Материалдар / "Елін қорғау - елге серті"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Елін қорғау - елге серті"

Материал туралы қысқаша түсінік
ттбьбьтлбото орио
Авторы:
08 Желтоқсан 2023
81
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып жетекшінің бала тәрбиесіндегі рөлі



Жаңа қазақстанның бүгіні мен ертеңі, болашағы – ұрпақ қолында десек сол ұрпақты тәрбиелеп, мақсат-мүддесін, арманын ұштайтын тұлға – ол сынып жетекші.

Мұғалім – ұрпақты біліммен сусындатып, оң солын танытса, заман талабына сай тұлға тәрбиелесе, соның ішінде сынып жетекшіге жүктелетін міндет одан да жоғары.

  1. Білімді, сауатты

  2. Мейірімді, сыпайы

  3. Тәрбиелі, үлгі бола алатын

  4. Баланы жақсы көретін

  5. Адамгершілігі мол, қайырымды жан болу керек.

Сынып жетекші – баланы жан-жақты тәрбиелейтін, оны қорғай алатын, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген рухани деңгейі биік, іскер, талапты да, талантты жан.

Тәрбие ісінде жеке басының өнегесі де өте зор қызмет атқарады.

«адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын, жеке басының үлгісімен тәрбиелеу оңай» - деген екен Рим философы.

Сыныпта әр отбасының ұлы мен қызы, еркесі мен елігі болады. Сол әр баланың жетекшісінің міндеті.

Сынып жетекші – баланың екінші анасы, әкесі бола алу керек. Сыныптағы баланың қуанышы мен қайғысын түсіну, оған өз баласына қарағандай қарау, түсіну, қуанышына бірге қуану сынып жетекшінің ісін жеңілдетеді.

Бала жас шыбық қалай мәпелеп, тәрбиелесе солай өсіп шығады. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқып түсінген мұғалім ғана – сынып жетекші, баланың ата-анасының рөлін атқара алады. Заман талабына сай қазіргі жас ата-аналар баласының сынып жетекшісі сөздерін таңдап әр түрлі пікір білдіріп жатады. Қазіргі жас ұрпақ көп ақпаратты ғаламтордан алады, бірақ сол ақпараттың жақсы мен жаманын айыра алмай қателікке ұрынары хақ. Сол кезде шәкіртінің дұрыс жолға түсуін, ақпараттың дұрысын таңдатып, оны өз қажеттілігіне жаратуға тәрбиелеу, ақыл-кеңес беру де сынып жетекшінің міндеті. Қазіргі заманда ата-ана баланың тәрбиесін мектепке, соның ішінде сынып жетекшіге міндеттейді. Сол үшін сынып жетекші бала мен бірге ата-ана тәрбиелей білу керек. Күнделікті ақпарат көздерінен болып жатқан оқиғалар, соның ішінде бала іс-әрекетін естіп, көріп қиналасың . . . Сондай іс-әрекетке бармау үшін сынып жетекшімен ата- ана бірігіп дос, бауыр болу керек. Ата-анамен сынып жетекші біріккен жағдайда келеңсіз оқиға болмайды. Ата-ана сынып жетекшінің айтқан ойын қолдап, оның жұрыс екенін, сынып жетекші баланың екінші ата-анасы, тәлім-тәрбие беретін, әрқашан қорғап отыратын жан екенін ұғындыру керек. Бала ер жеткен кезде сынып жетекшісінің айтқан ақыл-кеңесін үнемі есіне алады.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында екені айқын. Балға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы деп ұлы ғалым Әл-Фараби айтқанына келісемін. Тәрбие тал бесіктен демекші жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу үшін жұмыстануымыз керек. Мен, өз сынып жетекшілігімде Мағжан Жұмабаевтың «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң сол күйі ------қалады. Қисық иілген шыбықты түзеймін деп сындырып алуымыз мүмкін» деген ойын үнемі есіме алып отырамын.Бастауыш сынып болған соң, мектепті пәк ақ қағаздай таза көңілменаттаған баланы сүріндірмей алға жетелегім келеді.

Бала тәрбиелеу нағыз өнер, сондықтан сыныптағы әр шәкіртімнің жақсы, тәрбиелі болғанын қалаймын. Тәрбие сағаттарында тіпті үзіліс кезінде баламен сөйлесіп ой қиялын дамытып, келешек өмірдің тұтқасы екенін ьтүсіндіре беремін.

Олар менің айтқаным дұрыс деп түсінсе менде олардың пікірімен келісіп отырамын. Адам кемшіліксіз болмайды, сол кемшілікті үнемі айта берсе, бала – өзіне деген сенімін, мүмкіншілігін жоғалтады. Сол кемшілікті жою үшін баланың сәл болсада жақсылығн айтып қуанту арқылы баланы өзіме тартамын. Балалар кейде ата – анасына айта алмаған сырын сынып жетекшілег айтып отырады, көмек күтеді, өзін шын көңілмен түсінеді деп ойлайды. Сол сенімнен шыққым келеді.

Мен оқушыларымды сүйемін, жақсы көремін және сол мендегі сүйіспеншілік оқушыларымның жүрегінде де бар екеніне қуанамын.

Мен ұстаз – бағбанмын, өз еңбегімнің жемісін көрсетер шәкірттерім болғанына қуанамын, мақтанамын. Бұл шәкірттерім менің алғашқы сыныбым, сондықтан олар менің жүрегімде орын алары хақ.

Сынып жетекшінің бала тәрбиесіндегі рөлі – ол ұстаз, жетекші, әке мен ана. Сондықтан бала тәрбиесіндегі оның алар орны ерекше. Заман ағымына сай тәрбиелі,білімді, адамгершілігі –ол ұрпақ тәрбиелей берейік. Қазіргі қандай маман иесі болса да, ол ғалым, ол әкім бәрі – осы сынып жетекші -----------көрген, ақыл-кеңес алып, өз арманының орындалуына алғаш жол салған адам деп түсінеді.

Сыныпта, мектепте------ әртүрлі шаралар, оған оқушы қатыстыру мен әзірлеу, қолдау көрсету сынып жетекшіге жүктеледі. Шарада сыныбы озып нәтиже көрсетсе оны қолдау, марапаттау баланың өмірге деген құлшынысын, достарының арасында беделін арттырады.

Сынып жетекшінің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру туралы эссемді қорытындылай келе: «Мектептегі биік тұлға – сынып жетекші» - деген ойдың астарында көп мән бар.

Болашақ ұрпақ тәрбиесінде атқаратын рөлі зор. Сыныптағы әр баланың мінезімен санасу, жақсы жағын марапаттау, басқаларға үлгі ету баланың арманын ұштауына жол ашады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!