400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қажетті тәрбие сағатының жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік


Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; жас ұрпақ бойында еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

Тәрбиеші: Құрметті «Сырғалым» балабақша ұжымы, кішкентай бүлдіршіндер,бүгін «Куншуақ» ортаңғы тобының атсалысуымен дүниені дүр сілкіндірген, қазақ тарихында атын әріптермен таңбаланатын тарихи азат күн, тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

(Залдың іші мерекеге сай безендірілген. «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндері қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға кіреді.Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)


Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында


Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.


Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына – 25 жыл. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда – туымен тұғырлы,елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты елміз.


Бекмұхан: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


Сания: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.


Мариям:Ән ұраным, жан ұраным,

Айтар әнім, айтар сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.


Тәрбиеші: Алдарыңызда «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.



Тәрбиеші:Тегеурінді соққыларды жайратқан,

Ақша қарда судай ақты қайнап қан.

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,

Айырыларын Ләззат, Ербол, Қайраттан.


(Видеоролик көрсетіледі. «Желтоқсан желі», желтоқсан құрбандарының суреті.)


Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Сәбирааға-апаларымызға 1минуттық үнсіздік жариялайық.


Айша:Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел қуанып,

Шаттанып ән салған күн.


Нұрислам:Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне үңілем.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндері тәуелсіздік жолында құрбан болған батыр Қайрат ағамыздың сонау 1986 жылдың желтоқсанындағы өмірінен шағын үзінді көрсетсе. (Көрініс: Нұрәлі, Бекмұхан, Мансұр)


Ән: «Желтоқсан желі»(Орындайтын: Нұрислам, Айша, Мариям)


Тәрбиеші:Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсізелімізболашаққаайқынбағдартүзеп,өркениеттіелдерқатарынажетугеаяқбасты. Болашақтыңтірегімынабүгінгібіз,бүлдіршіндер,яғнисендерсіңдер, балалар. Сәбикүлкісімен анамейірімінің  сәніешқашанбұзылмасын.


Аяна: Мерекеге шығады,

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлық той.

Айару: Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға-әпкелеріміз.


Мансұр: Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Би:_____________________


Жәния:Отан деген – ұлы ана,

Отан деген – ғұлама.

Мен ғана емес, атам да,

Перзент екен Отанға.


Аруназ:Кең жазық Отан мекенім,

Сенде өсіп, көктедім,

Сені қоғау парызым,

Мұны біліп өтемін.


Хор:«Менің Отаным»


Тәрбиеші: Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Күншуақ» ортаңғы тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздыңкөкбайрағыжелбіреп, еліміз тыныш, жұртымызаманболсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі