жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Елін сүйген - Елбасы
«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы»
Мақсаты:балаларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Отаның сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру. Өз еліне, өз жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету. Патриоттық сезімге баулу.
Көрнекілігі:Елбасының, Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, Астананың көрікті жерлерінің суреттері,видеоролик.
Тәрбиеші:
- Балалар, біздің яғни, Қазақстан
Республикасының Президенті кім екенін
білеміз бе?
Балалар:
- Білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: -Біздің еліміз қай ел?
Балалар: -Қазақстан
Тәрбиеші: - Астанамыз қай қала?
Балалар:
-Астана
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны
орындалады.
Балалар: - Балалар бүгін Президент күніне арнап Астанаға саяхат жасайық.
Тәрбиеші: -Саяхатқа қандай транспортпен баруға болады?
Балалар: - Поездпен, ұшақпен, автобуспен
Тәрбиеші: -Ой , балалар , естимісіңдер пойыздың дауысы естілді.
Тәрбиеші: Міне пойыз да келіп қалды. Пойызға мінбес бұрын бізге не керек?
Балалар: -Билет
Әрине билетен, сендерге билет алдым, барлығыңа жетер ме екен, санап көрейікші.
Барлық жолаушылар орындарыңды тауып отырыңдар.
Ендеше балалар жолымыз қысқа болу үшін біраз серігіп, ән айтайық.
Ән: «Отаным»
1 аялдама: Ақорда
Ақорда- ҚР-ның Президентінің резиденциясы. Біздің Елбасымыздың атқаратын
жұмыс орыны балалар. Ақорданың түсі қандай болып тұр?(Елбасының жұмысқа баруы видеоролик көрсету)
Тақпақтар;
Туып өскен жер екен,
Орман,тоғай,
көл екен,
Асқар таулы,бел екен,
Ел
қорғаған ер екен Алексей
Жасыл жайлау,жер екен,
Көктегі
әсем нұр екен,
Мен,сен және ол
екен
Қазақстан елі екен!
Раяна
Уа,алтын
күн!
Нұр бейнеңді маған бе
Өрле
күнім жарқырап,
Бар әлемді жарқырат.!
Ералы
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің
сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің
сен, Отан!
Варвара
Қазақ
жері - Қазақстан,
Мөлдіреген ашық
аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным
сен – Қазақстан Дария
2 аялдама: Бәйтерек.
Астана қаласының сол жағалауында Астана-Бәйтерек монументі орналасқан. Бәйтерек монументінің салу идеясы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев екен.
Бәйтеректің жоғарғы бөлігі қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Қандай түсті байқадыңдар?
Туған
жердің әр тасы
Маған ыстық
қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын
–ер боламын! Санжар
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды. Мадина
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды. Зере
Туған
жерің ата-анаң
Отаным деп атаған
Отан
досың,туысың,
Отан
алтын босағаң
Азамат
3 аялдама: Пирамида
Пирамида- Бейбітшілік және Келісім сарайы. Мұнда мұражайлар, көрме залдары, кеңселер бар. Пирамида қандай пішінге ұқсайды? Түсі қандай?
Тақпақтар;
Отан -
сенің ата-анаң,
Отан -
досың, бауырың.
Отан -
өлкең, астанаң,
Отан -
аудан, ауылың. Влад
Отан осы,
достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан»
деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе
біл.
Камшат
4 аялдама: Думан.
Думан ойын-сауық кешені. Бұл кешенде океанариум, онда 200-ға жуық балықтар түрлері бар. Және Джунгли аттракционы бар. Балалар енді осы соңғы аялдамаға тоқталып, ішін жақсылап аралап, танысып шығайық.
Тақпақтар
Бақытты
боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім
менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Бекзат
Шығысыңнан
арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен
бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Даяна
Отан -
жерім, Отан -
суым,
Отан -
қуат, нәр береді.
Отан -
ұран, Отан туым,
Отан мәңгі
гүлденеді.
Мади
Отан
үшін жанымызды береміз,
Отан үшін
барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың
да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп
кетеміз.
Еркежан
-Балалар бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Олай болса топқа қайтайық. Пойызға жайғасайық. Жолымыз тағы қысқа болу үшін, өзіміздің сүйікті әнімізді айтайық.
Ән: Атамекен
Міне топқа да келіп жеттік.
Балалар сендерге бүгінгі Астана қаласына саяхат ұнады ма?
Қандай зәулім үйлер көрдіңдер?
Қалай аталада?
Бүгінгі саяхатымыз туралы ата- аналарыңа, әпке-қарындастарыңа, аға- інілеріңе айта барыңдар. Аспанымыз әрдайм ашық, достық, бірлік болсын.
Құрметті
балалар, бүгінгі біздің саяхатымыздың
мақсаты - Бүгінгі тәрбие сағатымызда
өз еліне, өз жеріне деген мақтаныш
сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық
сезімдерін тереңдету. Патриоттық сезімге
баулу саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар
артық болмас.«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні бар»демекші, халқын сүйетін,
еліне адал қызмет ететін, тілінің,
жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің
жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда,
құрметті балалар.
«Қызғалдақ» орта тобының «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағатына талдау
«Қызғалдақ» орта тобының тәрбиешісі: Б.С. Каримова.
Күні:30.11.2018
Қатысқан бала саны :7
Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты балаларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Отаның сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру. Өз еліне, өз жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету. Патриоттық сезімге баулу.Топ мерекеге сай безендірілді. Елбасының, Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, Астананың көрікті жерлерінің суреттері, видеоролик, үнтаспа. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.
Балаларға тосын сый жасап, Президент күніне орай Астана қаласына саяхат жасауға ұсындым. Балалар қуана келісті. Пойыздың келе жатқан дыбысын естіп, жолға билет алып пойызбен шықтық. Пойызда бос отырмай «Отаным» әнің орындадық. Астанаға келіп жеттік. 1Аялдамамыз Ақорда болды. Елбасымыз жұмысқа бара жатқаның видеороликтан корсетіп, Ақордаға тоқтап Ақордамен таныстырдым. Келесі аялдама : Бәйтерек. Астана қаласының сол жағалауында Астана-Бәйтерек монументі орналасқан. Бәйтерек монументінің салу идеясы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев екен. Бәйтеректің жоғарғы бөлігі қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Қандай түсті байқадыңдар? Балалар қойылған сұрақтарға толық, жақсы жауап берді.Келесі аялдама Пирамида
Пирамида- Бейбітшілік және Келісім сарайы. Мұнда мұражайлар, көрме залдары, кеңселер бар. Пирамида қандай пішінге ұқсайды? Түсі қандай? Балалар сұрақтарға жақсы жауап бере алды.Ақырға аялдамамыз Думан.
Думан ойын-сауық кешені. Балалар енді осы соңғы аялдамаға тоқталып, ішін жақсылап аралап, танысып шықты.Өздерінің білетіндерін, көргендерін айтты. Сонымен қатар Астананың басқа да көрікті жерлерімен танысты. Мерекеге дайындап келген тақпақтарын айтып, үйге қайтатын уақыт да болып поезға отырып қайттық. Жолда балалар «Атамекен өленің орындады. Поездан түскеннен кейін балалар саяхатта қайда барғандарын, не білгендерін, алған әсерлерін айтты. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті.
«Қызғалдақ» орта тобының «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағатына фото отчеті
«Қызғалдақ» орта тобының тәрбиешісі: Б.С. Каримова.
Балалар Әнұран айту үстінде Астанаға пойызбен жол жүру сәтіміз
1 аялдама: Ақорда 2 аялдама: Бәйтерек.
4 аялдама: Думан Тақпақ айтып болған сәттері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген