400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елін сүйген - Елбасы" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп,болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елін сүйген - Елбасы»


Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің Рәміздерімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайту; тілін дамыту.
Жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалар анық өшпес алтын әріппен.


Бар әлемге шын танылдық міне біз

Елін сүйген Елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсылтан мен Қазақстан тұр егіз.

Армысыздар апайлар мен бүлдіршіндер! Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
«ЕрТөстік» бүлдіршіндерінің 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

«Шаттық шеңбері»
Бір шаңырақ астында
Тату - тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сайран құрамыз

Жүргізуші: Хор. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ГИМНІ
Сөзі: Ж. Нәжімеденов
Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов

- Балалар, біздің мемлекетіміздің аты қандай?
- Қазақстан Республикасы (балаларға қайталаттыру)
- Біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Балалар қазіргі елбасымыз Қасым-Жомарт Токеев.
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Нұрсұлтан
- Біздің тіліміз қандай?
- қазақ
Балаларға Елбасы туралы түсінік беру
Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне, сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады.
Жүргізуші: Ән: «Отан»

Би: «Қара жорға» орындайтын бүлдіршіндер

Жүргізуші: - Балалар,мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайықшы?
Нұрдос:
Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Айкөркем:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтті елін қазақтың.

Кәусәр:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Жания

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


Дәулет:
Жасай бер елім, Қазағым!
Жасай бер ағам, Елбасым!


Анель:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы


Амира:

Қазағымның туын тіккен — Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,

Қазақ елін аялаған — Елбасы,

Қиындықта сая болған — Елбасы.


Аяулым:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып


Назым:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.


Ақниет:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз


Би: «Көк тудың желбірегені» әніне жалаушамен би билеу.
Бір топ балалардың орындауында
Ән: «Қошақаным» орындайтын
Жүргізуші:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.

Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.

Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!


- Құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі біздің 
тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі