400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Видео қосылады « Өрнек» биі

1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.

2- жүргізуші : Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

1 - жүргізуші:
Тәуелсізідігіміздің 27 жылдығына 3 сыныбының дайындаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Оқушылардың орындауында ән «Ұланымын Отанның »

Қазыналы Қазақстан,

Әлемдегі ғажапстан!

Жиырма беске келді ,міне,

Мен қуанамын елдігіме!


Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Көрініс:

Төле би :

1.Уа халқым сөз қадірін білесің

Жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшы болмаса ел жетім

Ұқпаса айтқан сқз жетім

2. Сөз танығыш жастарға айтар сегіз түрлі жұмбағым бар

3.Айтсам он түрлі жұмбағым мыну, 1,2,3,4,5,6,7,8,

4. Рұқсат Қаздауысты Қазыбегім,рұқсат

Берген батам бағалы болсын

Ғұмырларың ұзын болсын

Несібең таса берсін

Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін

Аумин

Қазыбек би

1.Аты жаманның арманы кетер

Баласы жаманның дәрмені кетер

2.Ұлы аға бұл жұмбағыңызды мен шешейін рұқсат етіңіз.

3.Бір дегеніміз бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніміз егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніміз үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман

Төрт дегеніміз төртке бөлінген жас жаман

Бес дегенімізбелсеніп шапқан жау жаман

Алты дегеніміз асқынып кеткен дерт жаман

Жеті дегеніміз жесір қалған жас жаман

Сегіз дегеніміз серпілмеген қайғы жаман

Әйтеке би:

1.Биікке шықсаң көзің ашылады.

Жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады.

2. Айтыңыз ұлы аға

3. Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болама екен?


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Қыздардың орындауында «Нәзіктік » биі

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Батырлар биі»

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 

Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Шаңырақ биі»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ боламыз елдің ертеңі

Ән: «Атамекен »

Ән « Қазақстан бақыты » орындайтын хор

Мұғалім:

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі