400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларына арналған ашық оқу қызметі. Тәуелсіздік күніне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»
Мақсаты :
1. Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн,
тұңғыш призидентіміз Н.Ә. Назарбаевтың портреті,сабақтың тақырыбы слайд, жалаушалар.
2. Шарлар, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,
ата-аналар және әріптестер. Бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!!!


Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар «Көк тудың желбірегені» әнімен залға кіреді.
Гимн айтылады.
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Егеменді ел болуды талап ету жолында қаншама қазақ жастары өздерін құрбан етіп ,қыршыннан қиылды.Сол батырларымызды еске алып,1 минут үнсіздік жариялайық.


Тәрбиеші сөзі:
Біз Тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-«Балдәурен» тобы балаларының Тәуелсіздік мерекесіне арнаған тақпатарын қабыл алыңыздар.

1.Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік Нұрислам


2.Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан Нұрдәулет

3.Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады. Айсана

4.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн Жанайым

5.Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл. Еркежан

6.Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады. Нұрасыл

7.Тәуелсіз еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға ,әпкелеріміз Айсұлтан

8.Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық Кәусар

9.Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл. Алдиар

10.Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі. Саида

11.Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында! Садида


12.Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган. Әлібек


13.Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын. Надира

14.Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той. Назар

15.Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем. Б.Дәулет

16.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн. Сырым


17.Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Аружан

18.Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.
Еркежан


19.Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады. Жадыра


Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде
балаларымыз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатыр. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
«Балауса» тобы орындауындағы «Желтоқсан желі ызғарлы» әнін қабыл алыңыздар.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


- «Балдәурен» тобы қыздарының «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.

Жарайсыңдар қыздар! Болашақтарың жарқын болсын!


«Балауса» тобы балаларының Тәуелсіздік мерекесіне арнаған тақпатарын қабыл алыңыздар.

Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан – қыранымыз.
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет» - деп Абай айтқан ұранымыз. Алдиар


Бізге де кез келді ғой көктем шығар,
Зілзала, құйын заман өткен шығар.
Күндіз –түні шырылдаған құлын даусың
Құдайдың құлағына жеткен шығар. Ару

Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың ,
Енді айналмас мазаққа.
Айару

Жас арудың жанарында – Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 
Зарина

Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 
Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 
Ерасыл

Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның. Талшын
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!


Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, 
Алма бақтар ақ қырауға батқанда, 
Күңірене күн күркіреп тау жақтан, 
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. 
Інжу


Желтоқсанда шындық жырын  

шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. 
Айғаным


Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр 
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. 
Колбин деген кім екен, қайдан келген? 
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? 
Ерәлі

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 

Бізге оны ешкім аяп бермейді. 
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, 
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 
Мирас


-Жарайсыңдар балалар! Рахмет!


-Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


«Балдәурен» тобы ұлдарының «Тұлпар» биін қабыл алыңыздар.


- Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе келесі кезекте «Балауса» тобы балаларының «Тәуелсіздік» биін тамашалайық.


-Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


«Балдәурен» тобының орындауындағы «Отаным» әнін қабыл алыңыздар.



-Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, жайындағы «Балауса» тобы балаларының дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.
КӨРІНІС:

Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.

Қайрат: Қаймана қазақ қаны үшін

Қарусыз шықтық алаңға

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем сөзім жетпейтін

Кез болдық мына заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Тергеуші: Доғар,өшір үніңді. Алып келіңдер ананы.Эй, сілімтік халық жасақшысы Совицкийді өлтірген сен бе?

Қайрат: Жоқ,менемес.

Тергеуші: Сенөлтіргенсің.мойныңа ал.

Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың,декабристнесчастный! Бүзақы.


Қайрат: Ешқандай қылмысым жоқ. Ешкімді өлтірген жоқпын. Бұл әділдік емес.

Анасы: Бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ.Ол қылмыскер емес. Тиіспеңдерші, ұрмаңдаршы баламды.

Тергеуші; Әкетіңдер,құртыңдар,атыңдар!

Анасы ; Кешіріңдерші Қайратты. Ол әлі жасқой! Кешіріңдерші, балаларым. Сендердің де балаларың бар шығар ? Мен-анамын ,ақжаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын . Кешіріңдер!

Қайрат; Көтерана,көтер ана басыңды.

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпызғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды.

Тергеуші; Әкетіңдермына оңбағанды.

Қайрат; Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін,не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көр еалмай мен өтермін.

Қошаман бол артымда,

Ағайын-туыс ,азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат.

Қайратты кісендеп алып кетеді.

Жүргізуші: Міне, осындай ер жүрек батыр ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасы .Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті.

Тәрбиеші сөзі:
Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын .Осымен бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі