400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елімнің еркіндігі тәуелсіздік" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Елімнің еркіндігі тәуелсіздік

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға

таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. 
 
Көрнекіліктері:  Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,  
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.  
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты  плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға  газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер. Кітап көрнекілігі.Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері.


1. Алғы сөз. 
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2. Әнұран.

Жүргізуші

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

5.Тақпақтар: Желтоқсан туралы

Оқушы

Жас арудың жанарында – Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, 
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. 
Оқушы

Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 
Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, 
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан

Оқушы

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. 
Оқушы

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған 
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. 
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма 
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. 
Оқушы

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, 
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 


Көрініс.

(Сахнада Кайрат жеңгесі екеуі шай ішіп отырады.Екі милиция кіріп келеді.)
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция
: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

Жүргізуші

Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын! 
Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді, баба дәстүрін 
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.  

Жүргізуші : Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.       

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Тергеуші:      Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:       Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе ?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!  


Қайрат: 
Тоқта! Айтар сөзім бар. 
Күнәдан таза басм бар, 
Жиырма бірде жасым бар. 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар. 
Алам десең алыңдар. 
Қайрат деген атым бар,  
Қазақ деген затым бар. 
«Еркек тоқты – құрбандық Атам десең атыңдар.
Жүргізуші

Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 


Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Оқушы:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Шала жансар қар астына көмгені,

Тәуелсіздік-ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін міне, көр мені,

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.

Оқушы:

Тойланып мың мереке, ұлыс күні,

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,

Сыртқы жау пәле-жала жаппасын тек.

Мен әркез отырамын Тәуелсіздік

Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

Оқушы:

Намысың найзағайдай жарқылдап бір,

Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.

Дәуірдің бастау алған жиырма бірі-

Еліме болсын дәйім алтын ғасыр.

Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны,

Ешқашан ондай ұлттың жоқ тамыры.

Бабалар аңсап өткен кезге жеттік,

Қолдасын көк туымды хақ Тәңірі.

Хор. Көк тудың желбірегені.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің 
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 
   Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.  Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер.



Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 31 жыл  толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі