400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік



Тақырыбы: Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Амандасу. Хормен.
Армысыз қайырымды аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер – ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсізер ме, қонақтар мен апайлар!


Жүргізуші: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимініміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.


Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным!»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжмеденов, Н. Назарбаев
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов


Құттықтау сөзді балабақша меігерушісі: К. Аймашева ханымға беріледі.
Жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімен күн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елім
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.


Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарға кезек берейік.
Инабат: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.


Шерхан: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Кәусар: Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.


Найра: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдарын.
Жүргізуші: Енді балалар «Тәуелсіздік елдің білімді ұрпақтары» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
1. Қазақстан қандай ел? Егеменді, Тәуелсіз мемлекет
2. Еліміздің рәміздерін кім атап береді? Ту, Елтаңба, Әнұран.
3. Елордамыз қалай аталады? Астана қаласы.
4. Қазақ елін кім басқарады? Н. Назарбаев.
5. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Орыс, неміс, қытай, өзбек, т. б.
Жүргізуші: Балалар өте жаөсы ойнадыңдар. Сендер өз елдерің жайында мағлұматты көп біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет.
Жүргізуші: Би «Асатаяқ»


Тақпақтар:
Сымбат: Отан – менің ата анам
Отан – досым бауырым
Отан – өлкем Астанам
Отан – туған ауылым.


Үздік: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.


Ислам: Рәмізім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәмізім Ән ұран ту елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жан кісі.


Ерназар: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.


Жүргізуші: Ар намысты асқақ рухты ата бабамыз аңсап күткен, келешек ұрпаққа жарқын жол көрсеткен азаттық пен тәуелсіздігі жарқын болашақ өміріне үлкен үміт пен армандарына қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Хор: «Отан»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет.
Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі