жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері,қанатты сөздер, желтоқсан құрбандарының суреттері.
Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам - ормансыз бұл-бұл.
Тәрбиеші: Қайырлы күн,құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар мен балалар! Бүгін елімізде сан мыңдаған жылдар бойы армандаған сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы болған,тарихымыздың атын жаңғыртқан болатын.Тәуелсіздігіміздің міне 28 жылдығын тойлағалы отырмыз.1986 жылғы болған оқиғаны Желтоқсан құрбандарына арналған 1 минут үнсіздік жариялайық.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік мерекесіне арналған мектепалды даярлық тобының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Балалар, қараңдаршы, біздің мерекелік ертеңгілігімізге қонақтар келіп отыр.Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Жарайсыңдар, балалар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын. Кәне, енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып орындайық. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады)
28 жыл он ғасырдың жүгін арттық,
Ел болып еркіндіктің түгін тарттық
Әнұраным,көкбайрағым қалықтады,
Қазақтың бар әлемге үнін қаттық.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет болды.Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің Әнұранымызды,Туымызды, Елтаңбамыз бен теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Егеменді еліміздің тәуелсіздігі үшін үлкен шайқас болды.Бұған барлық қазақ жастары,студенттер қатысты.Олар өз елін, жерін,тілін дамыту үшін шайқасты.Олар:Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сабира Мұхаммеджанқызы,Ербол Сыпатаев еді.
«Тәуелсіз елім - Қазақстан!» бейнеролик көрсету.
Тәрбиеші: Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Кезекті балалардың тақпақтарына берейік
Бекарыс: 16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Оразалы: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.
Айым: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Бекқайыр: 16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Шырқатып ән саламыз.
Тәрбиеші: Балалар, мемлекет рәміздері туралы кім тақпақ айтады?
Аяна: Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің. (ту суретін ұстап айту)
Серіжан:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.(елтаңба суретін ұстап айту)
Жанерке:Бақытты боп жүргенім -
Сенің арқаң, Қазақстан!
Елім - менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Айзере: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.
Әлинұр: Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем. (жалау ұстап айту)
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Тәрбиеші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Отан туралы мақал – мәтел:
Серіжан:
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Айым:
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Жанерке:
Отан отбасынан басталады.
Айзере :
Отанын сатқан оңбас
Аяна:
Ел іші – алтын бесік
Би: “Жаса,Қазақстан”-барлық балалар орындауында.
Тәрбиеші: Ата-бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ-береке орнаған.
Қазақстан, азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
Ән: “Тәуелсіз елдің ұланы” орындайтын Таймас Бекарыс пен Аймауыт Серіжан
Тәрбиеші: Бақыт құсы қонды ғой,
Бүгін туған жеріме,
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
«Қазақстаным-мақтанышым» атты мерекелік сурет көрмесін тақырыпқа сай сурет салып,белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хат беру.
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
(Балалар алдын-ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп, Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы, міне, сендерсіздер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін - сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген