«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихынқұрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: Әсілбек Аяжан
Тақырыбы:
«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»
Күні:
Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихынқұрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының рәміздері, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының суреттері, гүлдер, тақырып жазылған плакат, слайд.

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Сәлеметсіңдерме балалар!
Көңіл күйіміз қалай балалар?

Құрметті әріптестер, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз. Бүлдіршіндеріміз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Өмірлерің мәнді де, сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын .

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.

Балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып алайық!


Осындай-Тәуелсіз еліміздің болашағы біздің балаларымыздың бүгінгі мерекеге арналған тақпақтары бар екен.








































-Ал балалар сендерге қоятын бірнеше сұрақтарыым бар! Жауап береміз бе?
1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?



2.Қазақстанның астанасы қай қала?
3.Еліміздің рәміздерін атайықшы

-Жарайсыңдар балалар ендігі кезегімізді ұлттық рәміздерге арналған тақпақтарға береміз!






























-Жарайсыңдар балалар! Келесі кезегімізді қыздарымыздың орындауында «Тәуелсіз қазақтың қызымен» атты биіне береміз!


-Жарайсыңдар балалар бір-бірімізге қошемет білдіреміз!

Ендігі кезегімізді рәміздерге байланысты жұмбақтар және өлеңдерге береміз!















































































-Өте тамаша жарайсыңдар балалар!Тілдерің қандай тәтті! Талаптарыңа нұр жаусын!

Балалар ендігі кезегімізді ұл балдарымыздың орындауында «Алға Қазақстан» биіне береміз!


Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ертеңгілігімзге белсене ат салысқандарың үшін көп рақмет. Ертеңгілігімізді қорытындылау үшін балалар күніміздің шуақтарын толықтырайық

Жарайсыңдар!!!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер балалар, Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етесіңдер деп сенемін.Сәттілік!!!

Сәлеметсізбе апай !


Жақсы!

























Балалар шеңберге тұрып әуенге билейді!




Амансыңба алтын күн
Амансың ба жарқын күн
Маған жылу шуақ бер
Қуанышпен шаттық бер


1.Еркебұлан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн


2.Абзал
Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды


3.Айсұлтан
16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

4.Аниса
Отан - деген ұлы ана

Отан деген ғұлама

Мен ғана емес атамда

Перзенті екен Отанға


5.Гүлназ

Тәуелсіздік таңдары,
Жарқырайды шамдары.
Қазақстаным, отаным,
Бақытты елдің балдары.


6.Айша

Отаным – алтын бесігім,
Жүрегімде тербетем.
Қазақстаным – кең елім,
Мақтанышпен жыр етем.








-Иә


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



-Астана

-Әнұран,Ту,Елтаңба







7.Ерасыл

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

8.Нұрасыл

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!

9.Көзайым
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

10.Айғаным
Қазақстан жалауы-
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

11.Еркеназ

Ән ұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.

12.Мейірхан

Көк аспанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.

















13.Мәриям

Еліміздің бұл бағы,

Оны ақындар жырлады.

Күш береді біздерге,

Биікте оның тұрғаны.(Ту)

14.Бибіназ

Елемейді ол күнді,

Елемейді ол түнді.

Өзен емес, көл емес,

Желді күні толқынды.(Ту)

15.Жомарт

Елтаңба, Ту, Әнұран,

Олар біздің бағымыз.

Көкжиектен ататын,

Нұрын шашар таңымыз.

16.К.Арсен

Рәміздерге бас ием,

Елтаңба, Ту, Әнұран.

Баурап елді өзіне,

Бейнесімен таң қылған.

17.Жігер

Рәміздермен жайнаймыз,
Олар біздің бағымыз.
Әнұранды шырқап біз,
Ән саламыз бәріміз.

18.Мансұр

Жадырасын жанымыз,

Көңіліміз жай болып.

Рәміздерді жырлайық,

Салт-дәстүрге сай болып.


19.Бердімұрат

Рәміздер тек жасасын, Көңілімізге дем беріп. 20.Мүслім

Елтаңба, Ту, Әнұран,

Мақтанамыз олармен.

Олар үшін әрқашан,

Әсем әнге салар ем.

21.М.Арсен

Тояр жерге туың тік.

22.Медина

Рәміздері қазақтың,

Көңілге күй беретін.

Елтаңба бастап елімді,

Жүрекке сый беретін.

23.Мадияр

Жасай берші Рәміздер,

Әр қазақтың төрінде.

Шырқала бер әнұран,

Бүкіл әлем көгінде.

24.Ару

Ән ұраным жыр әнім,
Көк байрағым қыраным

25.Аяла

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
26 Ерхан
Тәуелсіз еткен әр жастан
Алға мәңгі қазақстан!






Би«Алға Қазақстан»





























ЖШС «Баязит ата» бөбекжай балабақшасы

















Тақырыбы: Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік

Орындаған: Әсілбек Аяжан



















2024-2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі