жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Еліміздің мал шаруашылығы
Дүниетану
Сынып: 4
|
Сабақ тақырыбы |
Еліміздің мал шаруашылығы |
|
Оқу мақсаты |
Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін кеңейту |
|
Сілтеме |
Дүниетану оқулығы, 2015, |
|
Сабақ мақсаты |
Еліміздегі шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту. Халықтың тіршілік істерімен таныстыру. Мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту Көптеген оқушылар істей алады: Мал атауларын, қасиеттерін, пайдасын, күтімін. Төрт түліктің пірлерін |
|
Табыс критериі |
|
|
Тілдік мақсат Тақырыпқа байланысты түйін сөздерді үш тілде айта алу |
Түйін сөздер мен сөз тіркестері: Сиыр – корова – cow, жылқы – лошадь – horse, қой – баран – sheep, ешкі – коза – goat, түйе – верблюд – camel, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals |
|
Тақырыпқа байланысты халық ауыз әдебиетінің үлгісінен үзінді қолдану |
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Мұғалімді тыңдау Өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеу Өзгенің пікірін тыңдау, қошеметтеу |
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу |
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
Басы |
Шаттық шеңбері Төрт түліктің суреттері арқылы топқа бөлу. 1-топ «Зеңгі баба». 2-топ «Қамбар ата».
|
Жер байлығы көп екен, Меңгеруді қалайды. Осының бәрін білдірген Дүниетану сабағы. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады |
|
|
|
|
|
|
|
Алдыңғы оқу
|
Еліміздің егін шаруашылығы «Сауал бізден, жауап сізден» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Елімізде қандай бау-бақша түрлері өсіріледі? Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар? Күріш, мақта туралы әңгімелеп бер. Жүгері, жүзім туралы не білесің? |
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды |
|
|
Ортасы |
Жаңа сабақты меңгерту Жұмбақ жасыру.
Осы жұмбақтардың шешуіне назар аударсақ, ненің атауы шығып тұр? Дұрыс, төрт түлік мал атауы. Ендеше, біз өтетін тсабағымыздың тақырыбын айқындадық. Бүгінгі тақырыбымыз: «Еліміздің мал шаруашылығы». Сабағымыздың мақсаты қандай? Ертеде ата-бабаларымыз жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонып жүрген. Біз де бүгін түрлі орталықтарға сапарға шығамыз. 1-орталық – «Білім орталығы» мәтінмен жұмыс Зеңгі баба тобына тапсырма: «Еліміздің мал шаруашылығы» мәтінін оқып, мазмұнын талдау Қамбар ата тобына тапсырма: әр төрт түлік мал туралы қосымша мәлімет айту |
Оқушылар жауабын айтады «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер – бәрі де қойдың жүнінен жасалады. Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, т.б. Сиырдың еті де дәмді болады. Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде кеңінен пайдаланады. Оның еті өте дәмді. Қазы-қарта, жал-жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті де бар. Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Өзге жануарлардан ерекшелігі –өл мен аштыққа төзімді. |
Оқулықпен жұмыс Суретпен жұмыс |
|
|
Бағалау критериі: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндау Төрт түлік туралы білетінін және үлкендерден естігенін әңгімелей алу Қосымша материалдарды дұрыс қолдана білу |
Дескриптор: Мәтіннің мазмұнына байланысты қойылатын сұрақтарға ұтымды жауап бере алады
|
Ұпай беру арқылы бір-бірін бағалайды: 3
2
1 |
|
|
2-орталық – «Шығармашылық орталық» Малға байланысты мақал-мәтел айтады. Ал екінші топ сол жауапқа байланысты тыйым сөздер айтады. |
Оқушылар жұмбақты шешеді, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айтады. Бір-бірін «бас бармақ» әдісімен бағалайды |
|
|
|
Бағалау критериі: Төрт түлікке байланысты жұмбақ, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді айта алу
|
Дескриптор: Берілген жұмбақтың шешімін дұрыс таба алды
|
3
2
1 1 |
Сергіту сәті
|
|
3-орталық – «Ақпарат орталығы» Бұл орталықта екі топ та мал шаруашылығы туралы өздері не біледі сол туралы айтады. Қазіргі уақытта елбасымыздың қолдауымен мал шаруашылығына көп көңіл бөлуде. Бүгінде елімізде Сыбаға, Даму бағдарламалары жүзеге асырылып отыр. Осы аталған бағдарламалар негізінде біздің Меңдіқара ауданында сүт өнімдерін өндіретін және өзіміздің ауылда да осы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Зеңгі баба тобы да, Қамбар ата тобы да постер қорғайды Зеңгі баба тобының тақырыбы: «Мал шаруашылығы – ауылдың басты байлығы»
Қамбар ата тобының тақырыбы: «Егер мен ауыл шаруашылығы министрі болсам, мал шаруашылығын қалай көтерер едім...» |
Топпен жұмыс
Екі топ та өз ойларың білдіріп, постер қорғайды
«Бас бармақ» әдісімен бағалау |
А4 форматты қағаз, маркер |
|
|
Бағалау критериі: Мал шаруашылығы – ауылдың басты байлығы екенін білу, пікір білдіре алу
Төрт түліктің пайдасы мен оның өнімдерінің тұтынуы туралы пікірлерін айтып, дәлелдей алу |
Дескриптор: Мал шаруашылығы – ауылдың басты байлығы екенін біледі, ой-пікірлерін білдіре алады Төрт түліктің пайдасы мен оның өнімдерінің тұтынуы туралы пікірлерін айтып, дәлелдей алады (толық емес) |
3
2 |
|
Соңы |
Тапсырма. Суретпен жұмыс Бағалау критериі:
|
Дескриптор:
|
Суреттер «Бас бармақ» әдісімен бағалау
|
|
|
Қорытындылау. Бүгінгі сабақта мақсатқа жеттік пе? Сабақ барысында қандай шаруашылық түрімен таныстық? Мал шаруашылығының пайдасы қандай? (байлық, күн-көріс, тамақ, көлік, ақша, киім) Кубизм әдісін қолдану арқылы қорытындылау. Бағалау. Топ басшылары бағалау парақшасын талдап, ұпайларын анықтап, айтады |
«Бағдаршам» әдісімен бағалау Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаларға да түсіндіре аламын Сары – жартылай түсіндім Қызыл – түсінбедім
|
|
|
|
Үйге тапсырма:
Эссе жазу. Тақырыбы: «Мал шаруашылығымен айналысудың қаншалықты пайдасы бар?» |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген