400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еліміздің мемлекеттік рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәсілдерді алуға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы













Шебер сынып



Тақырыбы:

Еліміздің мемлекеттік рәміздері































Тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.

3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.

Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері, Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ 
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы. Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..
Қызығушылықты ояту

Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Ендеше мына өлеңді оқиық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.


 
«Ой қозғау» стратегиясы

Бейнебаян тыңдау «Ән жүректі тербейді» тыңдап сұрақтар беру.

а) Өлеңде не туралы айтылған?

ә) Өлең сені қандай сезімге бөледі?

-Ендеше, балалар біз бүгін «Еліміздің мемлекеттік рәміздері» атты тақырыппен танысамыз.

«Сен білесің бе?» Сұрақ - жауап

Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл күні 4 маусым

2.Еліміздіәң рәміздерін ата

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген

4. Мемлекеттік Елтаңба элементтері туралы не білеміз

5.Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі сөздің мағынасы

6. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
7. Елтаңбаның авторлары  - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов

8. Биыл рәміздерімізге қанша жыл толады? 25 жыл

Мағынаны тану «Мені таны» әдісі
- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)

«Еліміздің мемлекеттік рәміздері» бейнебаяны арқылы білімімізді толықтырайық

Қосымша ақпарат

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.


Топқа бөлу: қима қағаздар тарату арқылы, Ту, Гимн, Елтаңба топтарына бөлу

Топтастыру стратегиясы арқылы меңгеру: топтық жұмыс

Ту тобына – Ту - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою - өрнек - алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен НиязбековТу - бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс – қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ - ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. 1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады.

Гимн тобына – Әнұран - 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран сөзін жатқа білу әр адамның парызы. Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов. Н.Ә.Назарбаев. Ш.Қалдаяқов.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең - байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады.


Елтаңба тобына - Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.

Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңба негізі - Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - отбасының бейнесі. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
– Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.
Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп - өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады

Сергіту сәті : «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би

ҮІ. Сабақты қорыту: (рефлексия)

«Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі

Шарты: Экраннан бірнеше әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң сурет экраннан алып тасталады. Оқушыларға көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін есте қалған суреттердің атын алдын ала таратылған қағазға түсіру сұралады.

Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.

ҮІІ. Үйге тапсырма: (1 мин)
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында шығарма жазу
Ізденушілік бағытта: ел рәміздеріне сипаттама жазып келу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі