Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл.

Сабақтын мақсаты:


Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.


Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады

***

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

***

Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!





Сабақтын ортасы


























***

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

«Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

***

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

***

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

***

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

***

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

***

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

***

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.

Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні — бұл.

***

Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні — бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні — бұл.
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні — бұл.
Бір — бірімен жарасып
Бауырласқан күні — бұл.

***

Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!

***

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Слайд арқылы мәлімет беру






















Сабақтың соңы


***

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)

***

Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!



Рефлексия

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қызықты болды?

  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

  • Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Стикерлер

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО кмм













Сынып сағатының тақырыбы:

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл












Сынып: 9 а

Сынып жетекші: Максутова Гулзад


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!