқсан желі ызғарлы әні.
1-жүргізуші:
Бүгін міне,Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік атты тәрбие сағаттымыз өз мәресіне жетті.Жүзіміз жарқын болып,аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Аспан ашық, ел тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
Ақ шашты аналар ,әзиз әкелер аман болсын!
Әр қашан сәбилердің күлкісі үзілмесін!
1-2жүргізуші бірге:
Сау саламатта болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік

шағым қалдыра аласыз