Материалдар / "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2023
460
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бармысыздар рухы биік, арманы асқақ еліміздің жалынды жастары! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!(фан-фар)


2-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 32 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!  (Фан-фар)

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі дегендей
ҚР мемлекеттік Гимні орындалсын!


1-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіздікпен еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)


2-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, колледжіміздің директоры .....

___________________________________________________________

сөз беріп өтсек ...


1-жүргізуші: "Дариға, Домбырамды берші маған, 

Жаныма келші жарым, келші балам. 

Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 

Күй болып күңіреніп енші далам 


Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 

Сенімен сырласымдай тілдесемін. 

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 

Өнердің не екенін білмес едім". Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда Шәріп Айшабибі Мұратқызының орындауында ____________________________________

(күй орындалады

2-жүргізуші: «Тәуелсіздік» - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі егемендік алып, тәуелсіз ел болу, осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық. Ендеше осы егемендік алғанымыз туралы көріністі тамашалайық!

Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)

(атасы мен немересі ойланып отырады)

Немересі: Ата, ата біз осы білім ордасында тәуелсіздік туралы өлең жаттадық. Айтып берейін бе?

Немересі тақпағын айтады

5 студент 3 тілде тақпағын айтады.

Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. («Көңіл толқыны» күйі орындалады видеоролик)

Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – деген....

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі –

Міне «Егемендік» деген осы.

Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!


1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш! –дей отырып, ән шашуға кезек берейік!

Аязбаев Аңсардың орындауында ______________________________

әнін қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші: Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана да – деп, сахна төрінде өнер көрсетіп би билеп жүрген бишілерімізді өнерімен қарсы алайық! Ортада

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

Серікбай Дарының орындауында _______________________________________________________ әні


2-жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

ПМТ-206 тобы студенттерінің орындауында

Ән: ______________________________________________ (хор)

1-жүргізуші: Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

(осы кезде әрбір студент тілектер айтады)

Қ — Қазағым аман болсын!
А — Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін
З  — Заманымыз тыныш болсын!
А — Аман болайық!
Қ — Қыран құстай биікке самғайық.
С – Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т – Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.
А – Аспанымыз ашық болсын!
Н – Намысты ұл-қыз болайық!


2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, «Рухы биік, арманы асқақ - Қазақ елі» осымен біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 37 жылдығына арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!