400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Елімнің кішкентай патриоты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтыру, ойлары мен тілдерін дамытып, дүниетанымдарын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: «Елімнің кішкентай патриоты»


Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтыру, ойлары мен тілдерін дамытып, дүниетанымдарын кеңейту.

Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, Отан туралы нақыл сөздер, тақпақтар.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелету.

Оқу іс-әрекетінің барысы.

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!


  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

Біз елімізді жақсы көреміз бе, олай болса елімізге, жерімізге тілек білдірейік.

  • Елімізде тыныштық болсын!

  • Еліміз бай болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Жеріміз бай болсын!

  • Бар әлемге бейбітшілік тілеймін!


Гимн орындалады.

  • Балалар, гимн бізді отансүйгіштік сезімге бөлейді. Біздің гимн мемлекет басшылары бір-бірімен кездескенде, үлкен жиындардың ашылуында жне өз балабақшамызда күнде таңертең орындалады. Ал, балалар, мынау еліміздің бас қаласы «Астана». Елордамыздың басты символы «Бәйтерек». Астана – үлкен, әдемі қала. Елдегі ең биік, зәулім үйлер осында. Балалар, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің үш мемлекеттік рәмізі бар, оны барлық адамдар құрметтейді. Оларды кім атап береді?

  • Ту, елтаңба, гимн.

  • Дұрыс айтасыңдар, ал біздің туымыз қандай түсті

  • Біздің ту көк түсті.

  • Жарайсың, туымызда не бейнеленген?

  • Туда алтын күн, қыран құс, ою – өрнек бейнеленген.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар!

(туда, елтаңбада бейнеленген суреттер не білдіретінін айта отырып, тақтаға ілу)

  • Балалар, көк түс - адалдыкты, тазалықты, шындықты білдірсе, күн - әмір күші, күннің жылуымен уақыт, айлар, күндер өлшенеді. Қыран құс - еркіндіктің, тәуелсіздіктін белгісі. Ол алға қойған мақсатқа, болашаққа самғайды.

  • Ал, мемлекетіміздің елтаңбасы - геометриялық пішін - дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ (әрбір үйдің бірлігі, тыныштығы күн әрбір үйге жарық сәуле шашады). Киелі қос тұлпар (адам баласының досы), бес жұлдыз (барлық жер шарына құшағымыз ашықтығын білдіреді.)


Отан жайлы кім тақпақтар біледі?

Егор: Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Алишер: Бақытты боп жүргенім ,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағында гүл атам.

Айя: Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені онда мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі,

Бәйтерекке ұқсайық.

Дидактикалык ойын: «Кім не біледі?»

  1. Біздің еліміз қалай аталады?

  2. Отан дегеніміз не?

  3. Біз қай тілде сөйлейміз?

  4. Отанымызды жақсы көреміз бе?

  5. Біздің Елордамыз қай қала?

  6. Біздің Президентіміз кім?

  7. Қазақстан рәміздерін ата.

  8. Қазақстан рәміздері туралы өлең жолдарын айтып бер.

  9. Қимыл-қозғалыс ойыны «Кім жылдам?»


Флеш – моб: «Менің Қазақстаным!»

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Еліміздің рәміздерін кұрметтеу керек екенін түсінді.

Игереді: Еліміздің рәміздерін білді.

Қолдана алады: Әңгімелеп айтуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі