Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 25 жылына арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы «Белгілі ақын Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» Музыка пін мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна

«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»

Бейне таспа: «Мәңгілік Ел»

Би: «Шаттық» («Сымбат» би тобы хабарланбайды)

Кіріспе бөлім:

1 – жүргізуші (Нұржігіт): Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші(Асыл):: Қайырлы күн, құрметті ата аналар мен қонақтар!

1+2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің 25 жылына арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: 1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған ұлы күн. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында ҚР көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік,тұрақтылық, гүлденіп қалыптасты.

Жүргізуші 1+2: Тәуелсіздік біздің бақытымыз.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналған Қазақстан. Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты. 

2-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, 
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады. 
Аңсаған сан ғасырлық арман болып, 
Қол жеткізген шындық жырын жырлады. 
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін. 
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін. 

1-жүргізуші: Елдін ерлігі, ердің ерлігі Әнұран! 
Сезім биігі, төзім иығы Әнұран! 
Тәуелсіздік Туымыздың астында, 
Елтаңбамыздың саясында 
Әнұранды шырқаймыз. 
Әнұран шырқалады.


1 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Ескаков Г.Х. беріледі.
2 - жүргізуші: Құттықтау еліміздің жергілікті әкімі Кыдыбеков М.Ж. беріледі.


Монтаж.

Нұрсәт : Қуаныштан қалай кеуде кермесін, 
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін 

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды, 
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін. 

Нұржігіт: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

Алина: Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрсын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

Жансая: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.

Бейне таспа: «Желтоқсан желі»

Көініс Қайрат: (Жігіттер: 9 сынып)

1.Нұржігіт: Желтоқсанда отқа толған жанары,

Ұл-қызың қан ішерлер талады.

Елім үшін қайсарлықпен күрескен

Жасқа толды желтоқсанның алаңы.
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
2. Әкежан: Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
3. Уалихан

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 

4. Нұрбатыр: Сол жастарым арқасы емес пе?

Осы күнгі Тәуелсіздік, ақ таңым!

Соңғы жылдар жеттің түрлі белеске,

Жеңістерің түсе берер тек еске.

1. Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
2.Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
3.Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Жаса мәңгі Қазақстан жерімде! (Бірге) Ән: «Батырлары елімнің » (Нұлбатыр )


Уалихан:  Өзіңдікі еліңде, 
Өзіңдікі жерің де, 
Өзіңді сезін бақытты 
Тәуелсіздік төрінде! 
Әкежан: Өзіңдікі Туың да, 
От пен ауа, суың да 
Жаса Қазақстаным 
Белді бекем буын да 
Гульдана: Егеменді ерікті ел екенбіз, 
Жылдан жылға дамыған берекеміз 
Бостандықтың таңы атты жарқарап, 
Халайық, құтты болсын мерекеміз!

Ән : «Қазақстан алға!»  (Гүлдана+хор)


Жанель: Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті, 
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті, 
25 жыл тәуелсіздік алдық біз, 
Жалғастырып баба жолын елдікті 

Нұрсәт: Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай, 
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай, 
Көк байрағым көкте биік желбіреп, 
Бірлікке шақырып бізді жатқандай 
Жеңіс:Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Ән: «Кок тудың желбірегені» (хор+ 9 сынып)


Жансая: Аман бол, жаңа ғасыр─жарқын заман, 
Аман ба жаңаша күн жарқыраған 
Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет, 
Қазақстан қасиетті ел екенін. 
Уалихан: Тәуелсіздік мәңгілікке сақтасын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату-тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын. 
Әкжан: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

Ән: Қазақ елі осындай (Нұрсәт+ хор қайырмаға қосылу)


Алина: Дала да думан, қала да думан жыр бүгін 
Ғасыр бойы аңсайды күткен бұл күнім 
Жасай бер, Жаса , асқардан аса әрқашан 
Кеудеме әкем қалдырған бақыт бұлбұлым 

Әмір : Әділет құшып барлығы, 
Жаңғырды адам тағдыры 
Жасай бер, жанға сая боп, 
Алтын Заң-алтын таң нұры! 

Нұржігіт: Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын, 
Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын. 
Президентім аман болғай Елбасы 
Мәңгі жаса, мәңгі жаса өр халқым!

Рауан: Жаныма ыстық нұрлы шақ, 
Мінекей ашып гүл құшақ 
Арайлы таңдай алтын Заң, 
Қазақ елім мәңгі шат

Ән: «Қазақ елі» (мұзарт 7+8 сынып).

Гульдана: Шаттанатын бар білем бүгін жайын, 
Биіктерден көрінетін Туым дәйім 
Құтты болсын ата-баба арманы 
Тәуелсіздік туған ел, алғандайын. 
Жанель: Егеменді ел болдық алға басып, 
Мерекені қазақ тойлар асып-тасып 
Төрткүл дүние өзімді танып отыр, 
Мойындатқан тарихы мен даңқың асып. 

Елдос: Жыр арнап мен де жұртыма мына, 
Лүпілдеп құттай жүрегім 
Береке берсін ынтымағына 

Деп іштей тілек тіледім. 

2 - жүргізуші:  Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Хор: Ән: «Қазақстаным» (Уалихан хор +9 сынып Бағдаттікі)


Мини-парад (жүргізушілер кезекпен айту. 25 бала жылдар жазылған тақтамен ену)

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік. 

-1991 жыл 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика деп жариялады. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 

-1992 жылы Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасы қабылданды. 

-1993 жыл Конституция қабылданды. Ұлттық ақшасы теңге енді. 

-1994 жыл орден, медаль дүниеге келді. Талғат Мұсабаев көкке самғады. 

-1995 жылы Ата Заңымыз қабылданды. 

-1996 жыл ҚР парламентінің бірінші сессиясы болды. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды. 

-1997 жылы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болды. Білім Заңы, Тіл туралы Заң қабылданды. 

-1998 жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. Астанасы Ақмола қаласына көшті7 

-1999 жыл 10 қаңтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 

-2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы болды. 

- 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр ХХІ-ғасырды зор сеніммен Қарсы алды. 

-2002 жыл Денсаулық жылы болды. 

-2003-2005 Ауыл жылы деп жарияланды. 

-2006 жыл Тәуелсіздікке 15, Желтоқсанға 20 жыл. 

-2007 жыл Әнұранның мәтіні өзгерді. 

-2008 жыл Халық санағы болды.

-2009 жыл

-2010 жылы Астанада Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды. 

-2011 жыл Азиада болды. 

-2012 жыл. Лондон олимпиадасында Қазақстан алтын жүлдегерлер болды.

-2013 жыл

-2014 жыл

-2015 жыл Ассамблея жылы

-2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жыл.

Ән : «Қазақстан» (Әділет,3сынып,хор)


Концерттік бағдарлама

1 - жүргізуші: Ақ тілекпен Ту тігілді халқым бағына
Жас өрендер желбіретіп жоғары, нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына

2 - жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Ақ тілекті әр кез халқым тіледі.
Ән: «Ақ тілек» (Нұрбатыр)

Көрініс: «Есім қою» . (салт дәстір үзінді5 сынып ата-аналар) Ән күн дидарлы Қазақстан

Көрініс: «Кел билейік» («Балапан» шағын орталық тобы)


1 - жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ән: «Туған жерім» (3 сынып балалар қолда шар мен жалауша)


2 - жүргізуші: Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
1 - жүргізуші: Ағаң болса, ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
1 - жүргізуші: Інің болса, жанашыр
Семсер қылыш білегің.
2 - жүргізуші: Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.
 

1 - жүргізуші: Олай болса тарихымызды ұрпақтан қрпаққа айтып, беййбітщілік, ынтымақ, береке орнаған жанұяларменде таныса отырайық!

2 - жүргізуші: Олай болса, бақытты отбасына барып тамашалайық!
Көрініс: «Бақытты отбасы» (даярлық тобы, ата-аналар, Ақмаржан өлеңі)

1 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі күні туған сәбиг есім қойыпсалт дәстүрімізді тамашалайық!

Би: Бананы (1 сынып)


2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Домбыраның қос ішегінде ұсынған!
Домбырашылар.

  • Елтанба (5 – 7 сынып домбырашылары)

  • Бұқар жырау (квартет 5 сынып)

1 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
«Арыс жағасында» (домбырашылар жоғарғы топ)


2 - жүргізуші:
Қазақ елін,анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Ешқашан ол күндрді ұмытпайық!
Көрініс: Ақтабан шұбырынды» («Елім ай» ата-аналар орындау)

1-жүргізуші: Хандардың қайталамай қателерін, 
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын.» 
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің, 
Ұмытпа ешқашан да баталарын. 

2-жүргізуші: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері – Төле би, Қазабек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық. 

Көрініс: «Абылай ханы мен үш кемеңгер билері» (2 сынып пен 9 сынып)

Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды. Алаштың басын біріктіріп, ақылы мен айласын жүргізетін хан керек. 
Барлығы: Хан керек, хан керек. Билікті кім айтады! 
Әйтеке: Аға – қорған іні найза демей ме! 
Арқамды қорғанға тіремеймін бе, 
найзамды ерсілі-қарсылы сілтемеймін бе! 
Мен айтайын билікті. 
Қазыбек: Ағасы асқақ інім. 
Ағасы бардың жағасы бар емес пе? 
Бұл дауды мен шешейін. 
Жолды маған беріңдер. 
Барлығы: Қазыбек айтсын! Айтсын! 
Қазыбек: Мен айтсам, халықтың қамын 
ойлайтын,хан болуға ханның 
баласы Әбілмансұр лайық! 
Төле: Атасызға ата бол! 
Батасызға бата бол! 
Арып ашқан ғаріптің 
Жел жағына жота бол, 
Панасызға пана бол. 
Кек сақтамас дана бол. 
Дос сүйсініп, қас сыйлар, 
Асу бермес аға бол. 
Әумин! 
Барлығы: Уа, жарайсың , О,бәрекелді 

Әбілмансұр: (Уалихан) 
Уа, жарандар маған билік берсеңдер, 
мен Сабалақ та, Әбілмансұр да емес – Абылаймын . 
Мен арғы атамның атымен басқарамын. 
Елім үшін, жерім үшін. Алға! 

Бірге : Еліміздің тұғыры биік, 
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. 
Ең бастысы ХХІ-ғасырдың көшбасшысына лайық болайық! 
Өлең шумағы (хормен бірге) : «Отан»

Ән: «Толғау домбыра» (Нұрсәт)


1 - жүргізуші: 
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ

Би: «Қара жорға» (2-+3 сынып). 


2 - жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ән: «Елім менің» (Трио «Алға» Нұрбатыр, Гүлдана, Нұрсәт)

Ән: Алтын бесік (Алина+ қыздар тобы)


1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Би: «Үкілі ару» (5 сынып жетекші Алина)

Ән: «Самға» (Гулбдана)


1 – жүргізуші: Қас дұшпанды жолатпаған қасына,

Ұл-қыздарың асқан батыр жасыма.

Рахымжандай батыр ұлың қадады

Жеңіс туын Рейхстагтың басына

Жасымадың, жеңілмедің сынаққы,

Жете бердің белестер мен мұратқа.

2 – жүргізуші: Мәңгі болсын асқақ болған күйің бұл,

Мақтанышпен жырлап өтсін кейнгі ұл.

Естен кетпес Ұлы отан соғысыда

Қанша қазақ өмірін қиған жыл.

Моналог «Мәншүк» (Оқитын Жансая)

Танец: «Журавли» (7 сынып оөушылары)


1 - жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Ән: «Қазақ осы» (Әмір)


2 - жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ән: «Қазақпын» (Анар+5 сынып)


1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
«Айналайын» биі. («Сымбат» қыздар тобы)

2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына

1 - жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Флэшмоб: «Ән: «Алға Қазақстан» (Жанғали Әежан 5-9 сынып оқушылар. Ту енгізу)
Қазақ елім! (бірге): Алға!
Туған жерім (бірге): Алға!.
Тәуелсіздік құтты болсын!
Мәңгілік Ел (бірге): Алға! Алға! Алға!


1 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің тұғыры биік, халықтың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын !

Бірге: Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!







Көрініс: «Есім қою» (5 сынып, ата-аналар)

Автор: Ата ананың перзент алдындағы міндетінің бірі азан шақырып ат қою. Бқл шаңыраққа ұл келсе де, қыз келсе де жасалатын сүннет амалдардың бірі. Біздің халық атына заты сай болсын деп ырымдап, түрлі есимдер қойған. Әке анасы таңдаған есім бала үшін мағыналы болуы шарт.

Атасы: Келініміздің бойына бала біткеннен бері ұл болса екен деп іштей тілеп жүрмин. Алла тілегімді қабыл етті. Өазаө хандығынын негізін салған мен Әз Жәнібек хандарымыздың атын жаңғыртып, сол хандардай ер туса, ел басқарар деп, сондай ниетпен атын Жәнібек қоймақшы едік.

Молда: Алла тағала сол ниеттеріңізге жеткізсін. Үлкен азамат болуға нәсіп етіп, және азан шақырып есім қоюды бастайық.

Автор: Дүние есігін енді ғана ашұан сәбиді атасы өолына алып, алдымен оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат айтады. Әннет бидей еліңнің ағасы бол, халқыңның Қазыбектей данасы бол, Еліміздің іргесін нық қалаған Жәнібектей жұртыңның панасы бол. Ер сырымдай халқыңның көсемі бол! Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол! Керей де Белгібайдай білекті бол! Періште Исатайдай жүректі бол! Ел жұртыңа қызмет етер азамат болғайсың қалқам.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!