«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және балабақша бүлдіршіндері! «Ақбота» тобының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 33жыл толды. Өмір 33 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным.
Тілші: -Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар! Басталып кетіпті, мені кешіріңіздер,мен Қазақстан Ақтау телеарнасынан келген тілшімін,бүгінгі тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз туралы сұхбат жүргізбекшімін Мен Ақтау қаласындағы барлық балабақша бүлдіршіндерінен сұхбат алып келе жатырмын. рұқсат болса Сіздің бүлдіршіндеріңізден де сұхбат алсам !
Жүргізуші:
-Әрине рұқсат.
(Тілші балаларға сұрақ қояды)
— Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
— ҚР президенті кім? (Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
— ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту,елтаңба, гимн)
Жүргізуші: Сіз біздің балаларымыздың рәміздер туралы тақпақтарын тыңдаңыз.-Рәміздер туралы тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз:
1бала:Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің,Қазақстан!
2 бала Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанаты,
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
3 бала Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ.
Төбесінде жұлдызы,
Тұр ғой әне жарқырап
4 бала Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным – Қазақстан.
5 бала Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Тілші:
-Тамаша балалар бәрін біледі екенсіңдер!
Жүргізуші:
-Тілші мырза сіз бүгін сұхбат алып үлгеріңіз және біздің балаларымыздың бүгінгі мереке арналған ән,би, тақпақтарын да тамашалаңыз.
Тілші: Жақсы балалар сіздің балабақшаларыңызда тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіздің тамаша өтіп жатырғанын көріп отырмын. Балалалар ертең өздеріңізі Қазақстан Ақтау телеарнасынан көретін боласыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл
достық
Ұлы
достық
Нұрлы
достық
Күн
достық
Достық деген қасиетті
ұранға
Бишілеріміз биімен де үн
қосты
«АРҒЫМАҚТАР» биі
Тәрбиеші : Балалар егеменді ел атануға біздің ата-бабаларымыздың еңбегі орасан зор. Біздің ата-бабаларымыздың күштері көп болған. Білектің күшімен мыңды женген. Қанекей балалар бізде күштерімізді байқап көргіміз келе ме?
Ойын: Қазақтың ұлттық ойыны «Қошқар көтеру» ойыны
Жүргізуші :
Күй, сені тәтті көрем, жаным
сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай,
жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып
жүрегіме
Музаның әміріне басымды
иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін
жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың
күйік
Шерттіріп құнарлырақ
домбыраға
Тербеліп ырғағына
тамылжиық
ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ «БЕСІК ЖЫРЫ» АТТЫ ӨЛЕҢІН ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР
Жүргізуші:
Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
ОРТАДА БҮЛДІРШІНДЕРІМІЗДІҢ «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ» БИІМЕН ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт,
жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Ән: «ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН»
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш
па
Өз-өзінен жүрегім ән
салады.
«ҚЫЗДАР» дуэтінің орындауында «Ей домбыра»
Ту тігілді халқымның
бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста
Ғасырларға жалғастырып
елдікті
Дақ түсірме ата баба
рухына
Үлгі бізге аталардың
ерлігі
Ұлағаты өнегесі
еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ
елім!
Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
«Жастерек» жекеменшік балабақшасы
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»
2024-2025 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

шағым қалдыра аласыз