Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елімнің ертеңі - Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы


















































Тақырыбы: Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!

Мақсаты : 1986 –жылғы Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар ! Бүгін біздің еліміз сан мыңдаған жылдар бойы еркіндікті армандап , найзаның ұшымен, білектің күшімен Желтоқсан оқиғасымен тарихта аты жазылған Тәуелсіздігімізді тойлаудамыз. Осы орайда ұйымдастырылған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Ортаға «Ақыл» тобының балаларын қошеметпен қарсы алыңыздар. (балалар ортаға кіреді )

2-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан жүректі ұғысқан

Ата-бабам аңсап өткен бақытым

Айналайын Қазақстан-Гүлстан

1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы

Енді ағайын көгіңде қалықтасын

Қазағымның қастерлі Әнұраны

ҚР Гимні орындалсын

2-жүргізуші:

-Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – Тәуелсіздік. Талай ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп қарасаңыз осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымдарын бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі - халық, халықтың анасы- Отан. Халқымыз бостандықты аңсап , тәуелсіздікке зарығып жетті. Бұл азаттықтың жолында халқымыз аз қиыншылық көрген жоқ .

1-жүргізуші:

Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлық қазақ ұлты үшін ерекше қасиетті.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз ел атанып, әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитын деңгейге жеткізіп отырған тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігін , ерен еңбегін әлемге жар сала айта аламыз.(слайдқа назар аударайық)

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін мереке деп білеміз. Осынау мерекеге арнаған балаларымыздың жүрекжарды лебіздерін тыңдайық.

З. Мейіржан

Тәуелсіздік ел болу

Ынтымақпен өрге озу

Еркін және өзге елмен

Терезесі тең болу


Арайлым

Қыста келген бақыт бұл

Қыспай берген жақұт нұр

Аппақ қардай пейілін

Әлемге елім шашып тұр

Бағдат

Тәуелсіздік ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде

Сен жасай бер мәңгі бақи

Қунышқа бөлен де.

Жаннұр

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Ерсін

Тәуелсіздік бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнім

Сымбат

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

Қарлығаш

Пусть на твоей земле

Мой Казахстан прекрасный

Смеются дети т цветут сады

Не будет тесно людям разных наций

Батима

Казахстан- Родина моя

Любимая , могучая страна

Я горжусь, что здесь я рождена

Казахстан – Родина моя

Қапуыр

Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген

Дәулет

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік- ел бақыты , ертеңі

О, халайық , құтты болсын қуаныш

Даниял

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

Айбар

Сарыарқаның даласында

Күн шуағын төккен күн

Елім менің , жерім менің

Баққа қолы жеткен күн

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді

Кеңейттім кең әлемге керегімді

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе тең деп тереземді

Қазақпын, қойнауы –құт, жері-дархан

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам

Хор «Қазақстан бақытты»

-Жарайсыздар балалар . Қошеметтеп қойыңыздар. Ал балалар бүгін біздің мерекеміз ерекше өткелі тұр.

2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда біз бүгінгі мерекеде спорттық ойын түрлерінен эстафеталық сайыс өткіземіз .Олай болса алдымен әділқазылармен таныстырып өтейін . Балабақша директоры - Г.Тоқсанбайқызы, әдіскер А.Оңболсынқызы. Ал балалар дайынбыз ба? Іске сәт.

1-жүргізуші:

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Топтың аты мен ұраны;

2. «Қаппен секіру» жарысы

3. «Құлаққаппен әуенді тап» жарысы, ата- аналармен бірге

4. «Кенгуру»жарысы,

5. «Ойнайық та ,ойлайық» жарысы, скакалкамен секіріп келіп, есеп шығару

6. «Арқан тартыс» ойыны

Ал енді сайысымызды бастайық. Топбасшылар топ атын қорғайды.

Арайлым Топтың аты – «Қыран».

Ұраны- Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

Қыран көкке самғайды

Зеңгір көкті қорғайды

Әрқашан да қырандай

Біздің топ та самғайды

Бағдат Топтың аты – «Бәйтерек»

Ұраны- Спортпенен достамыз

Жалқаулықпен қоштасамыз.

Бүгінгі мынау додоға

Бәйтерек боп келіппіз

Тамырын жайған тереңге

Біз де сондай алыппыз

2-жүргізуші: «Қаппен секіру»

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа,деп қаппен секріруден жарыс ұйымдастырамыз.Екі қатардағы топбасшы бастап белгіленген межеден бастап айналып келеміз.

1-жүргізуші:  «Құлаққаппен ән тыңдау» ойыны

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ал енді менде мынадай сұрақтар бар.Ойымызды жинақтап жауап берейік. Қай топтың балалары дұрыс жауап берер екен .

1.Қазақ елі 16-желтоқсанда қандай мерекені тойлайды(Тәуелсіздік )

2.Тәуелсіздігімізді алуға бар жандарын салып ,елімізді азат еткен аға апаларымыз кімдер?(Ләззат, Қайрат ,Сабира, Ербол)

3. ҚР Президенті кім?Н.Ә.Назарбаев

4. Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

5. Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

6. Ауылымызға іргелес жатқан қай теңіз?

7. Әкеміздің әкесін кім деп атаймыз?

8. ҚР көрші мемлекеттер?(Ресей Қырғыз Түркия)

9.Ұлттық тіліміз қандай?қазақ

10.Қазақ тілінде неше әріп бар? 42әріп

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ал енді менде мынадай сұрақтар бар.Ойымызды жинақтап жауап берейік. Қай топтың балалары дұрыс жауап берер екен .

1.Қазақ елі 16-желтоқсанда қандай мерекені тойлайды(Тәуелсіздік )

2.Тәуелсіздігімізді алуға бар жандарын салып ,елімізді азат еткен аға апаларымыз кімдер?(Ләззат, Қайрат ,Сабира, Ербол)

3. ҚР Президенті кім?Н.Ә.Назарбаев

4. Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

5. Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

6. Ауылымызға іргелес жатқан қай теңіз?

7. Әкеміздің әкесін кім деп атаймыз?

8. ҚР көрші мемлекеттер?(Ресей Қырғыз Түркия)

9.Ұлттық тіліміз қандай?қазақ

10.Қазақ тілінде неше әріп бар? 42әріп

Сайыс кезеңдері өз мәресіне жетті,ендігі кезекті әділ қазылар алқасына береміз.Марапаттау

2-жүргізуші:

Үлгі бізге ағалардың ерлігі

Ұлағаты , өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ - болар елдің ертеңі,- дей келе балалардың орындауындағы «Тәуелсіз ел ұланы» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, балаларымыз бақытты болсын. Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12