15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Тақырыбы:
«Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік»
1
- жүргізуші:
Армысыздар,
құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар
«Елімнің
бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты
мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік
- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке
қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен
кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қосылдық. Осы
кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы
ең мықты мемлекеттер танитындай,
сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш
Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген
саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін
және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік
күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен өтті.
Гимн:
1
- жүргізуші:
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы
орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде
бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз
Қазақстан – елім менің
Ән
«
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Мәнерлеп
оқу: Аружан
Бақытым
- Республикам Қазақстан,
Көгінде
ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған
жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс
болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда
интернат бишілер тобының орындауында
« »
2
- жүргізуші:
Қазақ
дейтін менің бір елім,
Жатыр
алып жарты дүние әлемін.
Бұл
даланы анам жаспен суарған,
Бұл
далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым
Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ
жерімізде қазақ халқының басынан не
өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан
кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе
білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сеніп, үміттерін үзбеді.
КӨРІНІС
Сол
күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған
шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш
пе, білмеймін қуаныш па
Өз
- өзінен жүрегім ән салады.
Әдеби
монтаж:
«Орнында
бар оңалар» демекші, ел орнында, жер
орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер
болса, ел болады, ел болса ер болады.
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»
егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.
Көптеген ұлт өкілдері тұратын осынау
қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңшілігі керемет дархан дастархандай
далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын
жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын,
еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім
кең әлемге керегемді.
Мұхиттың
ар жағында жатқан жұрттар
Таныды
тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын,
қойнауы - құт, жері - дархан,
1
- жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты
бұл достық
Ұлы
достық
Нұрлы
достық
Күн
достық
Достық
деген қасиетті ұранға
Кең
даланың жүрегі де үн қосты
Биші
қыздар биімен де үн қосты
«
» биі. Орындайтын 9 - сынып
оқушылары
2
- жүргізуші: Қасиетті Қазақстан
мекенім,
Ақиқаттың
алтын бесігі екенсің.
Елім,
жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым,
өнер - білім, өркенім.
Бейбіт
өмір тілеймін мен халқыма
Туған
тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда
таланттылар көбейсін
Бас
иемін ата баба рухына.
Бойымда
әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол
бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім
барша жұртқа бір ғана
Ырыс,
бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән:
« » Орындайтын:.Мұхитов
Нұрболат
2
- жүргізуші:
Ту
тігілді халқымның бүгін бағына
Жас
өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға
жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі
бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты
өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік
туын ұстап жоғары
Бүгінгі
ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
атты кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Жаралдық
молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
ИНТЕРНАТ
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ОРЫНДАУЫНДА:
ФЛЕШМОБ
Тәуелсіздігіміздің
тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,
ағайын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген