Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Елімнің бақытын тербеткен - ТӘУЕЛСІЗДІК!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жаңа – Үлгі негізгі орта мектебі» КММ
Орындаған: С. К. Бердугожина
М. Б. Талаптанова
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы:
Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға еліміздің
қысқаша тарихы туралы мағлұмат
беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз
Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін
түсіндіру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге
тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін
білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін дамытып,
білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі
бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін
қалыптастыру.
Кештің барысы: Рапорт беріледі, ту әкелінеді, гимн ойналады.
І жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауының, Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік шара Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы, бірлігіне және Тәуелсіздік жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, ардагерлердің құрметіне арналады. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
І жүргізуші:
Қазақстан бүгін дамудың жаңа жолына тұрды. Әр Жасұландық жерімен, елімен, отанымен мақтан тұтады.
«Жас Ұлан» - балалар мен жасөспірімдер ұйымы
«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» - әр қашанда бірге
Ал бірге біз –сүйікті біздің Қазақстан!
І жүргізуші: Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші ең қадірлі күш.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
Агитбригада «Жас Ұлан»
Бірге: Біз - «Жас Ұлан»
2. Біз Қазақстанның болашағымыз!
3. Біз жаспыз және белсендіміз!
4. Біз – Қазақстанның жастарымыз!
5. Біз бірге мықтымыз!
Бірге: Болашақ бүгіннен басталады!
Біздің ортақ тағдырымыз – Мәңгілік Ел, біздің қадірлі және ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – бұл...
- Тәуелсіз Қазақстан және Астана!
- Бұл құндылықтар – уақытпен
сыннан өткен, Қазақстан жолының
тәжірибесі.
1.
Біз болмасақ, кім ұрпақтың
күші,
2. Біз болмасақ, кім ғылыми ойлаушылар,
3
. Біз болмасақ, кім бірыңғай
команда,
4.
Біз болмасақ, кім ғылым
насихаттаушылары.
ІІ жүргізуші:
Бүгін «Жас Ұлан» ардақты есіммен Амангелді Нұртас, Ерғабылов Алтай,Қақан Бекнұр, Қақан Елдана, Қайырдинов Қыдырәлі, Шоқанова Үміт.
Оларға өз алған мәртебесіне лайық болу, қайырымды, адал, жауапты болу керек. Өз еліне сүйіспеншілік пен құрметпен қарап, өз елінің дәстүрлерін және мәдениетін біліп қадірлеу керек.
І
жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
-
ҚР патриоты болуға;
-
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін сыйлауға;
-
Отанымызды мақтаныш етуге;
-
Ата-аналарға құрмет көрсетуге;
-
Білімге ұмтылуға;
-
Салауатты өмір салтын жүргізуге;
-
Табиғатты аялауға;
-
«Жас Ұлан» жарғысын бұрмалауға және оны достарыңнан талап етуге;
-
Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?
Оқушылар анттарын айтады.
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
ІІ жүргізуші:
Қымбатты «Жас Ұландықтар» сіздерді өмірлеріңіздегі осы атаулы оқиғамен құтықтаймыз. Біз сіздерге Жас Ұландықтар абыройын жоғары ұстауға және өз еліңнін лайықты азаматы болуға тілектеспіз.
І
жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде
тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең
мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл
бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше
мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
1986 жылғы оқиғаның бейнекөрінісі.
ІІ
жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
І жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
ІІ
жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей
ғып....
1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең
атыңдар!!!
Оқушыларды ортаға шақырамыз!
1-оқушы: Нұртас
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас Қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
2-оқушы:
Әмір
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да –
Желтоқсан.
3-оқушы:
Бекнұр
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп
өлгені.
4-оқушы: Үміт
Желтоқсан – заман толғағы
байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
(Осы кезде Қайрат, Ляззат,
Сабира, Ерболдардың суреттері
әкелінеді)
ІІ жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын.
І
жүргізуші: 1 минут
үнсіздік
5-оқушы: Алтай
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
Хор: Бақытым - Республикам
Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан
«Өлшеулі өмір» орындайтын Әбішев
Рахат.
ІІ
жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі кәсіподақ
ұйымының мүшесі Ахметчанова Гаухар апайға беріледі.
ІІ
жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
«Қазақ биі» 8-сынып оқушылары.
І
жүргізуші:«Орнында бар оңалар» демекші,
ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел
болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»
егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам
өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Әнуарбекұлы Айдын «Аллаға шүкір» әні.
І
жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Көрініс: Ортада 7 - сынып
оқушылары
ІІ
жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Елім менің» орындайтын Әбішев
Рахат
ІІ
жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен
– ТӘУЕЛСІЗДІК!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
І жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше
сау саламатта болыңыздар!