400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсанға сыныптан тыс өткізілген жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған

«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран айтылады.


Асем:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Диас:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Айша
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп


Жеке ән: Менің Отаным
Орындайтындар: Алтынай, Диас, Әсем, Бақдаулет, Айғаным
Би: «Батырлар»Мейірлан, Бекжан, Диас


Мерейім
16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн

Бақдаулет:
Тегеурінді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айырларым Ләззат, Ербол, Қайраттан

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.

Айғаным:
Алып дүлей күштің зәре ұшқынын
Алаулатып жылатты бір қыс күнін
Сабирадай қайран қара көздерім
Тастағанын елге ерлік ұшқынын

Хор: Желтоқсан желі.

Әділ:
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел

Нұрдаулет:
Отан - деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға

Мейірлан Н
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным қазақстаным

Хор «Ел қорғауға әзірміз»

Қымбат:
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Әйкерім:

Бәз жас – ұлан отан өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені

Хор «Солдат болам мен ертең»
Осымен тәуелсіздік күніне арналған Гүлдер тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі