400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы мағлумат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

  Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік».

Мақсаты: Патриотизмнің негізін қалыптастыру, ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 1және5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалары мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Жоспар:
1 Салтанатты жиынның ашылуы
2 жүргізуші
3 Құттықтау сөз мектеп директоры
4 «Жас Ұлан » балаларын мен жасөспірімдер ұйымы қабылдау!
5 Баяндама

6 Мәнерлеп оқу

7 Хор « Менің отаным Қазақстан»
8 Салтанатты жиынды жабылуы

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгін бізде айрықша қасиетті күн.Себебі әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегіне жақын ең басты құндылықтарының бірі -тәуелсіздік күні.

Осы Тәуелсіздіке қол жеткізудің басты себебі ата-бабаларымыздың арқасында ұлан ғайыр жерімізді жаудан ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қорғап бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті қазақ даласында міне бүгін 26жыл көк байрағын желбіретіп отыр. 

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Ұлан басы:Сап түзел, тік тұр!

Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін!

Қазақстан Республикасының Гиміні орындалсын!

Топ және топ басылары мәлімдеме тапсыруға дайындалсын. Мектептің ұлан басы Советова Гүлімге тапсырсын. (Мәлімдеме тапсырылады)

Қазақстан туған Отан,алтын бақ

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан көпті көрген қария

Қазақстан мейірбанды жерім қымбат

Тауымыз бар тәңір татқан шынымен

Ұл қызым бар даламыз бар кенінен

Алдарына басымды иіп өр халқым

Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен.

Біз бүгін сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына мектеп оқушыларын қабылдаймыз.


Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылы 6 шілдеде Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қауымның бірлестігі құрылды.
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып:

1. ҚР патриоты болуға;

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

3. Отанымызды мақтаныш етуге;

4. Ата-ананы қадірлеуге;

5. Білімге ұмтылуға;

6. Салауатты өмір салтын ұстануға;

7. Табиғатты аялауға;

8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;

9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етеді.

Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
Жасұлан ұйымының мүшесі — батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

«Жас Ұлан» балалар ұйымының Ұланбасы- Советова Гүлім

Менің елім — Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Арта берсін, абыройың, атағың

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ елі өнерлі өсиетті

Египетті бейнелеп бейбарысты

Қазақ елі киелі қасиетті

Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсындар ма?

Оқушылар: Дайынбыз (3 рет)

Ұланбасы: «Біздің ұран»

Оқушылар: Біздің ел Қазақстан, болашағы Жас ұлан

Ұланбасы: Ант қабылдансын!

Оқушы: Мен – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін!

Құрметті ұстаздар және мектебіміздің түлектері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

1.Мектеп басысы: Серғали Мақсатұлы

2.Оқу ісі жөніндегі орынбасары Адилов Шамил

3.Ағылын пәнінің мұғалімі: Асылай Хабдрахманқызы

4.Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бибі Ізтұрғанқызы

5.Физика пәнінің мұғалімі Күләндә Сәрсенқызы

6.Математика пәнінің мұғалімі Ақсулу Төремұханқызы

7.Бастауыш сынып мұғалімдері

8. Нурила Кенжебергенқызы

9.Мансия Каймуллақызы

10.Кунсулу Есенжолқызы

11Алғашқы әскери пәнінің мұғалімі .Бақберген Тоқашұлы

12.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Қарабалақызы

13.Музика пәнінің мұғалімі Ақтоты Төребайқызы

14.Мектеп түлектері

(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)
Білімді -көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!


Құттықтау сөз кезегі: Серғалі Мақсатұлына беріледі.

Баяндама: «Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім»

Баяндамашы

Жас Ұлан әні: Әні мен сөзін жазған  Ұ. Ж. Жаналиева 

Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын 
Асқақтатып әлемге 
Нық ұстайық байрағын! 
Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын 
Асқақтатып әлемге 
Нық ұстайық байрағын!

Әдеби мантаж 11 сынып түлектері

Отан

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

Әлі де шығар аланға Отан үшин

Карсы аккан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ

Түсинеміз, ұғамыз

Бұл күннің онайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!

Тәуелсіздік

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің

. Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! ...

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой Маған,  Саған Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! Қалқаман Сарин

Қазақстан тәуелсіз ел
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған...»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халақы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!

Қазақстан тәуелсіз ел

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығындағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,
20 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!
Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!


Қазақстаным!

Алмат Исәділ

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!

 « Қазақстан » 

Кеңдалалы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын  ешбір  жауға  бермейміз,

Сертің  осы  азат жігіт, азат қыз!

 Қара жерде  қылтыңы  жоқ  бір елміз,

Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.

Әніміз  бар  асқақ  жалау сықылды,

Көтерілсе – тік көтерер  жұртымды.

Біз дүниеге  мәңілікке  келгенбіз.

 Қазақстан дейтін   менің бар елім ,

Жатыр алып  жатыр  дүние  әлемін!

Бұл даланы  анам жаспен  суарған,

Бұл даланда  атам қолға ту алған,

Бұл далаға  жылап келіп ,  уанғам,

Бұл даланы  көріп алып  алғаш қуанғам.

Бұл далада  өскен жанда  жоқ арман!

 Көк аспан, күн, қыран – сәні құт,

Жарасқан  байрақтың  мәнін ұқ .

Көк байрақ – ашық көк  кеңісің,

Көк жайлап  тұрған  күн – жеңісін .

Алтын күн көтерген  ел құсы –

Халқыңның батырлық белгісі.

Киелі көк  байрақ  астында

Иелі іс ұқсас  тасқынға.

Көк байрақ  күш  беріп  әр істе,

Ерлерді жеткізген  жеңіске,

Желбіреп тұр  байтақ аймақта ,

Елжіреп қараймыз  байраққа .

Киелі  байрақта аруақ, бақ:

Иеді басын  ер ардақтап.

Көк туды  қастерлеп  сүйіп те ,

  Көтеріп ұстаймыз  биікке !


Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз! 
Мықты болсын еліміздің керегесі. 
Жүректе намыс оты лапылдаған, 
Күш-жігері жастардың сарқылмаган. 

Әлі де шығар аланға 
Отан үшин Карсы аккан өзеннен өтетіндер. 
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ 
Түсинеміз, ұғамыз 
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!


Хор Менің Отаным Қазақстан 5 сынып

Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)

Ұлан басы: Мемлекттік ту шығарылсын.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!


Құмжарған орта мектебі






Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Салтанатты жиын және мектеп оқушыларын

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран»

ұйымына қабылдау рәсімі.


Дайындаған: аға тәлімгер А.Қалбаева



























2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі