жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" тақырыбында тәрбие сағаты
Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған « Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты,бас имеді,қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Желтоқсан-ау,ұмтылмайсың жүрекке,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке!
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып,кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашады.
Әнұран орындалады.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Дұрыс,1991 жылы желтоқсан айында біздің еліміз өз алдына егемендік алды. Біздің мемлекетімізде өз ана тіліміз,Әнұранымыз,көгілдір туымыз,болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз бар. Ал,сендер Отанымыз,тәуелсіздігіміз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1-оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
2-оқушы:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен,жасай бер мәңгі бақи
Қуанышқа бөлен де.
3-оқушы:
Тәуелсіздік-
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын деймін шат күнім.
4-оқушы:
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген.
5-оқушы:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі.
6-оқушы:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді.
7-оқушы:
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің,жерім менің,
Баққа қолы жеткеен күн.
8-оқушы:
16-желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн!
9-оқушы:
Егемендік-бұл елімнің елдігі,
Егемендік-барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік-елін,жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Ән: « Тәуелсіз ел ұланы »
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Біздің Отанымыз-тәуелсіз,егеменді мемлекет.
-Біз қай тілде сөйлесеміз?
-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Балалар,еліміз желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы.Балалар,Президент болу өте қиын және жауапты жұмыс.Мемлекет басшысы өз халқын,Отанын,туған жерін өте жақсы көреді.
-Республикамыздың бас қаласы қай қала?
Астана туралы тақпақтар
1-оқушы:
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар баспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей,бас қалам-Астана!
2-оқушы:
Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар отаны!
-Мынау Астана қаласы.Ол әдемі,жас қала. Онда биік үйлер,көптеген сауда,демалыс орындары,мұражайлар,кинотеатрлар бар. Ал мынау «Бәйтерек»-Тәуелсіздік белгісі. Мұнда президенттің алақанының ізі бар.
Би: Қаражорға
-Балалар,енді мен сендерге жұмбақ қоямын.
Жұмбақ шешу.
1)Тәуелсіздік жолында,
Тапқан істің шешімін.
Президенті қазақтың
Айтшы қане есімін? (Н.Ә.Назарбаев)
2) Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Деп айтатын Әнұран
Қай елдің баласы? (Қазақ елінің баласы)
3) Еліміздің тірегі
Жеріміздің жүрегі.
Бас қаланың есімін
Қане кім біледі? (Астана)
4) Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап
Кімнің туы біліп ал? (Қ.Р.Мемлекеттік туы)
5) Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күнмен бірге қандай құс
Қанат қаққан бар елге. (Қыран құс)
-Балалар,өте жақсы жауап бердіңдер. Енді еліміздің рәміздерін атаңдаршы?
Рәміздер туралы тақпақтар.
1-оқушы:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам!
2-оқушы:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
3-оқушы:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, айтар сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
-Балалар Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде мұнай, қорғасын, алтын, көмір, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ т.б байлықтарымыз бар.
Би: «Маусымжан»
Түгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе:
Елімнің атын айтсам-Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам-Қазақстан.
Қазақстан-Отаным мақтанышым,
Мен сені жырлаймын мақтан үшін.
Қазақстан туған елім ұлы өлкем
Абыройыңды асқақтатам мен ертең!
Жаса Тәуелсіз Қазақстан!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
Бүгінгі «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен коп рақмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген