400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Құрық орта мектеп-гимназиясы»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»

мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты









МАД тәрбешісі: Елубаева Н.Е





















Құрық ауылы

2017ж, желтоқсан

Сабақ жоспары
«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»
(Мектепалды даярлық тобы)
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік күні туралы толық мәлімет беру.
Еліміздің рәміздерімен таныстыру.
Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру.
Отанды сүюге, батылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: еліміздің рәміздері
(Елтаңба, ту, әнұран), күн шуағы.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе, мұғалім.
Психологиялық сәт.
Балалар, шаттық шеңберге тұрады.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын.
Еліміз аман болсын. (Балалар осылайша бір – бірімен құшақтасады).
Мұғалім: - Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Ал біздің еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Мұғалім: - Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет болғанына 26жыл толды. Тәуелсіз мемлекет аталып, өзінің жоғын жоқтап, елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алып отырмыз.
1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні болып есептеледі. Ол үшін көп кісілер күрескен. Қайрат Рысқұлбекұлы да сол Тәуелсіздіктің күресіне қатысқан.
Тәуелсіз дегеніміз – біз өзіміздің бостандығымызды еркіндігімізді алдық. Өзіміз жеке мемлекет болып есептелдік. Қазақстан Республикасының президентін сайладық. Сол Тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап Қазақстан Республикасының өзінің туы, елтаңбасы, әнұран осындай рәміздерді елбасымыз қолдады.
Оның бәрін өз қолына алған елбасымыз кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: - дұрыс айтасыңдар. Қазір рәміздердің бір түрімен танысамыз. Ол біздің еліміздің туы. Тудан ненің белгісін көріп тұрсыңдар? Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті
туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!

Балалар: -Күн, құс пен ою бейнесің көріп тұрмыз.
Мұғалім:- Ия, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?
Балалар: Көгілдір түс.
Мұғалім: -Неге ұқсайды?
Балалардың жауаптары.
Мұғалім: -Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы – Шәкен Ниязбеков.
Мұғалім: -Дұрыс, Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңба авторлары – суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей елімнің.
Бабам тұлпар жаратты.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Өркениет төрінде,
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде.

Республикамыздың әңұраны да бар.
Біз оны білеміз.
Балалар әңұранды орындайды.

Оқушыларымызды мерекеге арналған өлең шумақтарымен қарсы алаңыздар.
Ажарында көгіміздің –
Тыныштығы жеріміздің.
Тәуелсіздік деген осы –
Азаттығы еліміздің! Ислам

Арайланып, шуақ шашар таң күліп,
Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.
Бағзылардан аңсап жеткен Еркіндік –
Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік! Орынбасар



Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным! Аян



Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің бастауы. Әлішер


Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады. Аяна

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі. Інжу

Ән: «Тәуелсіз елдің ұраны»

Дидактикалық ойын «Күннің шуағы»
Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды.
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
2. ҚР президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
3. Тудың түсі қандай?
(Көгілдір)
4. Біз қай қалада тұрамыз.
(Семей қаласы)
5. Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз мемлекет)
6. Қазақстан Республикасында қандай рәміздер бар? (елтаңба,ту, әнұран)
Біздің Отанымыз – Қазақстан көпұлтты мемлекет. Әр елдің өзіне тән ұлттық ойындары болады. Қазір біз қазақтың ұлттық ойынын бірі «Тақия тастамақ» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Балалар шеңберге дөңгеленіп отырады. Бір бала ойынды бастайды. Ойын бастаушы тақияны қолына ұстап, мынадай сөздер айтады:
Бір ойын бар, ойын бар
Ойын аты – Тақия тастамақ
Шеңбердегі дөңгеленіп отырған балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде бастаушы бала біреуінің артына білдірмей тақияны тастау кажет. Тақия тастаған бала қуады. Жетіп алса, ойынды бастайды.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақырып өттік.
-Не жайлы әңгімеледік.
-Біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды.
-Қай ойын сендерге ұнады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі